Лого

Меню

Страницы

Статья

Есеп атқарылған жұмыс туралы 2024 жылғы Қала құрылысын бақылау басқармасы

Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бақылауды жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта қала аумағында 1105 объектінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде (бюджеттік 263, коммерциялық 842), оның ішінде 171 тұрғын үй кешені.

Бақылау функциялары шеңберінде 2024 жылы 1 275 жоспардан тыс тексеру жүргізілді,  742 бұзушылық анықталды.

Бұзушылықтарды жоюға 717 ұйғарым берілді.

Сапасыз құрылыс және құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін 56 ұйым жауапкершілікке тартылды, «Sheberbuild» ЖШС, «Еділ-строй сервис» ЖШС лицензияның кіші түрінен айырылды.

Тиісінше бақыламағаны үшін 14 техникалық қадағалау ұйымы жауапқа тартылды.

Жобалау сатысында 312 бап бойынша 14,1 млн. теңге сомасына 28 жобалау ұйымы бойынша шаралар қабылданды (1 лицензияның кіші түрінен айырылды).

2024 жылғы лицензиядан кейінгі бақылау қорытындысы бойынша 244-нің қолданысы тоқтатылды, 13 құрылыс лицензиясы уақытша тоқтатылды.

 

Мемлекеттік қызметтер.

Басқарма барлығы 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Лицензияларды алу/қайта ресімдеу мәселесі бойынша (3 қызмет) лицензиялау бойынша 2 881 өтініш қаралды. 2051 мемлекеттік лицензия берілді және қайта ресімделді, оның ішінде:

  • құрылыс-монтаж жұмыстары 1418 мемлекеттік лицензия;
  • жобалау қызметі 469 мемлекеттік лицензия;
  • іздестіру қызметі 164 мемлекеттік лицензия.

Құрылыс саласында сарапшы аттестатын алу мәселесі бойынша тестілеуге жіберілгендердің ішінен 511 өтініш келіп түсті, 107 өтініш беруші тестілеуден өтіп, сарапшы аттестаттарын алды, 7 аттестат қайта ресімделді, 6 сарапшы аттестатының қолданысы уақытша тоқтатылды, 2 тоқтатылды.

Объектілерді кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім алу мәселесі бойынша 511 өтініш келіп түсті, 315 қанағаттандырылды.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару бойынша аккредиттеу туралы 40 куәлік берілді.

 

Талап-арыз қызметі.

Соттарға заң талаптары мен құрылыс нормаларын бұзғаны үшін 263 талап-арыз жіберілді, оның 156-і қанағаттандырылды, 76-сі қарауда, бас тартылды 31.

Олардың ішінде:

  • бұзуға - 115 (66 қанағат, 33 қарауда, 16 бас тардылды);
  • нұсқаманың орындалуы - 148 (90 қанағат, 43 қарауда, 16 бас тартылды).

56 объект бұзылды.

Жыл басынан бері 27 объект бұзылды. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты күшейтілді және үнемі бақылауда.

 

Таулы аймақ

Бақылау функциялары шеңберінде Басқарма заңсыз құрылыс пен нормативтік талаптарды бұза отырып, салынған құрылыстың 60 фактісін анықтады (Бостандық ауданында 24, Медеу ауданында 28, Наурызбай           ауданында 8).

60 нысанның ішінен:

  • сотқа 55 талап арыздар берілді, оның 35 қанағаттандырылды (35 шешімнің 31-і заңды күшіне енді, 2-і апелляцияға шағымданады, 2-і мерзімі бар), 5-і қарауда, 15 ескертулер жойылды;
  • қалған 5 объект бойынша;
  • сотқа талап-арыздар дайындалуда - 2;
  • ҚМЖ бастапқы кезеңде тоқтатылды - 3;

Таулы жерлерде 8 объект («Граф», «Хан», «Мечта», «Алма Гарден» ТК және Бектембаев КТҮ, «7 холмов» қонақ үйлері, «Pain Hill», Медеу ауданы, қорғаушы А/т-қорғаушы, 62/4 уч. (98) бұзылды.

 

 

 

 

 

Дата публикации
07 апреля 2025
Дата обновления
07 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы