Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың баяндамасы мен презентациясы

Қайырлы таң құрметті Алатау ауданының тұрғындары!

Сіздерді біздің кездесуімізде көргеніме қуаныштымын!

Алатау ауданы қаламыздың ең қарқынды дамып келе жатқан және индустриялық аудандарының бірі болып табылады. Мұнда жалпы қалалық өнеркәсіп өнімдерінің үштен бір бөлігі өндіріледі.

2024 жылы аудан экономикасына салынған инвестиция көлемі 87,3% өсіммен 360 млрд теңгені құрады.

2024 жылы белсенді бизнес субъектілерінің саны 10,2%-ке өскенін айта кету қажет, бұл салық түсімдерін 31,1%-ке ұлғайтуға және 7,5 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

2024 жылы бөлшек тауар айналымының көлемі 6,9%-ке өсіп, 536 млрд теңгені құрады, ал көтерме тауар айналымы 2,5 есе өсті.

Экономиканың белсенді дамуының арқасында Алатау ауданының бюджеті 2024 жылы шамамен
40%-ке ұлғайып, 43,7 млрд теңгеге жетті, ал
2025 жылы тағы 30%-ке өсіп, 57 млрдтеңгені құрады.

2025 жылы Алматының полицентрлік даму моделі шеңберінде Алатау ауданы үшін негізгі бағыттар әлеуметтік объектілердің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету және кеңейту, инженерлік және көлік инфраструктурасын белсенді дамыту, жайлы өмір сүру ортасынқұру болып қала береді.

Сапалы инженерлік инфраструктурамен  қамтамасыз ету үшін оларды реконструкциялау және жаңасын салу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Өздеріңіз білетіндей, қосылған шағын аудандардың тұрғындары орталық инженерлік желілердің болмауына байланысты ұзақ жылдар бойы септиктер мен ауыз суға арналған жеке скважиналарды пайдаланып келген.

2024 жылы Алғабас және Саялы шағын аудандарында 48,6 км сумен жабдықтау және су бұру желілерінің, сондай-ақ Өжет шағын ауданында жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеге кәріз насос станциясының құрылысы аяқталды. Нәтижесінде сіздердің аудандарыңыздың 5 мыңнан астам тұрғыны орталық ауыз сумен және канализациямен қамтамасыз етілді.

2025 жылдың желтоқсан айында Боралдай, Ақбұлақ, Шапағат, Болашақ, Рахат-Мәдениет шағын аудандарының 23 мың тұрғыны үшін 270 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін, сондай-ақ Әйгерім шағын ауданында 1-ші кәріз насос станциясын салу жұмыстары аяқталады деп күтілуде. Бұл жобалардың жалпы сомасы – 15,5 млрд теңге.

Осы жылдың мамыр айында Теректі шағын ауданында үлкен жобаны іске асыру басталады. Жалпы құны 11 млрд теңгеден биыл бөлінген 4 млрд теңге шеңберінде 90 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу жоспарлануда. Жобаны іске асыру 9 мыңнан астам тұрғынды қамтиды, жұмыстарды 2026 жылдың соңынадейін аяқтау көзделген.

Осы жылдың тамыз айында 7 шағын ауданды  сапалы инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сараптама қорытындысы шыққаннан кейін, 6,6 млрд теңге сомасына 60 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуға кірісеміз. Желілер бойынша жұмыстар 2026 жылдың қараша айының соңына дейін аяқталады.

Жаңа кәріз желілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы ақпанда Шаңырақ-1, Шаңырақ-2 және Қарасу шағын аудандарында 18 кәріз сорғы станциясының құрылысы аяқталды. Объектілерді толық қосу жұмыстарын осы жылдың қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарланған.

2025 жылдың қараша айында Өжет және Самғау шағын аудандарында 2,1 млрд теңге сомасына тағы
5 кәріз сорғы станциясының құрылысын  аяқтаудыжоспарлап отырмыз.

Осы жылдың ақпан айында 37,2 млрд теңге сомасына жалпы ұзындығы 35 км «Батыс кәріз коллекторының» құрылысы басталды. Жобада Алғабас шағын ауданда да кәріз сорғы станциясын салу  қарастырылған. Жұмыстарды 2026 жылдың қараша айының соңынадейінаяқтаудыжоспарлап отырмыз.

Батыс канализациялық коллекторы Алатау және Наурызбай аудандарының 130 мың тұрғынын,  қалаға іргелес орналасқан Алматы облысы Іле ауданының «Аманат» ауылын сапалы орталық су бұрумен қамтамасыз етеді.

2025 жылдың басында аудандағы электр желілерінің тозу деңгейі 64%-ті құрайды, соның салдарынан авариялық сөнулер тұрақты болып тұрады.

Алатау ауданын тұрақты электрмен қамтамасыз ету үшін өткен жылы «Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы Шаңырақ шағын ауданында 42,4 км электр желілерін реконструкциялады және 12 трансформаторлық подстанцияны жөндеді.

2025 жылы «Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы 11 шағын ауданда электр желілеріне, сондай-ақ 64 жылу пунктіне  және 6 подстанцияға күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр. Электр желілерін жаңарту ағымдағы жөндеу шеңберінде 170 км және күрделі жөндеу шеңберінде 28,5 кмқамтитын болады.

2025 жылдың соңына дейін 8 шағын ауданда 73,5 км иесіз электр желілерін реконструкциялау және 33 жылу пунктін орнату аяқталады. Жобаны іске асыруға жергілікті бюджеттен 2,1 млрдтеңгебөлінді.

Осы жылы Индустриялық аймақта, сондай-ақ Теплоэнегетик және Энергостроитель шағын аудандарында 9,3 км жаңа электр желілерін салу жоспарланған.

Алатау ауданын сапалы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. 2024 жылы 55 көшеде
16 км кабель желілері және 600 көше шамдары ауыстырылды.

2025 жылдың мамыр айында біз 2,6 млрд теңге сомасына Алатау ауданындағы 255 көше мен қоғамдық орындарды жарықтандыру бойынша ауқымды жобаны іске асыруға кірісеміз. Жұмыс аясында 2,9 мың тірек және 3,5 мың шам орнатылады.

Жол және көлік инфраструктурасын дамыту біздің жұмысымыздың басым бағыты болып табылады.

2024 жылы 1,7 млрд теңге сомасына ұзындығы 42 км болатын 66 көше орташа жөндеумен қамтылды. 2025 жылдың жоспарында 18 шағын ауданда 81 км жолды орташа жөндеу қарастырылған, бұл мақсатқа 2,5 есе көп қаражат бөлінді – 4,3 млрдтеңге.

Өткен жылдың қараша айында біз Мөңке би және Саин көшелерінің қиылысында көлік айрығының құрылысын аяқтадық, бұл қаланың негізгі магистральдық көшелеріне көлік жүктемесін 20% азайтуға мүмкіндік берді. Осы жылдың шілде айының соңына қарай Саин көшесін ұзартуды аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Жаңа шағын аудандардың жол инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Осы жылдың мамыр айында біз Боралдай және Рахат-Мәдениет шағын ауданында 2026 жылдың қараша айында аяқталу мерзімімен жаңа 50,6 км жол салуға кірісеміз. Бұл мақсатқа 4,5 млрд теңге бөлінді.

2025 жылдың мамыр айында міндетін толық орындамаған мердігерлік ұйыммен сот талқылауы аяқталғаннан кейін және жаңа мердігерлік ұйымды айқындағаннан кейін Алматының батыс бөлігінде 98,5 км арық желілерін салу және реконструкциялау жөніндегі жұмыстар, оның ішінде Алатау ауданы бойынша 44,4 км қалпына келтірілетін болады. Жұмыс 2026 жылдың тамызына дейін аяқталады.

Қоғамдық көлікке қызмет көрсету сапасын арттыру әкімдіктің тұрақты назарында.

Аралықтарды қысқарту мақсатында және тұрғындарға ыңғайлы болу үшін 2024 жылы аудандағы жылжымалы құрам 1221 автобустан
1467 автобусқа дейін ұлғайтылды, бұл 11 жаңа автобусты ұйымдастыруға, 30 қосымша автобустармен күшейтуге және 12 маршрутты жаңартуға мүмкіндік берді.

2024 жылғы қыркүйекте «Мектеп автобусы» жобасын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін Алатау ауданының ең мұқтаж 8 мектебінің 1 100 оқушысын тасымалдау үшін 21 автобус бөлінді. Осы жылы Алатау ауданының 5 мектебінің 1 900 баланы тасымалдауға тағы 23 автобус сатып алу жоспарланып отыр.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өткен жылы 36 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені  және 1 000-нан астам бейне бақылау камерасы орнатылды.

Осы жылдың соңына дейін Алматы қаласының бірыңғай бейне мониторинг жүйесіне қосылған тағы 400 бейне бақылау камерасын орнату жоспарлануда.

Алатау ауданының әлеуметтік инфраструктурасын белсенді дамыту жүргізілуде.

2024 жылы оқушы орындарының тапшылығын одан әрі төмендету мақсатында Саялы-2 шағын ауданында 3,2 млрд теңге сомасына 550 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталды.

2025 жылдың соңына дейін Зерделі шағын ауданында 550 орындық тағы бір мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда, жоба
сомасы - 3,4 млрд теңге.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Алатау ауданында 12 700 орындық 7 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жаңа оқу жылында Теректі , Самғау, Қарасу, Ақбұлақ және Әйгерім  шағын аудандарында 5 мектеп ашу жоспарлануда.

Алғабас шағын ауданында  және Ғажайып шағын ауданында тағы 2 жайлы мектеп 2025 жылдың соңына дейін аяқталады.

2023 жылдан бастап Нұркент шағын ауданында балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру үшін Инновациялық шығармашылық орталығы табысты жұмыс істеп тұрғаны өздеріңізге мәлім. Бүгінгі таңда орталыққа 2 300 бала барады. Бұл тәжірибені Саялы шағын ауданында жалғастыруға ниеттіміз және
2026 жылдың қыркүйегінде Инновациялық шығармашылық орталығы құрылысының аяқталуын күтудеміз.

Алғабас шағын ауданында 720 орындық жаңа Инновациялық техникалық колледждің құрылысы жалғасуда. Жобаның құны - 7,4 млрд теңге, аяқталу мерзімі - 2026 жылғы қаңтар.

Алатау ауданының денсаулық сақтау инфраструктурасын дамыту біздің назарымызда қалады.

Медициналық қызметтерге қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін 2024 жылғы желтоқсанда Қарасу шағын ауданында 200 келушіге арналған, сомасы - 925 млн теңгеге Алғашқы медициналық – санитарлық көмек көрсету ғимаратының құрылысы аяқталды.

Осы жылдың қараша айында Саялы шағын ауданында 200 адамға арналған тағы бір амбулаторияның құрылысы аяқталады деп күтілуде, жобаның құны - 2,1 млрд теңге.

Тұрғындар үшін жайлы өмір сүру ортасын құру қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және дамыту арқылы жүзеге асырылады.

Өткен жылы «Қарасу» шағын ауданында
10,7 га сквер мен жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру жұмыстары аяқталды. Жоба аясында шағын архитектуралық формалар, жаңа көше жиһаздары, демалуға арналған беседкалар орнатылды, сондай-ақ жарықтандыру жаңғыртылды және 760 млн теңгеге жасыл желектер отырғызылды.

«Дарабоз» шағын ауданындағы мешіттің айналасында 6,2 га саябақтың құрылысы аяқталды.

2024 жылдың қыркүйегінде «Боралдай» өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстары аяқталды. Бұл жобаның құны - 2,1 млрд теңге.

2025 жылдың маусым айында «Өжет» шағын ауданындағы 16 га тоған аумағын абаттандыру жобасының аяқталуын күтудеміз. Осы жоба аясында аумақты көгалдандыру, жаяу жүргіншілер аймақтарын құру, спорт және балалар алаңдарын салу көзделген.

Сондай-ақ, өткен жылы ағымдағы жөндеу аясында 6 қоғамдық кеңістік абаттандырылып, 2,6 млрд теңгеге 2 автосуару жүйесі орнатылды.

2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 2,5 млрд теңге бөлініп,
45 жоба, оның ішінде 24 қоғамдық кеңістікті, 10 аула аумағын абаттандыру, жарықтандыруды жаңғырту және 2 учаскеде автоматты суару жүйесін орнату бойынша 5 жоба іске асырылды.

2025 жылы қала бюджетінен 557-тен астам ұсыныстың ішінен тұрғындар іріктеп алған Халық қатысатын бюджеттің тағы 50 жобасын іске асыру үшін 2,5 млрд теңге бөлінді.

Осы жылдың наурыз - қыркүйек айлары аралығында 31 қоғамдық кеңістікті, 16 аула аумағын абаттандыру және көшелерді жарықтандыруды модернизациялау бойынша 3 жобаны іске асыру жоспарланған.

 

Құрметті Алатау ауданының тұрғындары!

Назарларыңыз үшін алғыс білдіремін, енді сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.

Дата публикации
24 апреля 2025
Дата обновления
24 апреля 2025
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
19 октября 2026
Баспа БАҚ

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы