Лого

Меню

Страницы

Статья

2025 жылғы Алматы қаласы цифрландыру басқармасының қызмет нәтижелері туралы ақпарат

  1. «Ialma.kz» жобасы – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтеріне өтінім беру рәсімін жеңілдету құралы ретінде құрылды.

Порталда Алматы қаласының үш коммуналдық қызметі бойынша 62 қызмет түрі ұсынылған:
АлматыСу
АлматЭнергоСбыт
Алматинские тепловые сети

Жобаның жұмыс істеу кезеңінде 41 000-нан астам өтінім қабылданды. Ең сұранысқа ие қызметтер:

  • жылжымайтын мүлік иесі туралы деректерді жеке шотта өзгерту;
  • мекенжай бойынша тұратын адамдар санының өзгеруі туралы хабарлау;
  • шарттар жасасу және техникалық шарттар алу.

Өтінімдерді беру және өңдеу рәсімдерін жеңілдету әртүрлі ақпараттық жүйелерден деректерді барынша автоматты түрде алу арқылы жүзеге асырылды.

Мысалы, бұрын мекенжай бойынша тіркелген адамдар саны өзгерген жағдайда коммуналдық қызметтер азаматтардан eGov порталының жеке кабинетінен скриншот талап ететін. Қазіргі уақытта бұл деректер сервиске сұраныс жіберу арқылы автоматты түрде алынады.

Порталдың дамуы мен танымал болуына негізгі серпін жылжымайтын мүлік иесін өзгерту қызметінің толық проактивті форматын іске қосу болды. Бұл жоба ҚР ЦДИАӨМ және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлескен пилоттық жоба аясында жүзеге асырылды.

Жүйе жылжымайтын мүлік иесінің өзгеруін автоматты түрде анықтайды, содан кейін жаңа иесіне коммуналдық қызметтер бойынша жеке шоттарды жаңарту туралы ұсыныс жібереді.

Келісім беріліп, дербес деректерге қол жеткізуді бақылау жүйесі арқылы растаудан кейін қызмет көрсетушілер бойынша өтінімдер автоматты түрде қалыптастырылады. 1–7 күн ішінде жаңа иеге өзгерістердің сәтті енгізілгені немесе негізделген бас тарту туралы хабарлама жолданады (мысалы, нысан тиісті жеткізушімен қызмет көрсетілмеген жағдайда).

Осылайша, жаңа меншік иесіне коммуналдық қызметтерге қосымша жүгіну немесе өтінім толтыру қажет емес. Тек келісім беру жеткілікті, ал келесі айда төлем құжаттары өз атына рәсімделіп келеді.

Коммуналдық қызметтер үшін бұл меншік иелері деректерінің үнемі жаңартылып отыруын қамтамасыз етеді және әкімшілік рәсімдерді айтарлықтай жеңілдетеді.

 

  1. «Алматы қаласы әкімдігінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтері» жобасы
    (информаттандырудың сервистік моделі бойынша)

Алматы қаласының Цифрландыру басқармасы әкімдіктің барлық құрылымдық бөлімшелерін қамтитын ақпараттық қауіпсіздіктің аутсорсингтік моделін іске асыруда.

Жобаның мақсаты – азаматтар мен мемлекеттік органдардың деректерін вирустардан, кибершабуылдардан және ақпараттың сыртқа шығуынан кешенді қорғау. Алматы қаласы әкімдігі үшін бірыңғай, орталықтандырылған басқарылатын ақпараттық қауіпсіздік жүйесі құрылды.

Қазіргі таңда жүйе 33 мемлекеттік мекемені және 12 әкімдік ғимаратын қамтиды. Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы 24/7 режимінде жұмыс істейді.

Мониторинг және әрекет ету жүйесіне 628 соңғы құрылғыны қорғау көзі қосылған, 139 әрекет ету ережесі бапталған.

Есептік кезеңде 20 мыңнан астам инцидент, оның ішінде критикалық және жоғары деңгейдегілері тіркелді. 1 006 жұмыс станциясы мен серверде техникалық қорғау шаралары жүзеге асырылды. 32 кеңседе желілік периметр қорғалған.

Трафикті сүзу, желіні сегментациялау және қорғау құралдарын орталықтандырылған басқару қамтамасыз етілді. Ақпараттық жүйелердің осал тұстарын тұрақты анықтау жүргізілуде. Сканерлеу нәтижесінде әртүрлі критикалық деңгейдегі 1 275 осалдық анықталды. Бұл деректер жұмыстарды басымдық бойынша жоспарлау және тәуекелдерді төмендету үшін қолданылады.

Пайдаланушылардың есептік жазбаларын орталықтандырылған басқару енгізілді. Әкімшілердің артықшылықты әрекеттеріне бақылау орнатылды, қызметкерлерге ақпараттық қауіпсіздік талаптары бойынша оқыту жүргізілуде.

Деректердің сыртқа шығуын болдырмау жүйесі жұмыс істейді.

Есептік кезеңде 18 қызметкер бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану ережелерін бұзудың 60 фактісі тіркелді. Бұл ақпарат басқарушылық шешімдер қабылдау үшін пайдаланылады. Қазіргі уақытта барлық жұмыс станцияларының аудиті жүргізілуде.

Жобаны іске асыру 2027 жылға дейін жоспарланған және киберқорғауды нығайтуды, жаңа технологияларды енгізуді, сондай-ақ қызметкерлердің біліктілігін арттыруды көздейді.

 

III. «Алматы қаласы әкімдігінің Ахуалдық орталығы» жобасы

Ахуалдық орталық – қалалық деректерді кешенді талдау негізінде басқарушылық шешімдерді қолдауға арналған интеграцияланған ақпараттық-талдамалық платформа.

Платформа әлеуметтік-экономикалық үдерістерді терең талдауға мүмкіндік береді және мониторинг, болжау, негізделген шешімдер қабылдау құралдарын ұсынады.

Негізгі міндеттері:

  • мемлекеттік органдарды жоспарлау мен басқаруға қажетті өзекті аналитикамен қамтамасыз ету;
  • қала тұрғындарына қалалық ортаның дамуы және жекелеген салалардың жұмысы туралы ашық ақпарат ұсыну;
  • интеллектуалды талдау, болжау және ұсынымдар қалыптастыру құралдарын іске асыру.

Қазіргі таңда деректер базасы мыналарды қамтиды:

  • әлеуметтік нысандарды, коммуникацияларды, тұрғын үйлерді және басқа объектілерді қамтитын 70-тен астам ГАЖ қабаты;
  • 40-тан астам дереккөзі (қалалық, жеке, мемлекеттік және квазимемлекеттік жүйелер). 2025 жылы денсаулық сақтау және білім беру саласындағы республикалық жүйелермен интеграциялау басталды;
  • жер сілкінісі, өрт және басқа оқиғаларды қоса алғанда 10 000-нан астам қалалық даму индикаторы;
  • 55-тен астам модуль мен сервис.

 

  1. «Алматы қаласының Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі» жобасы (ЕСВМ)

Қоғамдық қауіпсіздік саласында «Алматы қаласының Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі» (ЕСВМ) жобасы іске асырылуда. Жоба 2022 жылдан бері TargetAI компаниясымен жүзеге асырылып келеді және елдегі ең ірі бейнебақылау камералары паркіне ие – 65 675 камера.

Жобаның мәні – барлық камераларды TargetAI бағдарламалық платформасына орталықтандыру және құқық қорғау органдарынан бастап қалалық басқаруға дейінгі кең ауқымды міндеттерді жасанды интеллект көмегімен шешу.

ЕСВМ бірнеше рет ҚР Президентіне және шетелдік делегацияларға таныстырылды. Computer Vision саласындағы ИИ шешімдері, бейнеағындарды талдауға арналған 30-дан астам нейрондық желі қолданылады.

2024 жылы ЕСВМ ҚР ЦДИАӨМ-нің сыни маңызды ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің тізіліміне енгізілді.

ІІМ, ҰҚК және Бас прокуратура желісі бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыскерлерді жүйелі түрде ұстау бойынша нақты нәтиже расталды.

Қазіргі уақытта жүйеге 65 675 бейнекамера қосылған.

Жүйе келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:

  • тұлғалар мен көлік нөмірлерін тану;
  • камералар арасындағы объектілер қозғалысын қадағалау;
  • инциденттерді, қауіпті жағдайларды, түтін мен отты анықтау;
  • мердігерлерді бақылау үшін қоқыс контейнерлерінің толу деңгейін анықтау;
  • ситуациялық орталыққа арналған аналитикалық деректерді қалыптастыру.

2025 жылғы мамырдан бастап қоқыс контейнерлерінің толуын анықтайтын жаңа модуль іске қосылды. 2025 жылдың 4-тоқсанында 300-ден астам өтінім өңделді. Жүйе білім беру, балабақша және денсаулық сақтау нысандарындағы өрт және күзет сигнализацияларымен интеграцияланған. Тек 2025 жылдың 4-тоқсанында 1 013 оқиға тіркелді.

Жүйенің сенімділігі ISO 15408 (ОУД 5), ISO 27001, ISO 9001, «Атамекен» индустриялық сертификаты, СТ-KZ сертификаттарымен расталған.

2025 жылы бейнеаналитика хабарламалары бойынша 174 іздеуде жүрген адам ұсталды. Қызметтердің әрекет ету жылдамдығы 2,5 есеге артты.

Платформа 20 мемлекеттік органмен, аудандық әкімдіктермен және қала құрылымдарымен пайдаланылады. Іздеу тізімдерінде 270 мыңнан астам адам бар.

 

  1. «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша ішкі бақылау»

2025 жылы Алматы қаласы әкімдігі 15 599 828 мемлекеттік қызмет көрсетті.
          Электрондық қызметтердің үлесі 98%-ға жетті. 2026 жылға жоспар: электрондық қызметтер үлесін 98,5%-ға жеткізу.

Мониторинг барлық аудандық аппараттар мен 15 салалық басқарманы қамтиды.

 

  1. «Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту»

Жоба цифрлық теңсіздікті жоюға және жоғары жылдамдықты интернетпен қамтуға бағытталған.

XGSPON стационарлық интернеті

  • Алматы – Қазақстанда XGSPON + Wi-Fi 6 технологиясын енгізген алғашқы қала.
  • Жылдамдығы 10 Гбит/с-қа дейін.

Қосылу барысы:

  • Түрксіб ауданы – 80 үй;
  • Наурызбай және Әуезов аудандары – 700+ үй.

2026 жылға жоспар:

  • 10 000 МЖД қамту;
  • подъездерге 40 000 камера орнату;
  • 10 000 пәтерге әлеуметтік тариф.

Қоғамдық Wi-Fi

  • 1 000-нан астам нүкте;
  • 2024 ж. – 605, 2025 ж. – 411 нүкте.

5G желісі

  • 900+ 5G базалық станция;
  • Kcell – 500+, Tele2/Altel – 450+;
  • Метроның барлық 11 станциясында байланыс бар.

Антенна-мачталық құрылыстар (АМС)

  • Бостандық ауданында пилоттық тірек орнатылды;
  • Бірінші Президент саябағында құрылыс жүріп жатыр;
  • Жобаны кеңейту жоспарлануда.

VII. «Алматы қаласының IT және стартап экожүйесін дамыту»

2022–2024 жж. нәтижелері:

  • 6 235 жұмыс орны;
  • $19,2 млн инвестиция;
  • 1 189 IT-маман, 55 Smart City Engineer.

2026–2027 жж. жоспар:

  • 300 стартап;
  • $100 млн инвестиция;
  • 45 жоба халықаралық нарыққа шығару.

VIII. «Almaty Cyber Games (ACG)» жобасы

2025 жылғы жетістіктер:

  • 5 ірі турнир;
  • $715 182 инвестиция;
  • қалалық ойын серверлері іске қосылды;
  • 103 студент оқытылды;
  • 7 халықаралық меморандум.
  1. «Мемлекеттік мектептерде ЖИ бағдарламалары бойынша оқыту»
  • 10 000 оқушыны қамту (қазір 7 345);
  • «IT Fest 2025» – 340+ команда;
  • қашықтан оқыту платформасы іске қосылды.
  1. «Open Almaty» қоғамдық қабылдауы
  • 1,5 млн-нан астам өтініш өңделді;
  • БНУ аясында 1 200+ жоба;
  • 2024 ж. – 2 500+ әлеуметтік желідегі жарияланым.

 

 

Дата публикации
30 января 2026
Дата обновления
30 января 2026
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы