Лого

Меню

Страницы

Статья

Тексеру материалдарды бойынша ақпарат

Алматы қаласының Қала құрылысы бақылау басқармасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бақылау жүргізеді.

Қазіргі уақытта қала аумағында 1 462 нысанның құрылысы жүргізілуде (оның ішінде 440-ы — бюджеттік, 1 022-сі — коммерциялық), сондай-ақ 153 тұрғын үй кешені салынуда.

Бақылау функциялары аясында 2025 жылы 1 584 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның нәтижесінде 970 заңбұзушылық анықталды. Анықталған құқықбұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 495 млн теңге айыппұл салынды.

Заңбұзушылықтарды жою туралы 768 нұсқама берілді.

Құрылыстың сапасыз жүргізілуі және құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастырудағы кемшілік үшін 135 ұйым жауапкершілікке тартылды.

Тиісті деңгейде бақылау жүргізбегені үшін техникалық қадағалаумен айналысатын 18 ұйым жауапкершілікке тартылды.

Жобалау сатысында 62 жобалау ұйымына қатысты шаралар қабылданып, жалпы сомасы 26 млн теңге айыппұл салынды.

2025 жылы лицензиядан кейінгі бақылау қорытындысы бойынша 445 құрылыс лицензиясының күші тоқтатылды, 27 лицензияның қолданылуы уақытша тоқтатылды, 6 лицензия бойынша жекелеген қосалқы түрлерінің күші жойылды, 8 ұйым құрылыс лицензиясынан айырылды.

Мемлекеттік қызметтер

Басқарма тарапынан барлығы 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Лицензия алу және қайта рәсімдеу мәселелері бойынша (3 қызмет) лицензиялауға қатысты 4 422 өтініш қаралды. Нәтижесінде 2 673 мемлекеттік лицензия берілді және қайта рәсімделді, оның ішінде:

* құрылыс-монтаж жұмыстарына — 1 900 мемлекеттік лицензия;

* жобалау қызметіне — 549 мемлекеттік лицензия;

* іздестіру қызметіне — 224 мемлекеттік лицензия.

 

Құрылыс саласындағы сарапшы аттестатын алу бойынша 562 өтініш түсті. Тестілеуге жіберілген үміткерлердің ішінен 90 өтініш беруші тестілеуден өтіп, сарапшы аттестатын алды.

Нысандарды кейіннен кәдеге жарату жұмыстары кешенін (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жүргізуге шешім алу мәселесі бойынша 1 180 өтініш келіп түсті, оның 490-ы қанағаттандырылды.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жобаларды басқару бойынша 47 аккредиттеу куәлігі берілді.

 

Талап-арыз жұмыстары

Заң талаптары мен құрылыс нормаларын бұзуға байланысты сот органдарына 85 талап-арыз жолданды. Оның ішінде 41-і қанағаттандырылды, 37-сі қаралуда, 7 талап-арыз бойынша қанағаттандырудан бас тартылды. Соның ішінде:

* сүрілуге қатысты – 48 талап-арыз (20-сы қанағаттандырылды, 22-сі қаралуда, 6-уына бас тартылды);

* нұсқаманы орындауға қатысты – 37 талап-арыз (21-і қанағаттандырылды, 15-і қаралуда, 1-іне бас тартылды).

Жыл басынан бері 42 нысан сүрілді. Сонымен қатар, Алматы қаласы Әділет департаментінің орындау өндірісінде заңды күшіне енген, заңсыз салынған нысандарды сүріуге қатысты 77 атқарушылық құжат бар. Бұл бағыттағы жұмыс күшейтілді және тұрақты бақылауда.

 

Таулы аймақ

Тау бөктеріндегі аймақта (Саин көшесінен, әл-Фараби даңғылынан және Шығыс айналма автожолынан жоғары орналасқан аумақта) рұқсат құжаттары толық немесе ішінара жоқ 42 нысан анықталды.

Олардың ішінде:

  • таулы аумақта орналасқан 15 нысан бойынша атқарушылық парақтар Алматы қаласы Әділет департаментінде орындалу сатысында;
  • 6 нысан бойынша сот үдерісі жалғасуда;
  • 4 нысан бойынша жоспардан тыс тексеру ашылған немесе бастамашылық етілуде;
  • бұған дейін заңды күшіне енген сот шешімдері негізінде 17 нысан толық немесе ішінара сүрілді. Олардың қатарында «Мечта» таунхаусы, «Хан» тұрғын үй кешені, Pine Hill клуб үйі бар.

Сонымен қатар:

  • 11 базар бойынша сотқа талап-арыз беру бастамашылық етілуде («Өжет 1-2», «Кенжехан-1», «Арлан 2», «Сауран», «Алаш», «Қазына», «Қарасу», «Ялян», «Барыс», «Батыр», «Таусамалы»);
  • 6 базар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына хабарлама бар («Кенжехан-2», «Сарыарқа», «Нұрсәт», «Бахар», «Керуен», «Алматы-1»);
  • 2 базар бойынша нұсқамалар орындалып, нысандар талапқа сәйкестендірілді («Ақбұлақ», «Верненский»);
  • 2 базар бойынша нысандарды мемлекеттік қорға беру рәсімі жүргізілуде («Барыс 4», «Барлық сауда»);
  • 1 базар қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания — «Компания по управлению возвращенными активами» ЖШС басқаруына берілді («Байсат»);
  • 1 базар бойынша меншік иесінің ауысуына байланысты атқарушылық іс жүргізу тоқтатылды («Карим»).

 

Аталған жұмыстар Алматы қаласы аумағында қала құрылысы нормаларының сақталуын бақылауды күшейту аясында жүзеге асырылуда.

Дата публикации
05 января 2026
Дата обновления
05 января 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы