
Қайырлы таң құрметті Түрксіб ауданының тұрғындары!
Сіздерді кезекті кездесуімізде көргеніме қуаныштымын.
Бүгінгі таңда Түрксіб ауданы Алматының маңызды көлік торабы және экономиканың тұрақты өсімін көруге болатын қаланың барынша қарқындыдамып келе жатқан аудандарыныңбірі болып табылады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 7%-ке ұлғайып, 218 млрд теңгені құрады, оның ішінде жеке инвестиция 12,3%-ке өсіп, 200 млрд теңгеге жуықтады.
2024 жылы көтерме сауда 27%-ке өсіп, 1,4 трлн теңгені құрады, бөлшек сауда 621,7 млрдтеңгегежетті.
Жұмыс істеп тұрған бизнес-субъектілердің саны 10,4%-ке артып, 30 мыңға жетті. Бұл
5,5 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құруға ықпал етті.
Түрксіб ауданының бюджеті 40%-ке ұлғайып,
22,5 млрд теңгеге жетті, ал 2025 жылы тағы 40%-ке өсіп, 31,6 млрд теңгені құрады.
Аудан және қала әкімдіктері инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға, Түрксіб ауданын абаттандыруға және аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөледі. Биыл біз осы бағытта жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз
Сапалы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін оны реконструкциялау және жаңасын салу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
2024 жылы ауданда 5 800 абонентті қамти отырып, жалпы сомасы 10,8 млрд теңгеге 190 км магистральдық сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу жұмыстары аяқталды.
Бүгінгі таңда Әлмерек және Жас Қанат шағын аудандарының тұрғындары желілерге қосылды.
Өздеріңіз білетіндей, «Нижняя Пятилетка» шағын ауданында желілерді салу барысында біз ұзақ уақыт бойы бірқатар проблемаға тап болдық. Бүгінгі таңда желілерді салу жұмыстары 95%-ке аяқталды. Жұмыстар 2025 жылдың мамыр айының соңына дейін аяқталады.
Сондай-ақ, шағын ауданның жоғары бөлігіндегі
12 жол учаскесін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстар осы жылдың мамыр айының соңына дейін аяқталады.
Шуақты шағын ауданында жаңа канализациялық насос станциясының құрылысы аяқталып келеді. Іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін осы жылдың сәуір айының соңына дейін оған ауданның төменгі бөлігінде орналасқан 70 үй қосылады.
2025 жылдың шілде айында Нижняя Пятилетка шағын ауданында тағы 2 канализациялық насос станциясының құрылысы басталады.
2025 жылдың қыркүйегінде 4,3 млрд теңгеге Қайрат шағын ауданының тұрғындарына арналған
37,2 км сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Осы жылдың мамыр айында орталықтандырылған инженерлік желілердің болмауына байланысты ұзақ жылдар бойы аулаларында септиктерді пайдаланып отырған 1 500 абонентті қамти отырып, 64 км сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы көзделген
4 жобаны іске асыруға кірісеміз. Жұмыстар
2026 жылдың соңына дейін аяқталады, жобалардың құны – 3,1 млрд теңге.
Жылу желілерін модернизациялау жұмыстары белсенді жалғасуда.
2024 жылы Спасская көшесі мен Сүйінбай көшесіндегі 2 учаскеде 2,1 км жылу желілері реконструкциядан өтті.
Осы жылы тағы 2 учаскеде: Майлин көшесінің бойындағы және Сейфуллин даңғылындағы 8,1 км жылу желілерін реконструкциялау жоспарлануда.
Өткен жылы «Вокзал» қазандығына 3,4 км су құбыры және 7,3 км электр желілері салынды, инвестицияның жалпы көлемі 1,5 млрдтеңгені құрады.
2025 жылы 2,2 млрд теңге сомасына 9 қазандықты модернизациялау жоспарланған.
Электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру және жиі болатын апаттарды жою үшін сіздердің аудандарыңызда жаңа желілерді салу жұмыстары жүріп жатыр.
2024 жылы Қайрат шағын ауданында құны
4,2 млрд теңге болатын 55,5 км кабель желілері тартылды, 22 трансформаторлық подстанция және
1таратупунктіорнатылды.
Бұдан басқа, 2025 жылдың мамыр айында Әлмерек және Нұршашқан шағын аудандарында жалпы сомасы 7,8 млрд теңгеге 54,5 км электр желілері мен 4 трансформаторлық подстанцияны модернизациялау жұмыстарын аяқтау жоспарланған.
Қайрат және Нұршашқан шағын аудандарының тұрғындарын үздіксіз электрмен қамтамасыз ету үшін 2024 жылы «Тұздыбастау» подстанциясы салынды. «Тұздыбастау» подстанциясын «Бесағаш» подстанциясымен жалғайтын 7,8 км кабель желілерін салу жұмыстары аяқталғаннан кейін осы жылдың мамыр айында іске қосылады.
Түрксіб ауданының жол және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.
2024 жылы ауданда 5,6 млрд теңге сомасына ұзындығы 39,6 км болатын 38 көше орташа жөндеуден өтті. 2025 жылы 37 көшеде тағы 51 км жолға орташа жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз.
Өткен жылы 40 мың кв. метр жол жабыны қалпына келтіріліп, 200 «қалқымалы» люк орнатылды. 2025 жылы 500 млн теңге сомасына тағы 30 мың кв. метр жолды жөндеу және 200 люк орнату көзделген.
Бұдан басқа, 2024 жылы Әлмерек және Қайрат шағын аудандарындағы 13 көшеде
5,7 млрд теңге сомасына тротуарлар мен арық желісін толық жайластыра отырып, 13 км жаңа жол төсеу жұмыстары басталады.
Осы жылдың мамыр айында Жас Қанат шағын ауданындағы 19 көшеде 3,5 км жаңа жол құрылысы басталады. Жұмыстарды 2025 жылдың маусым айының соңынадейінаяқтаудыжоспарлап отырмыз.
Жер учаскелерін сатып алғаннан кейін биыл Хмельницкий көшесін Қайрат шағын ауданынан Талғар тас жолына дейін ұзартып салуды бастау жоспарланған.
Сонымен қатар, 2025 жылдың тамыз айында Ержанов көшесінің бойындағы теміржол жол арқылы өтпелі көпірдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Қоғамдық көлік қызметінің сапасын жақсарту үшін 2024 жылы 10 маршруттағы 195 автобус жаңартылды.
«Мектеп автобусы» жобасын іске асырудың арқасында 2024 жылдың қыркүйегінде Түрксіб ауданындағы барынша мұқтаж 9 мектепке 2,3 мыңға жуық баланы тасу үшін 37 автобус берілді. 2025 жылдың ақпан айында №50 мектепте оқитын 500 балаға қосымша 5 автобус бөлінді.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өткен жылы 32 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені және 585 бейнебақылау камерасы орнатылды. Бұдан басқа, тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге ірі көлемді және құрылыс қоқыстарын тастайтын бұзушыларды анықтау және жауапкершілікке тарту үшін 37 қоқыс алаңына 74 камера орнатылды.
Әкімдік Түрксіб ауданының білім беру инфрақұрылымын белсенді дамытуды жалғастыруда.
2024 жылдың қараша айында оқушы орындарының тапшылығын төмендету үшін №59 мектеп-гимназияға сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жүргізу және 300 орындық қосымша құрылыс салу жұмыстары аяқталды. Осыдан кейін бірден Чернышевский көшесіндегі оның филиалын реконструкциялау басталды, жұмысты 2025 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған.
2025 жылдың ақпан айында №195 мектепке 450 орындық қосымша құрылыс салу жұмыстары аяқталды, жобаның құны 1,8 млрдтеңгені құрады.
Сондай-ақ, өткен жылы 532 млн теңгеге №83 гимназияның филиалын реконструкциялау жүргізілді.
Осы жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түрксіб ауданында 6 100 орындық
4 жаңа мектептің құрылысы аяқталады деп күтілуде.
2025 жылдың соңына қарай 1 млрд теңге сомасына №50 орта мектепті сейсмикалық күшейтумен күрделіжөндеуаяқталады.
Бұдан басқа, 4 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде: 600 орындық №198 мектепке қосымша құрылыс салу, №142 мектепті реконструкциялау; №78 мектепке 400 орындық қосымша құрылыс салу арқылы күрделі жөндеу және №170 мектептің ескі ғимаратын бұза отырып, қосымша құрылыс салу.
Түрксіб ауданында мектепке дейінгі ұйымдарында орын тапшылығын төмендету жұмыстарыжалғасуда.
2024 жылдың тамыз айында №70 арнайы бөбекжай-балабақшаны сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
2025 жылдың сәуір айының соңына дейін мердігерді анықтап, Қайрат шағын ауданындағы
260 орындық №192 балабақшаның құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Сондай-ақ, 2025 жылдың қазан айында мемлекеттік сараптама қорытындысы шыққаннан кейін Әлмерек шағын ауданындағы 320 орындық жаңа балабақшаны салу және Алтай-1 шағын ауданындағы жұмыс істеп тұрған №119 бөбекжай-балабақшаны реконструкциялау жұмыстарына кірісеміз. Жұмыстар 2026 жылдың 3-ші тоқсанында аяқталады.
2025 жылдың ақпан айында Жас Қанат шағын ауданында күніне 600 келушіні қабылдайтын дене шынықтыру-сауықтырукешенініңашылуыөтті.
Осы жылдың қыркүйек айында Майлин көшесінде тағы бір «Авиатор» дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға кірісеміз. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2026 жылдың 4-ші тоқсанында аяқтау жоспарлануда.
Сондай-ақ, 2025 жылдың мамыр айында Жас Қанат шағын ауданында 300 орындық көрермен залы мен 500 орыннан асатын трибунасы бар, сыйымдылығы 850 орындық Даму және шығармашылық орталығының құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2026 жылдың маусым айында аяқталады деп күтілуде.
Инфрақұрылымды жақсарту және кадрлық әлеуетті арттыру мақсатында жатақханасы бар Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталады. Жобаның жалпы құны 7,4 млрд теңгені құрайды.
Аудан тұрғындарын қолжетімді және сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыс жалғасуда.
2024 жылдың қазан айында Нұршашқан шағын ауданында заманауи жабдықтармен жарақтандырылған жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылды. Амбулатория бір ауысымда
100 келушіге есептелген және бүгінде 12 мыңнан астам адам оның қызметін пайдаланып үлгерді. Жобаның құны 700 млн теңгені құрады.
Жедел жәрдем көлігінің келуін күту уақытын қысқарту мақсатында Наманганская көшесінде
10 бригадаға есептелген №13 шұғыл медициналық жәрдем подстанциясы ашылды.
2025 жылдың тамыз айында бөлінген 1 млрд теңге аясында Айбасов көшесінде бір ауысымда
200 келушіге арналған тағы бір отбасылық-дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталады деп күтілуде.
2025 жылдың мамыр айында №20 қалалық емхананың ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.
Сонымен қатар, биыл Наманганская көшесінде ауысымында 500 келушіні қабылдайтын жаңа емхананың құрылысы, Әлмерек және РВ-90 шағын аудандарында 200 келушіге арналған 2 отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның, сондай-ақ №8 қалалық клиникалық ауруханаға қосымша құрылыс салумен реконструкциялау үшін мемлекеттік сараптама қорытындысы шығады деп күтілуде.
Жайлы қалалық орта құру қала әкімдігі жұмысының басты бағытының бірі болып табылады.
Түрксіб ауданында қаладағы барлық ескі тұрғын үйлердің жартысы орналасқан,бүгіндеолардыжаңарту бойынша белсендіжұмысжүргізілуде.
2024 жылдың қараша айында әкімдік 2030 жылға дейін тұрғын үйді жаңартудың жаңа бағдарламасын әзірледі және бекітті. Бағдарламада әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымдарын дамытуды ескере отырып, ескі тұрғын үй иелерінің кепілдіктерін бекіту арқылы кешенді және орамдық құрылыс салу және тұрғын үй қорын жаңарту айқындалды.
Өткен жылы Кассин және Сауранбаев көшелеріндегі 13 жаңа көппәтерлітұрғынүйдіңқұрылысыаяқталды.
Алтай-2 шағын ауданында бұзылған 6 үйдің орнына тоғыз қабатты 3 үй салынып жатыр.
Сондай-ақ, Сауранбаев көшесінде 3 үйді бұзып, кейін 8 жаңа көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда.
2025 жылғы маусымда жайлы қалалық орта құру жөніндегі жұмыс шеңберінде Үлкен Алматы каналын және Баум тоғайын абаттандыру бойынша 2 ауқымды жобаны іске асыруға кірісеміз.
Биыл «Кіші Алматы» өзенінің бойымен, 13-ші әскери қалашықта және Майборода көшесінде серуендеу аймақтарын жайластыру, сондай-ақ Хмельницкий көшесінің бойындағы тоғандарды тазалау бойынша тағы 4 жобаны бастауды жоспарлап отырмыз.
2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша жаяу жүргіншілер-серуендеу және саябақ аймақтарын, балалар және спорт алаңдарын, автоматты суару жүйелерін, жарықтандыру желілерін жайластыру және қазылып орнатылатын контейнерлерді орнату бойынша 52 жобаны іске асыруға 2 млрд. теңге бөлінді.
Осы жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аумақты абаттандыру, автоматты суаруды орнату және көшені жарықтандыру сияқты сіздердің аудандарыңыздың тұрғындары ұсынған 32 жобаны іске асыруға тағы 2 млрд. теңге бөлінді. Жұмыстарды осы айда бастау жоспарлануда.
Құрметті Түрксіб ауданының тұрғындары!
Назар қойып тыңдағандарыңыз үшін рақмет!
Енді Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.
https://youtube.com/live/ehdLIhCnng0?feature=share
https://www.facebook.com/turksib.almaty/videos/2456162234722868