
Бұқаралық спорт:
2025 жылдың басынан бері Алматы қаласында жалпы саны 380 мыңнан астам адамды қамтыған 3 200-ден астам бұқаралық спорттық іс-шара өткізілді. Олардың ішіндегі ең маңыздылары:
Сонымен қатар, 2025 жылы Ұлы дала ойындары, Almaty Marathon, ATP-250 Almaty Open, үстел теннисінен WTT Contender турнирі және басқа да ірі халықаралық жарыстарды қоса алғанда, 35 халықаралық турнир өткізілді.
Бұдан бөлек, 2024/2025 жылғы маусымда қаланың 8 ауданында 17 мұз айдыны анықталды, оның ішінде 12-сі — ашық әлеуметтік мұз айдындары, 5-еуі — инвесторлар есебінен салынған. Мұз айдындарының аумағы 500 м²-ден 1 900 м²-ге дейін болды. Барлық мұз айдындарының бір маусымдағы жалпы өткізу қабілеті 300 000 адамнан асты.
Спорттағы жетістіктер:
2025 жылы 6 187 спорттық атақ берілді — бұл 2024 жылмен (5 426 атақ) салыстырғанда 14 %-ға көп. Оның ішінде Қазақстан Республикасының 8 еңбек сіңірген спорт шебері және 117 халықаралық дәрежедегі спорт шебері бар.
2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына Алматыдан 2 376 спортшы дайындалды: 853-і — негізгі құрамға, 713-і — жастар құрамасына және 296-сы — жасөспірімдер құрамасына. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 7,8 %-ға артық. Жалпы, ұлттық құраманың шамамен үштен бірін алматылық спортшылар құрайды.
Қала спортшылары ресми жарыстарда барлығы 5 562 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 4 112 медаль — Қазақстан чемпионаттарында, 212 медаль — Әлем кубогы кезеңдерінде, 362 медаль — Азия чемпионаттарында, 188 медаль — Әлем чемпионаттарында және 688 медаль түрлі халықаралық турнирлерде иеленілді. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда (5 102 медаль) 9 %-ға жоғары.
Бейімделген спорт:
Мүмкіндігі шектеулі 2 518 адам спортпен жүйелі түрде шұғылданады (10,7%), оның ішінде 1 581-і — балалар. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 19 адамға артық (+0,1%).
2025 жылы клуб спортшыларына 438 спорттық атақ беріліп, 48 жарыста 462 медаль жеңіп алынды. Оның ішінде 180 алтын, 142 күміс және 140 қола медаль бар. Токиода өткен XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарына клубтың 12 өкілі қатысып, 2 күміс және 2 қола медаль иеленді.
Бұқаралық спортты дамыту аясында «Алматы» спорт клубы 17 спорт түрі бойынша 39 жарыс өткізіп, 2 300 адамды қамтыды.
Дәстүрлі «Жігер» спорт фестивалі жыл сайын ұйымдастырылады. 2025 жылы оған қаланың әр ауданынан спортшылар, сондай-ақ қоғамдық және спорт ұйымдарының өкілдері қатысып, қатысушылар саны 1 000 адамнан асты.
«Жас қанат», «Алатау» және «Құлагер» дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінде көзі көрмейтін балалар үшін жүзуден тегін сабақтарға уақыт бөлінген. Қамтылғандар саны — 30 бала.
Аутизм спектріндегі бұзылыстары бар балаларға арналған бейімделген тау шаңғысы жобасына 800 бала қатысты.
Спорттық инфрақұрылым
Алматы қаласында 3 638 спорт нысаны жұмыс істейді. 2025 жылы спорт инфрақұрылымымен қамтылу деңгейі 2024 жылғы 54,6 %-дан 56,1 %-ға дейін артты. Оның ішінде: спорт залдарымен қамтылу – 78,3 % (тапшылық – 39,5 мың ш.м), бассейндермен қамтылу – 31 % (тапшылық – 39,2 мың ш.м).
Бейімделген спортты дамыту мақсатында Алматыда Райымбек даңғылы, 312 мекенжайында инклюзивті спорт орталығының құрылысы жүргізілуде. Кешен 21 спорт түріне арналған және бір ауысымда 100 адамды қабылдауға есептелген. Бұл паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және инклюзивті спортпен шұғылдану мүмкіндігін едәуір кеңейтеді.
Сонымен қатар, жалпы ауданы 7 400 ш.м, тәулігіне 600-ден астам адам қабылдай алатын бассейні бар «ЖасҚанат» дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.
№9 спорт мектебінің ғимаратына сейсмикалық күшейту жұмыстарын қамтитын күрделі жөндеу басталды.
«Тұлпар» ат-спорт кешені коммуналдық меншікке қайтарылып, қазіргі уақытта Спорт басқармасының теңгеріміне беру рәсімі жүргізілуде.
Жеке инвестициялар есебінен:
– Алатау ауданында құны 1 млрд теңгеден асатын Теннис орталығы пайдалануға берілді;
– Жоғары спорт шеберлігі мектебіне іргелес аумақта дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.