
Абаттандыру бөлімі
2025 жылы Алматы қаласының аумағын санитарлық тазалау жөніндегі міндеттерді тиімді орындау мақсатында Басқарма тарапынан «Алматы Тазалық» МКК қызметін күшейтуге, тазалау сапасын арттыруға, қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға және кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға бағытталған кешенді іс-шаралар жүзеге асырылды.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру шеңберінде «Алматы Тазалық» МКК-ның штаттық саны 1 560 адамнан 3 169 адамға дейін ұлғайтылды.
Бұл ретте жол жұмысшыларының саны 638 адамнан 2 000 адамға дейін, жүргізушілер саны 338 адамнан 506 адамға дейін, механизаторлар саны 214 адамнан 339 адамға дейін артты, бұл қаланы санитарлық тазалау бойынша өндірістік қуатты едәуір күшейтуге мүмкіндік берді.
Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануына байланысты жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және коммуналдық қызметтердің кадрлық әлеуетін нығайтуға ерекше назар аударылды.
2025 жылғы 1 қазаннан бастап «Алматы Тазалық» МКК-ның еңбекақы қоры ұлғайтылды. Қызметкерлердің жалақысы орта есеппен 33–55 %-ға артты, оның ішінде:
Кәсіпорын бойынша орташа айлық жалақы мөлшері 389 мың теңгені құрады. Айта кету қажет, еңбекақыны индекстеу 2015 жылдан бері жүргізілмеген. Қызметкерлердің еңбекақы деңгейі нарықтық деңгейге жеткізіліп, бұл кәсіпорынның жаңа мамандарды тартудағы тартымдылығын арттырды.
Көшелерді тазалау сапасын арттыру және жұмыс процестерін оңтайландыру мақсатында 2025 жылы «Алматы Тазалық» МКК үш ауысымды жұмыс режиміне көшірілді. Бұл қаланы тәулік бойы санитарлық тазалауды қамтамасыз етіп, әсіресе тұрғындардың белсенді қозғалысы басталғанға дейінгі 05:00–08:00 уақыт аралығына басымдық берілді.
Еңбек жағдайларының күрделілігін, әсіресе қыс мезгілін ескере отырып, 2025 жылы кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік және тұрмыстық жағдайларын жақсартуға бағытталған шаралар кешені іске асырылды.
Жүргізушілер мен механизаторларды орналастыру мақсатында демеушілік қаражат есебінен Бостандық ауданының таулы аумағында орналасқан, жалпы сыйымдылығы 12 төсек-орынды құрайтын 2 модульдік пункт сатып алынды.
Қосымша түрде коммуналдық тұрғын үй қорынан Наурызбай және Түрксіб аудандарында орналасқан, жалпы сыйымдылығы 100 адамға дейінгі 2 тұрғын үй бөлінді, бұл кәсіпорын қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін ішінара шешуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар Экология және қоршаған орта басқармасының тапсырысы бойынша Алмалы ауданында 100 төсек-орынға арналған тұрғын үй-жайларды, заманауи кеңсе блогын және өндірістік қызметті қамтамасыз етуге арналған техникалық үй-жайларды қамтитын көпфункционалды нысан салынды.
Аталған іс-шараларды іске асыру еңбек жағдайларын жақсартуға, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға және кәсіпорынның жыл бойы тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге ықпал етті.
Бұдан бөлек, 2025 жылы 4 модульдік пункт орнатылды, оның ішінде:
Осылайша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қызметкерлердің демалыс және тұру орындарымен жалпы қамтамасыз етілуі 350 төсек-орынды құрады.
2025 жылдың басында «Алматы Тазалық» МКК-ның арнайы техника паркі шамамен 700 бірлікті құрады, оның ішінде 83 бірлік 10 жылдан астам пайдаланылған тозған техника болды. Аталған техника белгіленген тәртіппен Алматы облысының балансына берілді.
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес 2025 жылы жоғары тиімді және экологиялық қауіпсіз арнайы техниканы енгізуге басымдық бере отырып, кәсіпорынның автопаркін кезең-кезеңімен жаңарту жүзеге асырылды.
Жүргізілген жұмыстар аясында 2025 жылы 315 бірлік арнайы техника сатып алынды. Жыл қорытындысы бойынша кәсіпорынның арнайы техника паркі 900 бірліктен асып, бұл өндірістік мүмкіндіктерді және санитарлық тазалау жұмыстарын орындау тиімділігін едәуір арттырды.
Қыс мезгілінде қаланы тазалау тиімділігіне әсер ететін жүйелі мәселелердің бірі қарды жинау және қайта өңдеу үшін жеткілікті алаңдардың болмауы болды. Осы мәселені шешу мақсатында 2025 жылы:
Сондай-ақ Алатау ауданында әкімшілік блогы, қызметкерлерге арналған 50 төсек-орынға дейінгі тұрғын үйі және техника мен материалдарға арналған қоймалары бар, жалпы аумағы 1,8 гектар болатын өндірістік база салынды.
2025 жылғы қыркүйек айынан бастап «ҚазАвтоЖол» АҚ-дан жалпы ұзындығы 45,5 км құрайтын 6 автомобиль жолы учаскесі «Алматы Тазалық» МКК қызмет көрсетуіне берілді, оның ішінде: Алматы – Қорғас, Алматы – Өскемен, Алматы – Талғар, Алматы – Бішкек, Алматы – Ғарыш станциясы, Алма-Арасан жолы.
Аталған учаскелер қаланың маңызды көлік дәліздері болып табылады.
2025 жылғы 5 қаңтар мен 19 желтоқсан аралығында Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша 7 272 әкімшілік хаттама толтырылды, оның ішінде:
Қаланың санитарлық жағдайын қамтамасыз ету және абаттандырудың ескірген элементтерін ауыстыру мақсатында 2025 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 16 000-нан астам металл қоқыс жәшігі орнатылды.
2025 жылы Алматы қаласының аумағында кеміргіштердің таралуының алдын алу және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында бекітілген кестеге сәйкес жоспарлы дератизациялық іс-шаралар жүргізілді.
Іс-шаралар екі кезеңде өткізілді:
Аталған жұмыстар аясында жалпы аумағы 47 330,1 гектар жер қамтылды.
Күзгі кезеңде ашық биотоптар, жасыл аймақтар, кеміргіштердің індері, арық жүйелері, өзендер мен су айдындарының жағалаулары, сондай-ақ қоғамдық көлік аялдамалары өңделді.
Қосымша түрде жеке сектор тұрғындарына қауіпсіз қолдану жөнінде нұсқаулықтар мен түсіндірулер бере отырып, родентицидтік жем тегін таратылды.
Жұмыстар еңбек қауіпсіздігі мен санитариялық нормаларды сақтай отырып, әрқайсысы 4 адамнан тұратын 10 мамандандырылған бригадамен орындалды.
Дератизация барысында Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға тіркелген және рұқсат етілген, III қауіптілік сыныбына жататын, орташа қауіпті дәнді негіздегі родентицидтік құрал пайдаланылды. Жем құрамына ащы битрекс заты қосылып, түстік маркерлеу қолданылды, бұл адамдар мен үй жануарларының кездейсоқ пайдалану қаупін болдырмайды.
Барлық іс-шаралар Қазақстан Республикасының санитариялық қағидалары мен нормативтеріне қатаң сәйкес жүргізілді.
Тұрғын үй бағдарламалары бөлімі
«Алматы Жастары» жеңілдетілген тұрғын үй несиелеу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Алматы қаласы әкімдігі тарапынан мегаполис жастарының тұрғын үй мәселелерін шешу мақсатында 2017 жылы әзірленіп, Қазақстан Республикасында алғаш рет енгізілді.
Бағдарламаның бірегейлігі – жыл сайын сұранысқа ие мамандықтар бойынша жас мамандарға кемінде 1 000 жеңілдетілген тұрғын үй заемын төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен беруінде. Бағдарлама шеңберіндегі негізгі несиелеу шарттары:
Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптар:
Бағдарлама аясында 2025 жылғы 14–26 наурыз аралығында арнайы құрылған интернет-ресурс – www.almaty-zhastary2025.kz арқылы өтініштер мен құжаттар қабылданды.
2025 жылғы қабылдау қорытындысы бойынша 6 626 өтініш түсіп, оның ішінде 3 412 өтініш оң қаралып, 3 057 жолдама берілді.
2025 жылы жоспарланған 2 325 тұрғын үй заемының ішінен жыл соңындағы жағдай бойынша 2 189 заем беріліп, олардың жалпы сомасы 43 350 668 241 теңгені құрады. Оның ішінде «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының жалға алушыларына 580 тұрғын үй заемы 11 497 519 469 теңге сомасына берілді.
Аталған бағдарлама бойынша жұмыс жалғасуда.
Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына сәйкес Алматы қаласы мәслихатының шешімімен тұрғын үй сертификаттары өтеусіз және қайтарымсыз негізде 1,5 млн теңгеге дейінгі мөлшерде беріледі.
Сертификат алуға келесі санаттағы кезекте тұрған азаматтар құқылы:
2025 жылдың басынан бастап 55 азаматқа жалпы сомасы 82,5 млн теңгеге тұрғын үй сертификаттары берілді.
Жеке тұрғын үй қорында жалға алынған тұрғын үй үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде «I және II топтағы мүгедектер», «мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар», «көпбалалы отбасылар» және «жетім балалар» санаттары бойынша кезекте тұрған азаматтарға жалдау ақысының 50 %-ы өтеледі, оның ішінде 80 %-ы республикалық бюджет есебінен және 20 %-ы жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.
Аталған мақсаттарға жыл сайын Алматы қаласы мәслихатының шешімімен жергілікті бюджет қаражаты бөлініп, осыған байланысты Басқарма мен «Отбасы банк» АҚ арасында тиісті шарт жасалады. Бағдарламаның операторы ретінде «Отбасы банк» АҚ айқындалған.
Өтініштер Банктің www.hcsbk.kz және www.otbasybank.kz интернет-ресурстары арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы қабылданады.
«Отбасы банк» АҚ мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тағайындалған төлемдердің жалпы саны:
2025 жылы жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау ақысына субсидия алып отырған жалға алушылардың 639 пәтеріне тексеру жүргізілді.
Лифт, газ және қазандық жабдықтарын бақылау бөлімі
Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес бөлім әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде (көппәтерлі тұрғын үйлер, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, бизнес орталықтар, ауруханалар және т.б.) пайдаланылатын қауіпті техникалық құрылғылардың (қазандықтар, лифтілер, эскалаторлар, аспалы жолдар, көтергіштер, фуникулерлер) қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылау жүргізеді.
Жергілікті атқарушы органдардың (Алматы қаласы әкімдігі) өкілеттіктері әлеуметтік инфрақұрылым объектілерімен шектеледі, ал уәкілетті орган – Алматы қаласы бойынша ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылау жүзеге асырады.
Әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғылар жергілікті атқарушы органдардың есебіне алынып, бақылауына жатады, ал өнеркәсіптік қауіпті объектілер уәкілетті органның бақылауында болады.
«Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызметі бойынша барлығы 807 өтініш тіркеліп, оның ішінде 807 өтініш қанағаттандырылды, бас тартулар тіркелген жоқ.
«Жобалық құжаттаманы келісу» мемлекеттік қызметі бойынша 117 өтініш түсіп, оның ішінде 114 өтініш бойынша келісім берілді, 3 өтініш бойынша бас тартылды (себептері: 1 – құжаттар топтамасының толық болмауы, 2 – құзыретке кірмеуі).
Мемлекеттік қызметтер «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта көрсетіледі.
Азаматтардың өтініштері негізінде 2025 жылы 47 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, қосымша 11 әкімшілік хаттама толтырылды, оның ішінде:
Нәтижесінде 22 субъект жалпы сомасы 1 940 842 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Салыстырмалы түрде, 2024 жылы 44 тексеру жүргізіліп, 19 субъектке 808 548 теңге сомасында айыппұл салынған.
Қала аумағында шамамен 14 523 лифт пайдаланылуда, оның ішінде 8 420 лифт 2 671 көппәтерлі тұрғын үйде орналасқан.
«2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2025 жылға 46 көппәтерлі тұрғын үйде 110 лифтіні ауыстыру жоспарланған, оның ішінде:
Қалада ғимараттарда (тұрғын үй кешендері, СОО, БО) орнатылған мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 600 көтергіш бар, оның ішінде 174 көтергіш жерүсті және жерасты өткелдерінде орналасқан. Аталған көтергіштердің 37 бірлігі Басқармада есепке қойылған.
2025 жылғы 8 желтоқсанда Басқарма аудандық әкімдіктермен және мүдделі ұйымдармен (ТЖД, өнеркәсіптік қауіпсіздік органдары, лифт ұйымдары) бірлесіп қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалану мәселелері бойынша кеңес өткізді, оның шеңберінде мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді есепке қою мәселелері қаралды.
2026 жылға аталған көтергіштердің жұмысқа жарамдылығын және тиісті деңгейде жұмыс істеуін тексеруге бағытталған көшпелі іс-шаралар өткізу жоспарланған.
2025 жылы қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар мен қазандықтарды жоспарлы және бастапқы техникалық куәландыруға, сондай-ақ гидравликалық сынақтарға қатысу қамтамасыз етілді. Аталған жұмыстар «АлЭС» АҚ нысандарында (ЖЭО-1, ЖЭО-2), «АТКЭ» ЖШС қазандықтарында (Премьера, ЮВРК, Әуежай) және 9 тұрғын үй кешеніндегі жеке қазандықтарда жүргізілді.
2025 жылы ТЖД-мен бірлесіп газ жабдықтарын, қазандықтарды, газ баллондарын және қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану шараларын насихаттау бойынша айлық өткізілді.
Нәтижесінде 197 объект қамтылды, оның ішінде: 22 базар, 29 сауда-ойын-сауық орталығы, автономды қазандықтары бар 25 объект (тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттар, жеке тұрғын үйлер), 24 газдандырылмаған жатақхана мен хостелдер, сондай-ақ 97 қоғамдық тамақтану объектісі.
Аталған бағыттағы жұмыстарды 2026 жылы жалғастыру жоспарлануда.
Тұрғын үй инспекциясы бөлімі
Қаланың тұрғын үй қорының жай-күйі
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы шеңберінде 2025 жылы жалпы сомасы 4,3 млрд теңгеге 132 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ қала аумағында барлығы 14 523 лифт пайдаланылуда, оның ішінде 8 420 лифт 2 671 көппәтерлі тұрғын үйде орнатылған.
Жалпы лифт санының шамамен 935-і 25 жылдан астам уақыт пайдаланылып келеді және 2030 жылға дейін міндетті түрде ауыстыруды талап етеді.
Пайдалану мерзімі шегіне жететін лифттердің жыл сайын артуын ескере отырып, қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін жыл сайын кемінде 150 лифтіні ауыстыру қажеттілігі туындайды.
Осыған байланысты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы аясында 2025 жылы 50 көппәтерлі тұрғын үйге 115 лифтіні жеткізуге 1,7 млрд теңге сомасына шарт жасалып, қазіргі уақытта ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
2025 жылы Басқарма тарапынан кондоминиум объектілерін басқару органдары мен қызмет көрсетуші ұйымдарға қатысты бақылау функцияларын жүзеге асыру шеңберінде 265 тексеру жүргізілді.
Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша барлығы 66 әкімшілік хаттама толтырылды, оның ішінде:
Сот органдарының шешімдерімен 37 басқару органы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 10,4 млн теңгені құрады.
Аталған тексерулер кондоминиум объектілерін басқару саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге, басқару органдарының тәртібін арттыруға және қаланың тұрғын үй қорының күтім сапасын жақсартуға бағытталды.
Тұрғын үйді есепке алу және бөлу бөлімі
Мемлекеттік қызметтер
2025 жылы Басқарма тарапынан барлығы 12 778 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: