
Алматы қаласының Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес «Қазтест» жүйесімен диагностикалық тестілеу өтті. Алматы қаласы әкімі аппаратының тілдерді дамыту және ономастика бөлімі аталған іс-шараны 2025 жылғы 13-15 мамыр күндері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғимаратында ұйымдастырды.
Тестілеу мемлекеттік қызметтер ұсынатын мекемелер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлерінің мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгеру деңгейін анықтауды мақсат етті. Оған жалпы саны 1450 қызметкер қатысты. Оның ішінде Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істейтін 412 мемлекеттік қызметші қатысып, тестілеу нәтижесі бойынша олардың 193-і қазақ тілін С1 деңгейінде меңгергендігін көрсетті.