
Алматы қаласының тұрғын үй қатынастары, қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз техникалық пайдалану, газ тұтыну жүйелері мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі газ жабдықтарын пайдалану салаларында басшылық етеді және қала тұрғындары үшін жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру жұмыстарын жүргізеді.
БАСҚАРМАҒА ҚАРАСТЫ ҰЙЫМДАР:
1) Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы Тазалық» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
2) «Алматы Тұрғын үй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
ТҰРҒЫН ҮЙ ЕСЕБІ ЖӘНЕ БӨЛУ БӨЛІМІ.
ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БӨЛІМІ.
2024 жылы 5 567 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді:
- 2 000 – коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген жалдамалы пәтер;
- 2 100 – жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй;
- 226 – кезектегілерге арналған 2 және 5% жеңілдетілген несие бағдарламалары бойынша;
- 1 241 – «Алматы Жастары» бағдарламасы бойынша (5-10-25).
ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫ
2024 жылы жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге бөлініп, 256,3 млн теңге игерілді. Барлығы 206 тұрғын үй сертификаты берілді.
Алушылар: «1 және 2 топтағы мүгедектер», «мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар», «көпбалалы отбасылар» және «жетім балалар».
2025 ЖЫЛҒА ЖОСПАР – 6 034 ПӘТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ:
- 2 100 – коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін жалдамалы пәтер;
- 1 050 – жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй;
- 1 584 – кезектегілерге арналған 2 және 5% жеңілдетілген несие бағдарламалары бойынша;
- 1 300 – «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша (нарықтан пәтер сатып алу).