
Алматы қаласының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы сейсмикалық қауіпсіздік, азаматтық қорғау және қорғаныс, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық қорғаныс салаларында мемлекеттік саясатты іске асырады, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды үйлестіреді.
Алматы қаласының аумағында топырақ көшкіні қаупін азайту мақсатында 2025 жылы Наурызбай, Медеу және Жетісу аудандарында орналасқан көшкін қаупі бар 9 учаскеде көшкінге қарсы іс-шаралар басталды. Жұмыстар 2025 жылдың IV тоқсанында қолға алынды, аяқталу мерзімі — 2026 жылғы мамыр. Құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалу деңгейі учаскеге байланысты 10%-дан 80%-ға дейін.
Жұмыстарды «Болашақ Құрылыс-S» ЖШС және «Заман Құрылыс» ЖШС мердігер ұйымдары жүргізуде. Іс-шараларды іске асыру аясында негізді дайындау, беткейлерді тазалау, габион конструкцияларын орнату, авариялық-құтқару және бекіту жұмыстары атқарылды, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік иелерімен байланысты мәселелер реттелді.
Медеу ауданында 62 учаскеде көшкін қаупіне бағалау жүргізілді. Соның нәтижесінде 22 учаскеде қауіп деңгейі жоғары, 31 учаскеде орташа, 8 учаскеде төмен екені анықталды.
Барлық учаскелер бойынша География және су қауіпсіздігі институтының қорытындылары алынып, материалдар басқарушылық шешімдер қабылдау үшін Медеу ауданы әкімдігіне жолданды.
Күшті жер сілкіністері туралы автоматтандырылған ерте ескерту жүйесін енгізу аясында 2025 жылы 30 сейсмикалық станция орнатылды (өндіруші — Швейцария, GeoSIG).
Жаңа станциялар бұрын орнатылған және жұмыс істеп тұрған 28 станциямен біріктірілді. Жоба «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ғылыми орталығы» ЖШС-мен бірлесіп іске асырылуда.
2026 жылдың соңына дейін қаладағы сейсмикалық станциялар санын 70 бірлікке жеткізу жоспарланып отыр.
2025 жылы Алматы қаласындағы мектептерде контейнерлік үлгідегі 100 мобильді қорғаныс құрылыстарын орнату жұмыстары аяқталды. Мердігер — «KazMC Group» ЖШС. Алматы қаласының Құтқару қызметі контейнерлерді шатырлармен және авариялық-құтқару мүлкімен жабдықтауды жүзеге асыруда.
Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға халықты оқытуға арналған симуляциялық-оқу-әдістемелік орталық (СОӘО) құру жобасын іске асыру жалғастырылды. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп бітті, сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы алынды, жоба мемлекеттік сараптамаға жолданды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау 2026 жылға жоспарланған.
Жұмылдыру дайындығы және азаматтарды әскерге шақыру
2025 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру көктемгі және күзгі кезеңдерде жоспарлы тәртіпте өткізілді.
2025 жылға арналған жалпы мемлекеттік шақыру жоспары 3 533 адамды құрады. Нақты шақырылғандар саны — 3 547 адам, бұл белгіленген тапсырманың 100,3 %-ын құрайды.
Күштік құрылымдар бойынша бөлінісі:
Мемлекеттік жоспар — 467 адам, шақырылғаны — 467 адам (100 %)
Көктемгі шақыру: жоспар 240, шақырылғаны 240
Күзгі шақыру: жоспар 227, шақырылғаны 227
Мемлекеттік жоспар — 1 867 адам, шақырылғаны — 1 972 адам (106 %)
Көктемгі шақыру: жоспар 910, шақырылғаны 930
Күзгі шақыру: жоспар 957, шақырылғаны 1 042
Мемлекеттік жоспар — 60 адам, шақырылғаны — 63 адам (105 %)
Көктемгі шақыру: жоспар 30, шақырылғаны 30
Күзгі шақыру: жоспар 30, шақырылғаны 33
Мемлекеттік жоспар — 48 адам, шақырылғаны — 48 адам (100 %)
Көктемгі шақыру: жоспар 28, шақырылғаны 28
Күзгі шақыру: жоспар 20, шақырылғаны 20
Мемлекеттік жоспар — 1 091 адам, шақырылғаны — 997 адам (91 %)
Көктемгі шақыру: жоспар 491, шақырылғаны 458
Күзгі шақыру: жоспар 600, шақырылғаны 539
Шақыруды ұйымдастыру және өткізу жұмыстары тұрақты бақылауда болып, мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асырылды. Келесі шақыру 2026 жылғы 1 наурыздан бастауға жоспарланған.
2025 жылы басқарма желісі бойынша «AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы іс-шараларының орындалуы қамтамасыз етілді, оның ішінде:
2025 жылдың қорытындысы бойынша басқарма қалалық қауіпсіздік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту, төтенше жағдайлар тәуекелдерін төмендету және азаматтық қорғау күштерінің дайындық деңгейін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізді.