Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласы Экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергеновтың баяндамасы

Құрметті Олжас Мұхтарұлы!

Құрметті Мейіржан Батырбекұлы!

Құрметті депутаттар!

Сіздердің қарауларыңызға Алматы қаласының 2025 жылға арналған бюджетін қорытынды нақтылау жобасы ұсынылады.

Аталған нақтылау – жыл қорытындылары бойынша бюджет параметрлерін оңтайландыруға және бөлінетін қаражаттың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған түзетулердің соңғы кезеңі.

Алдымен мәслихат депутаттарына бюджет жобасын қарау және сараптау барысында атқарған үйлесімді жұмыстары үшін алғыс білдіремін.

Бюджеттік бағдарламалардың барлық шығыс бөліктері тиісті салалық комиссиялардың отырыстарында жан-жақты талқыланып, егжей-тегжейлі қаралды.

Аталған нақтылау шеңберінде бюджет шығындарын қысқарту қаралған.

Бұл, ең алдымен, мемлекеттік сатып алулар нәтижесінде қалыптасқан 19,5 млрд. теңге көлеміндегі үнемделген қаражатпен байланысты.

Сонымен қатар, жекелеген жобалардың кезең-кезеңмен іске асырылуы және бірқатар іс-шаралардың келесі жылға ауыстырылуына сәйкес 200 млрд. теңгені қайта бөлу көзделуде.

Бұл жалпы шығыстарды қысқарту дегенді білдірмейді. Қаржыландыру тек орындалған жұмыстардың расталған актілері негізінде қамтамасыз етіледі және бюджет қаражатын неғұрлым тиімді, мақсатты және сапалы игеруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, жұмыс кестесінен оза отырып орындалған жобалар бойынша міндеттемелерді уақтылы орындау үшін 73,4 млрд. теңге көлемінде қосымша қаржыландыру қажеттілігі туындап отыр.

Премьер-Министрдің тұрақтандыру қорларының қаржыландыру көлемін арттыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін кеңейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бағаны тұрақтандырумен айналысатын ұйымдарды кредиттеуге жергілікті бюджеттен 8 млрд. теңге бөлу ұсынылады.

Бұл шаралар азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, инфляция деңгейін төмендетуге және тұтынушылар үшін бағаның қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

«Құрамыс» шағынауданында салынып жатқан емхананың құрылысын жалғастыру үшін 700 млн. теңге қарастыру қажет. Қаражат нысанды 2026 жылғы тамыз айында уақытылы пайдалануға беру үшін маңызды.

Сондай-ақ «Рахат-Мәдениет» және «Боралдай» шағынаудандарындағы жол құрылысын жалғастыру мақсатында 1,8 млрд. теңге бөлу жоспарлануда.

Оған қоса қалаішілік бағыттар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау үшін 10 млрд. теңге бөлуді қарастыру ұсынылады. Бұл тұрғындар үшін қоғамдық көлік қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Құрметті депутаттар!

Бюджет шығыстары Мемлекет басшысының тапсырмалары мен қаланы дамытудың мақсатты көрсеткіштерін ескере отырып, ағымдағы қаржы жылын сапалы аяқтауға бағытталған.

Бюджеттің түпкілікті нақтылау жобасын қолдауларыңызды сұраймын.

Назарларыңызға рақмет!

 

Дата публикации
28 ноября 2025
Дата обновления
28 ноября 2025
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы