
Алматы қаласы
Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының
басшысы
Мандибаев Б.Ш.-ның
баяндамасының тезистері
Құрметті Мейіржан Батырбекұлы, Олжас Мұхтарұлы, құрметті депутаттар!
2026 жылы күшіне енетін жаңа Салық кодексінде оңтайланған салық және бөлшек салық режимдерін 4% мөлшерлемесі бар біріңғай арнайы салық режиміне біріктіру көзделген. Сонымен қатар мәслихаттарға салық мөлшерлемесін ±50% шегінде өзгерту құқығы берілген. Яғни оны 2%-ға дейін төмендету немесе 6%-ға дейін көтеру мүмкіндігі бар. Бұл өз қаламыз үшін оңтайлы мөлшерлемені айқындау мәселесін стратегиялық маңызы бар етуге мүмкіндік береді.
Алматы қаласы әкімдігіне мәслихат депутаттарынан және арнаулы салық режимдерін (АСР) қолданатын кәсіпкерлерден түсетін өтініштер тұрақты түрде артып отыр. Олар базалық ставканың 4% деңгейінде белгіленуіне байланысты салық жүктемесінің өсуіне алаңдаушылық білдіруде. Кәсіпкерлер қазіргі қолданылып жүрген оңайлатылған декларация режимінің ставкасы 3% екенін және Алматыдағы шағын бизнестің басым бөлігі дәл осы режимде жұмыс істейтінін орынды атап өтуде.
Жаңа режим ең алдымен B2C секторында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге бағытталған: үй жанындағы дүкендер, тұрмыстық қызмет көрсету орындары, шаштараздар, жөндеу шеберханалары және тағы басқа. Сонымен қатар жаңа талап енгізілуде: жалпыға бірдей тәртіпте жұмыс істейтін компаниялар АСР қолданатын кәсіпкерлерден алынған тауарлар мен қызметтерді шығысқа жатқыза алмайды. Бұл шағын бизнес субъектілері үшін қосымша тәуекел туғызады, өйткені ірі серіктестер ҚҚС-ты есепке алу мүмкін болмағандықтан олармен жұмыс істемей қоюы мүмкін.
Сонымен бірге 44 қызмет түрінен тұратын тыйым салынған тізбе бекітілді. Оның сыртындағы барлық ОКЭД түрлеріне арнаулы режимді қолдануға рұқсат беріледі.
Осы факторларды ескере отырып, 2026 жылы арнаулы салық режимін қолданатын барлық кәсіпкерлер үшін ставканы 3%-ға дейін төмендету жөніндегі мәселе бүгінгі мәслихат сессиясының қарауына шығарылып отыр.
Бүгінде Қазақстанның көпшілік өңірлері салық мөлшерлемесін төмендету құқығын пайдаланған. 19 өңір ставканы 2–3% деңгейінде бекітті. Олардың қатарында Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы, сондай-ақ Астана және Шымкент қалалары бар. Бұл - шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған жалпыұлттық үрдіс екенін көрсетеді.
Салық заңнамасы өзгеріп жатқан жағдайда біздің басты міндетіміз - бюджет тұрақтылығы мен кәсіпкерлік секторының орнықтылығы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету. Арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін 3% деңгейінде белгілеу - ең оңтайлы шешім. Бұл:
Мәселені Мәслихат отырысына шығару және 2026 жылы арнайы салық режимі бойынша мөлшерлемені 3%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдау ұсынамыз.