Лого

Меню

Страницы

Статья

Түрксіб ауданының 50-ден астам кәсіпкерлік субъектілеріне ҚР Тіл туралы заңнамасының талаптары түсіндірілді

 

Алматы қаласы әкімдігі Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша қоғамдық тамақтандыру объектілерінде ҚР тіл туралы заңнамасы талаптарының сақталуы жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Іс-шара барысында кәсіпкерлерге ҚР тiл туралы заңнамасының талаптары туралы ақпарат беріліп, “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің және “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының баптары түсіндірілді. Сондай-ақ деректемелер мен көрнекі ақпараттарды орналастыруда және тұтынушыларға қызмет көрсету барысында тілдердің қолданылуы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетіліп, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.
Аталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына Алматы қаласы әкімі аппараты тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің мамандары, Түрксіб ауданы аппаратының тіл мен кәсіпкерлік салаларына жауапты қызметкерлері спикерлік етті.


Іс-шараға Түрксіб ауданы бойынша 50-ден аса кәсіпкерлік субъектілердің өкілдері шақырылды.
Алдағы уақытта мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қаланың басқа да аудандарында жүргізу жоспарлануда.

Дата публикации
14 апреля 2025
Дата обновления
14 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы