
2025 жылы Алматы қаласының білім беру жүйесі елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес дамыды.
Білім басқармасының жұмысы жүйелі жоспарлауға негізделген. Басқарманың 181 тармақтан тұратын Жоспары жүзеге асырылуда, оның ішінде «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» аясындағы 44 іс-шара бар. Бұл Алматы қаласы Мәслихатының XXV сессиясының шешімімен бекітілген және келесі негізгі бағыттарды қамтиды: желіні кеңейту және кезектілікті төмендету, сапаны арттыру және білім беру ортасын дамыту, педагогтарды дамыту, қаржыландырудың заманауи тетіктерін енгізу, цифрландыру және кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Мектепке дейінгі білім беру
Мектепке дейінгі білім беру бала дамуының іргетасы ретінде басым бағыт болып қала береді.
2025 жылы шаралар мыналарға бағытталды:
Мектепке дейінгі ұйымдар желісі негізінен жеке сектор есебінен 1 072 бірлікке дейін ұлғайды (2024 жылы – 1 022, 2023 жылы – 951 МДҰ). Жалпы қамту 86 390 баланы құрады.
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 93,3%-ға жетті (2024 жылы — 86,7%, 2023 жылы – 74%). Кезектілік 65%-ға — 41 мыңнан 14 636 балаға дейін төмендеді.
Негізгі фактор ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасын жүзеге асыру болды (992 балабақша, 85 мыңнан астам ваучер берілді), бұл сондай-ақ 2025 жылдың 6 айында 2,5 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, 1 480 орындық 7 мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталды (240 орындық №199, 120 орындық №200, 240 орындық №201, 320 орындық №202, 120 орындық №206, 280 орындық №195, 160 орындық №205).
Орта білім
2025 жылы Алматыда 358 мектеп (225 мемлекеттік және 133 жекеменшік) жұмыс істеді. Бір жыл ішінде мемлекеттік мектептер саны 10-ға артты (2024 жылы – 215 мемлекеттік және 117 жекеменшік, 2023 жылы – 212 мемлекеттік және 98 жекеменшік).
Білім сапасы
Білім сапасын арттыру мақсатында Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар аясында педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру, оның ішінде шетелдік тағылымдамадан өту шаралары жүзеге асырылды. Нәтижесінде тұрақты оң динамика байқалады:
«Алтын белгі» иегерлерінің саны айтарлықтай өсті — 423-тен 666 түлекке дейін (+57,4%). Сондай-ақ, 9 және 11-сынып түлектерінің «Үздік аттестат» нәтижелері де жоғары деңгейді растайды.
Сыртқы бағалаулар
ББЖМ-2025 (Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингтеу) және PISA халықаралық зерттеуінің нәтижелері Алматы көрсеткіштерінің оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бойынша орташа республикалық көрсеткіштерден тұрақты түрде жоғары екенін растайды.
Анықтама ретінде:
ББЖМ-2025
4-сыныптар:
9-сыныптар:
PISA-2022:
Педагогикалық кадрлар және кәсіби тану
2025 жылы педагог мамандығының мәртебесін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасты.
ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ
2025 жылы білім беру жүйесіне цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект (ЖИ) құралдары белсенді енгізілді.
Сауалнама қорытындысы бойынша педагогтардың 73%-ы оқу сапасын арттыру үшін ЖИ-дің практикалық пайдасын атап өтті.
Сондай-ақ, жекеменшік мектептерді қаржыландыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. 2025 жылғы 6 қарашада Оқу-ағарту министрлігі мен әкімдіктердің бірлескен бұйрығымен бекітілген 2025–2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың жаңа механизмі бойынша пилоттық жоба басталды. Мемлекеттік тапсырысты бөлу туралы хабарландыру e-Qazyna.kz веб-порталында жарияланды. Конкурс қорытындысы бойынша шамамен 9 млрд теңге сомасына 117 шарт жасалды, барлық қатысушылар өз шоттарына қаражат алды.
Жүйелі өсу жылы және таланттарды дамыту, спорт және тәрбие
Алматы қатарынан 23-ші рет елдің Ең үздік олимпиадалық командасы мәртебесін растады.
2024 жылы Алматы құрамасы 22-ші рет «Ең үздік олимпиадалық команда» деп танылған болатын. 2025 жылы бұл мәртебе 23-ші рет расталды.
2025 жылы қосымша:
Бұл олимпиадалық нәтижелердің сапалық өсуін және қаланың республикалық деңгейдегі тұрақты көшбасшылығын көрсетеді.
Халықаралық олимпиадалардың 538 жүлдегері дайындалды.
2024 жылы:
2025 жылы:
2025 жылы қатысушылар санын оңтайландыру кезінде жоғары нәтижелілік сақталды, дайындық сапасына және ең мықты командаларды атаулы қолдауға баса назар аударылды.
Бұқаралық спорттық іс-шараларға 153 мыңнан астам оқушы қатысты, республикалық деңгейдегі жеңістер саны артты. Әскери-патриоттық тәрбие саласында да жоғары нәтижелерге қол жеткізілді.
Анықтама ретінде:
Алматы қаласының білім алушылары мен құрама командалары республикалық және халықаралық жарыстар мен конкурстардың, соның ішінде Ұлттық мектеп лигасының, WorldSkills бағыттарының, инклюзивті спартакиадалардың, пәндік олимпиадалардың, әскери және спорттық турнирлердің, сондай-ақ тоғызқұмалақтан әлем және Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпиондары мен жеңімпаздары болып табылады.
Инклюзивті білім беру
Инклюзивті білім беру үшін жағдайлар қала мектептерінің 99,2%-ында жасалған (225 мектептің 223-і).
Инклюзивті білім берумен 4 758 бала қамтылған (балабақшалар, мектептер және колледждер).
2025 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласының төрт мектебінде (№16, 57, 116, 172) ментальды бұзылыстары бар балаларға арналған өмірлік дағдылар сыныптары ашылды.
8 арнайы мектеп-интернаттың оқушылары республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегерлері атанды, оның ішінде «Жұлдызай-2025» Ұлттық инклюзивті ойындарында 1-орындарды иеленді.
Техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ)
ТжКБ жүйесінде 88 колледж жұмыс істейді, онда 86,8 мың студент білім алуда, олардың 58%-ы — мемлекеттік тапсырыс бойынша.
Негізгі нәтижелер:
Инфрақұрылымды дамыту
2025 жыл білім беру нысандарының құрылысы ауқымы бойынша теңдессіз жыл болды:
Сондай-ақ, Білім беру инфрақұрылымы қажеттіліктерінің картасы әзірленді. 2030 жылға дейін 105 мың орындық 70 мектеп салу жоспарлануда, бұл бір ауысымды оқытуға кезең-кезеңімен көшуге мүмкіндік береді.
Ведомстволық бағынысты ұйымдар (5 ұйым)
Білім басқармасының құрылымында Алматы қаласының білімін дамытуда және сапасын арттыруда маңызды рөл атқаратын 5 ведомстволық бағынысты ұйым жұмыс істейді.
Орталық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтауды, дамытуды және қолдауды, сондай-ақ зияткерлік дарынды білім алушылармен жұмыстың заманауи бағдарламалары мен әдістемелерін енгізуді жүзеге асырады.
Білім алушылар арасында дене шынықтыру мен спортты дамытуды, спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруды және білім беру ұйымдарында дене тәрбиесін әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
Білім беру жүйесін ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді, инновациялық және цифрлық білім беру технологияларын енгізуді, педагогтардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады.
Білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтарға психологиялық көмек көрсетеді, дағдарыстық жағдайлардың алдын алуды және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Орталық қызметінің мақсаты кәмелетке толмағандардың, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ оларды отбасыларға орналастыру, қорғаншылықты, қамқоршылықты, патронатты белгілеу және мамандандырылған ұйымдарда болу мәселелерін сүйемелдеу болып табылады.
2025 жыл Алматы біліміндегі жүйелі өсу мен сапалы өзгерістер жылы болды. Қабылданған шаралар саланың тұрақты дамуын, білім сапасының артуын және қала мен ел дамуының стратегиялық міндеттеріне сай келетін адами капиталдың қалыптасуын қамтамасыз етеді.