
Құрметті Меиржан Батырбекұлы, Әміржан Әміржанұлы, құрметті депутаттар!
Алматы қаласының Цифрландыру басқармасы маслихаттың қарауына «Алматы қаласындағы жол қозғалысы қауіпсіздігі мен трафикті талдаудың зияткерлік жүйесі» мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) жобасы (яғни, «Сергек» МЖӘ) бойынша шартты ұзарту туралы шешім жобасын ұсынып отыр.
«Алматы қаласындағы жол қозғалысы қауіпсіздігі мен трафикті талдаудың зияткерлік жүйесі» жобасы бойынша бастапқы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты (МЖӘ шарты, 2021 жылдан бері іске асырылып келеді) Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы (Мемлекеттік әріптес №1), Алматы қаласы Полиция департаменті (Мемлекеттік әріптес №2) және «Көркем Телеком» ЖШС (Жекеменшік әріптес) арасында жасалған. Шарт бойынша 766 аппараттық-бағдарламалық кешенді (АПК) (383-і сызықтық учаскелерде, 1133-і қиылыстарда) орнату және пайдалану көзделген. Мемлекеттік міндеттемелер сомасы – 9 986 042 340 теңге (Алматы қаласы маслихатының 2021 жылы 30 сәуірдегі №35 шешімімен бекітілген).
2021 жылдан бастап Полиция департаменті мен уәкілетті басқарманың бастамасымен аппараттық-бағдарламалық кешендер санын кеңейтуге қатысты қосымша келісімдер аясында 4 өзгеріс енгізілді. Қазіргі уақытта «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешендерінің жалпы саны 1 641 бірлікті құрайды.
Биыл, 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын мерзімге байланысты «Сергек» мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасын одан әрі іске асыру мәселесі бойынша қала әкімінің тапсырмасымен Цифрландыру басқармасы қала әкімі аппаратының басшысы төрағалық ететін жұмыс тобын құрды. Жұмыс тобының құрамына салалық басқармалардың (жол қозғалысын ұйымдастыру, экология, экономика және қаржы), сондай-ақ Полиция департаментінің өкілдері енді.
Жұмыс тобы МЖӘ жобасын іске асыруға қатысты 4 әлеуетті жеткізушінің балама ұсыныстарын қарастырды:
- «Rpart» ЖШС («Сұңқар» АБК),
- «InfoData» ЖШС («Мерген» АБК),
- Presight AI Kazakhstan LTD,
- «Байланыс Телеком энд Технолоджи» ЖШС («Азимут» АБК),
Сонымен қатар қолданыстағы жекеменшік әріптес – «Көркем Телеком» ЖШС-нің ұсынысы да қаралды.
Талдаудың объективтілігі мен барлық қатысушы үшін тең жағдай жасау мақсатында әлеуетті жеткізушілерге аппараттық-бағдарламалық кешендерге қойылатын негізгі технологиялық және нормативтік талаптар бойынша сауалнама парақтары таратылып, оларды толтыру ұсынылды.
Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша 2015 жылы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы» ҚР Заңының 49-бабына сәйкес, ұсынылған материалдар мен осы жылдың соңына дейін конкурстық рәсімдерді өткізу мүмкіндігінің жоқтығын ескере отырып, Жұмыс тобының мүшелері жобаға қатысты келісімшарт мерзімін қолданыстағы жеткізушімен (жекеменшік әріптеспен) бір күнтізбелік жылға, яғни 2026 жылы 31 желтоқсанға дейін қолданыстағы барлық нормативтік талаптарды сақтай отырып ұзартуды қарастыруды ұсынды.
МЖӘ шартына енгізілетін №5 Қосымша келісім жобасында мынадай өзгерістер қарастырылған:
Бұл ретте қызмет көрсету тарифі 2021 жылғы деңгейде сақталады, яғни көтерілмейді.
Жоғарыда көрсетілген өзгерістер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шартының елеулі талаптарына сәйкес келеді және тиісті тармақшаларға жатады 3), 4) және 6) тармақшаларына сәйкес шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға негіз болады. Бұл ретте заңнама талаптарын сақтау және ұзарту кезеңінде жекеменшік әріптестің қосымша инвестиция салуы, соның ішінде АБК санын ұлғайтуы шарт.
Осыған байланысты Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылы 30 сәуірдегі №35 «Алматы қаласындағы «Жол қозғалысын талдау мен қауіпсіздіктің зияткерлік жүйесі» мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы жобасы қарауға енгізіледі.