Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласы әкімдігі Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне және Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай 2025 жылғы 5 қыркүйекте «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өткізді.

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі елімізде 2018 жылдан бастап қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай аталып өтіп келеді. Іс-шараның міндеті - көпшілікке Қазақстанның мемлекеттік тіл саясатын және А. Байтұрсынұлының ұлт үшін еткен істерін насихаттау, қазақстандық рухани бірлікті нығайту, ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету, отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, жастардың қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру болып табылады.


Мерекелік жиынға мемлекеттік қызметшілер, ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, еңбек ардагерлері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, БАҚ тілшілері, қала тұрғындары мен қонақтары, студент жастар мен оқушылар қатысты.


Мерекелік іс-шара ресми және зиялы қауым өкілдерінің құттықтау сөзімен басталды. Көрермен көпшілікке қазақ тілі, ұлттық өнер мен әдебиет, А. Байтұрсынұлы және т.б. туралы викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендеріне бағалы сыйлықтар берілді.

Іс-шара барысында белгілі өнер шеберлерінің қатысумен концерттік бағдарлама ұсынылып, соңы жастардың би кешіне жалғасты.

Дата публикации
10 сентября 2025
Дата обновления
10 сентября 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы