Лого

Меню

Страницы

Статья

Номиналы 500 теңгелік алтын мен күмістен «Шығыс күнтізбесі» сериясынан «Сиыр жылы» коллекциялық монеталарын  айналысқа шығару туралы

ҚРҰБ Алматы қалалық филиалы 2020 жылғы 08 қыркүйекте номиналы 500 теңгелік алтын мен күмістен «Шығыс күнтізбесі» сериясынан «Сиыр жылы» коллекциялық монеталарын  сатылымға шығарылуы туралы хабарлайды.

«Сиыр жылы» монеталарының сипаттамасы:

Монеталардың аверсінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символдары және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазулар, күннің стильдендірілген бейнесі және монетаның номиналы бейнеленген.

Монеталардың реверсінде орталық бөлігінде шығыс күнтізбесі бойынша 2021 жылдың символы – сиыр бейнеленген. Монетаны айналдыра «2021», «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және «ORIENTAL CALENDAR» деген жазулар жазылған. Монеталардың ішкі жағында шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.

Алтын және күміс монеталар он екі қырлы және олардың бет және сырт жағындағы бейнелері бірдей.

Коллекциялық  монеталарды  «Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Номиналы  500  теңгелік  коллекциялық  монеталар  Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан  Республикасының  барлық  банктерінде  шектеусіз  ұсақталады  және айырбасталады.

Алтын және күміс монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Номиналы 500 теңгелік алтын және күміс монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Коллекциялық  монеталарды  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  барлық аумақтық  филиалдарында,  сондай-ақ www.nationalbank.kz сайтындағы  «Интернет-дүкен» арқылы сатып алуға болады. Алматы қаласында: Панфилов көшесі, 98 үй. Cұрақтар үшін телефон: + 7 (727) 244-36-76, + 7 (727) 278-81-04 (ішкі 2359).

 

Ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалы әзірледі.

Дата публикации
04 сентября 2020
Дата обновления
04 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы