
2025 жылғы 4-6 тамыз аралығында Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппаратында Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасының сақталуына мерзімді бақылау жүргізілді.
Жұмыс барысында аудан әкімі қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Конституциясының және «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасы заңының баптарын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.