Лого

Меню

Страницы

Статья

Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Шархан Тұрсынбаевтың баяндамасы

«Алматы Жастары» бағдарламасы бойынша

 Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы

 басқармасы басшысының баяндамасы

 

Құрметті, Мейіржан Батырбекұлы!

Құрметті Олжас Мұхтарұлы! Құрметті депутаттар!

Сіздердің назарларыңызға «Алматы жастары» бағдарламасы аясында жеңілдетілген тұрғын үй несиелері беру арқылы, қала жастарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі ұсынылады.

Бағдарлама «AMANAT» партиясының Алматы қаласы бойынша 2023–2027 жылдар аралығындағы сайлау алды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 22-тармағында, сондай-ақ ҚР Президентінің Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген.

 

Алматы қаласы әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ арасында Бағдарлама аясында жыл сайын ынтымақтастық туралы келісімдер және несие шарттары жасалып отыр, бірақ бағдарлама Алматы қаласы мәслихатының шешімімен бекітілмеген.

 

Осы орайда, құрметті депутаттар!

«Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының            1-тармақшасына сәйкес әлеуметтік бағдарламаларды бекіту мәслихаттың құзыретіне жататындықтан, «Алматы жастары» бағдарламасын Алматы қаласы мәслихатының шешімімен бекітуді, қолдауларыңызды сұраймыз!

 

 

Дата публикации
28 ноября 2025
Дата обновления
28 ноября 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Выборы депутатов маслихата - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы