Сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы - 6,98 мың км, су бұру - 4,02 мың км.
2024 жылдың қорытындысы
- 294,3 км жаңа сумен жабдықтау және 212,9 км,
су бұру желілері 41,3 млрд. теңге сомасына салынды, 57 км қолданыстағы желілер 6,8 млрд. теңге сомасына жаңғыртылды (51,5 км сумен жабдықтау және 5,5 км су бұру).
- Тұрғындардың орталық сумен жабдықтауға қолжетімділігі 99,6% (2023 жылы - 99,3%) деңгейінде қамтамасыз етілді, сумен жабдықтау желілерінің тозуы 53,8%
(2023 жылы – 54,3%), су бұру желілерінің тозуы 54,4%
(2023 жылы – 56%) дейін төмендеді.
- Жаңа "Балқаш" таза су резервуары іске қосылды (қуаты – тәулігіне 7,3 мың м3., қамту – 20 мың тұрғын), сумен жабдықтаудың резервтік схемасы салынды (қуаты – тәулігіне 32 мың м3., қамту – 50 мың тұрғын), "Қарғалы" су қабылдағышының құрылысы аяқталды (қуаты – тәулігіне 15 мың м3., қамту – 50 мың тұрғын).
2025 жылға арналған жоспар
- 260 км жаңа су және су бұру желілері салынып, 87 км қолданыстағы сумен жабдықтау және су бұру желілері жаңғыртылады, сумен жабдықтау желілерінің тозуы 52,5% – ға, су бұру желілері 53,9% - ға дейін төмендейді.
- "Ақсай" су қабылдағышын пайдалануға беру, қуаттылығы тәулігіне 22 мың м3 (аяқтауы 2025 ж. қараша айына жоспарланған, қамту – 100 мың тұрғын).
- 3. Батыс коллекторының құрылысы бойынша ҚМЖ басталуы.
- "Ерменсай" өзенінде су алу бойынша ҚМЖ басталуы, қуаттылығы тәулігіне 9 мың м3 (қамту – 22 мың тұрғын, ЖСҚ-ға мемлекеттік сараптама алынды).
- 5. №1 қала сыртындағы коллекторды реконструкциялау бойынша ҚМЖ басталуы.
- 6. "Барлық" су жинау бұтасы жобалануда, қуаттылығы тәулігіне 43 мың м3 (80 мың тұрғынды қамту, ТЭН әзірленуде), сараптаманың болжамды шығу мерзімі – 2025 жылғы мамыр айына жоспарланған.
ЖСҚ бойынша қорытындысын алу - 2025 жылғы қараша айына жоспарланған.