Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласында Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу қарсаңында өткізілген іс-шаралар туралы

Алматы қаласында Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу қарсаңында өткізілген іс-шаралар туралы

2026 жылғы 29 қаңтарда Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиялары Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында бірқатар іс-шаралар өткізді. Іс-шаралар «Электоралды қағидаттар – сайлаушылар сенімінің негізі» ұранымен өтті. Аталған іс-шаралар сайлау комиссияларының тәуелсіздігі қағидатын іске асыруға арналды. Негізгі назар сайлау комиссияларының тәуелсіздігі қағидатын түсіндіруге, сайлау процесінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге, құқықтық мәдениетті арттыруға және жастардың жауапты азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталды.

Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиялары бүгін барлығы 8 іс-шара өткізіп, оған жалпы 489 адам қамтылды, оның ішінде 461-і – жастар.

Алатау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «№156 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңын түсіндіруге арналған қонақ дәріс өткізді. Дәріске ауданның жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері қатысты.

Алмалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімі» РММ базасында мерзімді әскери қызметшілерге арналған «Азаматтың тәуелсіздігі және сайлау құқығы» тақырыбында қонақ дәріс өткізді. Іс-шара барысында жас азаматтың мемлекетті дамытудағы рөлі мен демократиялық құндылықтарды нығайтудағы маңызына ерекше назар аударылды.

Әуезов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «№127 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында 9-11 сынып оқушыларына арналған «Комиссиялардың тәуелсіздігінің сайлаушылар сенімін қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында әдістемелік сабақ өткізді. Іс-шараның мақсаты – институционалдық тұрақтылықты түсіндіру, халықаралық стандарттармен және Қазақстан Республикасының тәжірибесімен таныстыру.

Бостандық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Сәулет, дизайн және инженерия колледжі» КМКП базасында «Жастар және сайлау: сайлауға қатысу маңызды ма?» тақырыбында пікірталас ұйымдастырды. Іс-шара жастардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталды. Пікірталас барысында жастардың сайлау процесіндегі рөлі мен белсенді қатысудың маңызы талқыланды. Ашық диалог форматы қатысушыларға өз пікірлерін еркін білдіруге және қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік берді.

Жетісу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «№66 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында аудан мектептері оқушылары арасында «Әлеуметтік желілер – адал сайлауға көмек пе, әлде қауіп пе?» тақырыбында дебаттар ұйымдастырды. Қазылар алқасына Алматы қаласы мектеп оқушыларының дебат қозғалысының үйлестірушісі, Оқушылар сарайының дебат кеңсесінің жетекшісі – Р.Р. Игембердиев төрағалық етті. Іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаз команда анықталып, қалған қатысушылар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Медеу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы КММ «№53 мектеп-гимназия» және «№52 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында «Әрбір дауыс маңызды!» тақырыбында эссе байқауын ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты – болашақ сайлаушылардың саналы азаматтық ұстанымын қалыптастыру, демократиялық қатысу қажеттілігін дамыту, азаматтық жауапкершілікті арттыру, патриоттық сезімдерді нығайту, жастардың құқықтық сауаттылығын көтеру, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және дарынды жастарды анықтау.

Наурызбай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «№200 мектеп-гимназия» КММ және Жастар комьюнити-орталығы базасында «Сайлау – жастардың ісі: жастардың азаматтық белсенділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуға деген қызығушылығын ынталандыру. Талқылау барысында заманауи сайлау технологиялары мен жастар көшбасшылығының болашақты қалыптастырудағы рөлі қарастырылды.

Түрксіб ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Жастар комьюнити-орталығы базасында «Сайлау – Сіздің болашағыңыздың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты – жастардың елдегі негізгі қоғамдық-саяси процестерге, соның ішінде референдумдар мен сайлауларға қатысу белсенділігін арттыру. Түрксіб ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Жастар комьюнити-орталығы базасында «Сайлау – Сіздің болашағыңыздың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты – жастардың елдегі негізгі қоғамдық-саяси процестерге, соның ішінде референдумдар мен сайлауларға қатысу белсенділігін арттыру.

Өткізілген іс-шаралар қатысушылардың құқықтық сауатын арттыруға, сайлау жүйесіне деген сенімді нығайтуға және сайлауға саналы қарым-қатынас қалыптастыруға ықпал етті.

Дата публикации
29 января 2026
Дата обновления
29 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы