Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуіндегі баяндамасы мен презентациясы

Қайырлы таң, құрметті Әуезов ауданының тұрғындары!

 

Сіздерді 2025 жылғы алғашқы кездесуімізде көргеніме қуаныштымын.

Өткен жылы Әуезов ауданында әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы байқалды.

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор бөлшек сауда және көтерме сауда,
сондай-ақ құрылыс көлемінің өсуі есебінен
9,7%-ке өсті.

Ауданның дамуына негізгі капиталға 15% өсіммен 120 млрд. теңге инвестиция тартылды.

Шағын және орта бизнес белсенді дамып келеді. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8,6%-ке 60 мың бірлікке дейін өсті. Бұл 7,7 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.

2024 жылы салықтар мен төлемдерден
36,2% өсіммен 296,9 млрд теңге түсті.

Қала әкімдігі ауданды дамытуға ерекше көңіл бөледі, соның нәтижесінде Әуезов ауданының бюджеті 2024 жылы 65%-ке және 2025 жылы тағы 25%-ке ұлғайып, 53,7 млрд теңгеге жетті.

Бүгінде қала және аудан әкімдіктері жұмысының негізгі бағыттары инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды модернизациялау, ауданды сапалы абаттандыру және тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын арттыру болып табылады.

Әуезов ауданын дамытудың маңызды приоритетінің бірі тұрғындарды сапалы және заманауи инженерлік инфрақұрылыммен кешенді қамтамасыз ету болып табылады.

2024 жылы 12 көшеде, оның ішінде бұрынғы «Восход», «Садовод» және «Ветеран» бау-бақша серіктестіктерінің 12,3 км сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы аяқталды. Барлығы 1,5 млрд теңге бөлінді.

2025 жылы Мамыр-4 шағын ауданында 12,3 км сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы аяқталады деп күтілуде. Құны 2,8 млрд теңге болатын жобаны іске асыру ауданның 800-ден астам тұрғынын сапалы инженерлік желілермен қамтамасыз етеді.

2025 жылғы сәуірде Достық шағын ауданындағы
22 көшеде 15,7 км су бұру желілерін салу жұмыстары қайта басталады. Өткен жылы біз Рабат, Виноградов және Дастан көшелеріндегі тұрғындарды қосымша қамту үшін жобаны түзетіп, көшелердің бүкіл ені бойынша асфальт жабындысын қалпына келтірдік. Жұмыстар 2025 жылдың қазан айында аяқталады, жобаның құны – 2,6 млрд теңге.

Осы жылдың қазан айында Саин – Жандосов – Қарғалы өзені - Шаляпин көшелерінің шаршысында жалпы сомасы 10,8 млрд теңгеге
3 мыңнан астам тұрғынды сапалы сумен және су бұрумен қамтамасыз ету үшін 49 км инженерлік желі
құрылысын аяқтау жоспарлануда.

2024 жылы сапалы жылумен қамтамасыз ету үшін 30 жыл бұрын салынған Саин, Тоқтабаев, Черепанов көшелеріндегі, Мамыр-3 және 5-інші шағын аудандарындағы 4,9 км желілерді реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Жалпы сомасы 4,4 млрд теңгені құрады.

Осы жылдың тамыз айында Жетісу-2 шағын ауданында 600 млн теңгеге 1,1 км жылумен жабдықтау желілерін реконструкциялауды аяқтау жоспарлануда.

Бүгінгі таңда Әуезов ауданында электр желілерінің 63%-і тозған, соның салдарынан апаттық ажыратулар үнемі орын алады.

Тұрғындарды тұрақты электр қуатымен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін өткен жылы
«АЖК» АҚ 300 млн теңге сомасына 23 км электр желілерін реконструкциялау аяқталды, 29 трансформаторлық және 5 тарату қосалқы станциясы жөнделді.

2025 жылы 36,3 км электр желілерін реконструкциялау және 49 трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеу жоспарланған.

Сыртқы жарықтандыруды жақсарту үшін
2024 жылы 42,3 км кабель желілері қалпына келтірілді, 152 жаңа жарықтандыру тіректері орнатылды және жалпы сомасы 1 млрд теңгеге 3 800-ден астам шамдар ауыстырылды.

Биыл тағы 52 км кабель желілерін қалпына келтіру, 487 жарықтандыру тіректерін орнату, 2500 астам шамдарды ауыстыру жоспарлануда. Бұл мақсаттарға
1 млрд теңге қарастырылған.

2025 жылдың қыркүйегіне дейін бөлінген 360 млн теңге аясында өткен жылы жарықсыз қалған
81
көшені жарықтандыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттама қорытындысы алынды, жұмыстар 2025 жылдың сәуір айында басталады.

Аудан тұрғындарының жайлылығы мен мобилділігін арттыру мақсатында жол-көлік инфрақұрылымын модернизациялау және аудан қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2024 жылы ауданның ұзындығы 12,2 км 16 көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2025 жылы бұл қамту ұзындығы 10 км болатын 13 көшені қамтиды. Бұл жұмыстарға 2,3 млрд теңге бөлінді.

Өткен жылы ағымдағы жөндеу аясында 27 мың кв. метр жол төсемі қалпына келтірілді, 45 учаскеде 17 мың кв. метр техникалық тротуар жабдықталды, 4,4 км арық желілері салынды және 200 люк ауыстырылды.

Биыл тағы 26 мың шаршы метр жолды жөндеу,
16 мың шаршы метр техникалық тротуарды жабдықтау, 34,5 км арық желілерін салу және 200 «қалқымалы» люк орнату жоспарлануда.

Осы жылдың мамыр айында 5 жер үсті жаяу жүргіншілер өткеліне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Жобаның құны - 650 млн теңге.

Қоғамдық көлік қызметтерінің сапасын арттыру үшін 2024 жылы жылжымалы құрам 238 бірлікке
1 325 автобустан 1 563 автобусқа дейін ұлғайтылды, бұл 8 жаңа маршрутты ұйымдастыруға, 13 қолданыстағы маршрутты жаңартуға және күшейтуге мүмкіндік берді.

Аудандағы тәртіп мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2024 жылы «Сергек» жаңа 32 аппараттық-бағдарламалық кешені, бейнемониторинг жүйесінің
1 027 камерасы орнатылды.

Әуезов ауданының тұрғындары үшін сапалы әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету менің ерекше бақылауымда.

Халық санының өсуін ескере отырып, оқушы орындарының тапшылығын одан әрі төмендету үшін жаңа мектептер мен қосымша ғимараттар салу бойынша жүйелі жұмысжүргізілуде.

Өткен жылдың қыркүйек айында апаттық жағдайдағы бұзылған №97 мектеп ғимаратының орнына елімізде 600 орындық алғашқы жайлы мектеп салынды.  

Сондай-ақ, 2024 жылдың қараша айында
1200 орындық №9 мектепті 2 млрдтеңгесомасынасейсмикалық күшейтумен күрделіжөндеу жұмыстары аяқталды.

Бүгінгі таңда №13 және №158 мектептер үшін жаңа ғимараттар салу, сондай-ақ №42 мектепке
300 орындық қосымша құрылыс салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Осы жылдың қыркүйегінде мемлекеттік сараптама қорытындылары шыққаннан кейін бұл жобаларды іске асыруға кірісеміз. Объектілер келесі оқу жылы басталғанға дейін ашылады.

Мектепке дейінгі білім беру орындарының тапшылығын төмендету мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді, біз бұл бағытта жоспарлы жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Осы жылдың тамыз айында 10-шы шағын ауданда 1,6 млрд теңге сомасына 160 орындық және «Алтын бесік» шағын ауданында 1 млрд теңге сомасына 120 орындық 2балабақшаның құрылысынаяқтаужоспарлануда.

2025 жылы қарашада Таугүл шағын ауданында  орналасқан апаттық жағдайдағы ғимараттың орнына 120 орындық балабақша салуға мемлекеттік сараптама қорытындысы шығады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың қыркүйегінде басталып, 2026 жылдың шілдесіндеаяқталады.

2025 жылдың наурыз айында біз Алматы үшін өте маңызды жоба – Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық орыс театрын реконструкциялау және оның жаңа сахналарын салу жұмыстарына кірістік. Жұмыстарды 2026 жылдың маусым айында аяқтау жоспарланған.

Әуезов ауданы тұрғындарының денсаулығын қамтамасыз ету және денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру үшін медициналық қызметтердің сапасын жақсартумәселелерітұрақтыбақылауымызда.

2025 жылдың сәуір айында Таугүл-3 шағын ауданындағы №18 емхананы күрделі жөндеу аяқталады. Жобаның құны – 446 млн теңге.

Осы жылдың желтоқсан айында №16 қалалық емхананы күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз, жобаның құны 1,5 млрдтеңге.

2025 жылдың ақпан айында Жетісу-3 шағын ауданында «Парасат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылды. Ауданы 1 700 кв. метрден асатын бұл орталық ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалтуға арналған заманауи жабдықтармен жарақтандырылған. Жобаның құны – 350 млн теңге.

 

Сіздердің аудандарыңызда қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру мен дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

2025 жылдың маусым айында 4 қоғамдық кеңістік:  Ақсай-4 шағын ауданы мен 12-ші шағын аудандағы скверлер, Мамыр-4 және Жетісу-3 шағын аудандарындағы  жаяу жүргіншілер аймақтарын абаттандыру жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Осы жобалардың шеңберінде жаңа балалар және спорт алаңдары, көше жиһазы, демалуға арналған беседкалар орнату, сондай-ақ жарықтандыруды жаңарту және жасыл желектер отырғызу көзделген.

Біздің қаламызды түрлендіріп құлпыртатын негізгі жобалардың бірі Сайран көлін абаттандыру. 2024 жылдың соңында негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды, ал осы жылдың мамыр айында жобаның қорытынды кезеңі аяқталады. Сайран көлі қала тұрғындары мен қонақтары қыдырып баратын еңтартымды орындардың біріне айналатынына сенімдімін.

Осы жылдың қазан айына дейін Өтеген батыр және Жұбанов көшелерін «қасбеттен қасбетке дейін» принципі бойынша абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын аяқтаймыз. Көзделген 6 млрд теңге шеңберінде демалыс және спортқа арналған аймақтар, балалар ойын алаңдарын жасау, бейнекамералар, шамдар мен урналар орнату, жаяу жүргіншілер, тұрақ аймақтарын жайластыру және көгалдандыру жоспарлануда.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын белсенді іске асыру жалғасуда. 2024 жылы жалпы сомасы 2,8 млрд теңгеге 57 жоба іске асырылды, оның 16-сы қоғамдық кеңістіктерді жайластыру, 41-іаулааумақтарынабаттандыру бойынша жобалар.

2025 жылы Халық қатысатын бюджет бағдарламасын іске асыру үшін қалалық бюджеттен
2 млрд теңге бөлінді. Дауыс беру қорытындысы бойынша тұрғындардың 727 өтінімінен 30 жоба іріктеп алынды, оның ішінде 20 жоба – қоғамдық кеңістікті абаттандыру және 10 жоба – аула аумағын жөндеу бойынша.

Аула аумақтарының жай-күйін жақсарту мақсатында 2024 жылы жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеге 23 аулаға күрделі жөндеу және жалпы сомасы 470 млн теңгеге 115 аулаға ағымдағыжөндеу жүргізілді.

2025 жылдың мамыр айында 2,4 млрд теңгеге тағы 23 аула аумағын күрделі жөндеу және 118 аула аумағын ағымдағы жөндеу жұмыстарын бастау жоспарда бар. Аяқталу мерзімі – 2025 жылдың қыркүйегі.

Сіздердіңаудандарыңыздың тұрғын үй-коммуналдықинфрақұрылымын модернизациялау жәнежақсартужұмыстарыжалғасуда.

Өткен жылы 36 тұрғын үйге сәндік жарықтандыру орнатылды, оның ішінде 28үйдің фасадына ағымдағыжөндеужүргізілді.

2025 жылы 42 үйге сәндік жарықтандыру орнату және 12үйдің фасадын ағымдағыжөндеужұмыстарыжоспарлануда.

Қауіпсіздіктің жоғары деңгейін және өмір сүру үшін үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін
2024 жылы 1,4 млрд теңге сомасына 39 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді және 340 млн теңге сомасына 20 көппәтерлі тұрғын үйде 30лифтауыстырылды.

2025 жылы 678 млн теңге сомасына 45 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізу және 420 млн теңге сомасына 32 көппәтерлі тұрғын үйде 34 лифтіні ауыстыру жоспарланған.

Құрметті Әуезов ауданының тұрғындары!

Назар қойып тыңдағандарыңыз үшін рақмет, енді сіздердің сұрақтарыңызға көшуге дайынмын.

Дата публикации
03 апреля 2025
Дата обновления
25 апреля 2025
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы