
Алматы қаласының жасыл желектерін күтіп-ұстау және қорғау қағидалары бойынша
Алматы қаласы мәслихатының сессиясына арналған баяндама. Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы
Серік Әділбаев
Сіздің қарауыңызға «Алматы қаласының жасыл желектерін күтіп-ұстау және қорғау Қағидасын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 211 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Алматы қаласы мәслихатының шешімінің жобасы енгізіледі.
Осы Жобаны әзірлеу және енгізу қажеттілігі төмендегі жайттарға байланысты.
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабына сәйкес, мемлекеттік органдар өздері әзірлеген нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізуге, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды уақытылы енгізу бойынша тиісті шаралар қабылдауға міндетті.
Аталған Заңның 10-бабының 3-тармағына сәйкес, төменгі деңгейдегі әрбір нормативтік құқықтық акт жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуге тиіс.
Алматы қаласында қолданыстағы Ережелер уәкілетті министрлік бекіткен елді мекендердегі жасыл желекті күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі Үлгілік қағидаларға сәйкес әзірленген.
2025 жылы 18 қарашада Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Үлгілік қағидаларға өзгерістер енгізілді. 2025 жылы 5 желтоқсанда қолданысқа енгізілген аталған өзгерістер тек үш тармақты қамтиды.
2025 жылы 21 қарашада Алматы қаласы әкімдігінің атына Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінен өңірлік Қағидаларды қолданыстағы Үлгілік қағидаларға сәйкестендіру қажеттілігі туралы ресми хат келіп түсті.
Осыған байланысты Басқарма қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қажетті келісу рәсімдерінен өткен осы Жобаны әзірледі.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Алматы қаласы мәслихаты шешімінің осы жобасын қолдауыңызды сұраймыз.