
Қайырлы таң
құрметті Наурызбай ауданының тұрғындары!
Сіздерді 2025 жылғы алғашқы кездесуімізде көргеніме қуаныштымын. Осы кездесуді пайдалана отырып, сіздерді және барлық алматылықтарды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтаймын.Жаңажылсіздердің шаңырақтарыңызға тек бақыт, шаттық және бақ-береке әкелсін!
Наурызбай ауданының 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары оның экономикасының оң динамикасын көрсетеді.
Наурызбай ауданында барлық аудандардың ішінде өңдеуші өнеркәсіптің ең жоғары өсімі байқалды, 2024 жылы ол 28,3%-ті құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 90 млрд. теңгеге дейін 6%-ке ұлғайды.
Сіздердің аудандарыңызды дамыту үшін инвестиция көптеп тартылуда. 2024 жылы 17,8% өсіммен негізгі капиталға 172,7 млрд. теңге инвестиция тартылды.
Шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Ауданның 25 мың жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектісі салық түсімдерінің 46%-ке өсуін және 5,4 мың жаңатұрақтыжұмысорнының құрылуын қамтамасыз етті.
2024 жылы Наурызбай ауданының бюджеті 60%-ке өсіп, 22,6 млрд. теңгені құрады. 2025 жылы аудан бюджеті тағы 5%-ке ұлғайып, бүгінде 23,4 млрд. теңгеге жетті.
2025 жылы қала және аудан әкімдігі бірлесіп инженерлік инфрақұрылымды одан әрі модернизациялау, әлеуметтік объектілерді салу және жаңарту, көліктік қолжетімділік пен байланысты жақсарту, ауданның қоғамдық кеңістіктерін белсенді дамыту жұмыстарын жалғастыратын болады.
Наурызбай ауданын дамытудың маңызды басымдықтарының бірі тұрғындарды сапалы және заманауи инженерлік инфрақұрылымменкешендіқамтамасыз ету болып табылады.
2024 жылы 5,5 млрд теңге сомасына
750 абонентті қамти отырып, Ақжар және Қарағайлы шағын аудандарындағы 27 көшеде 55 км сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды.
2025 жылдың соңына дейін Ақжар, Қарағайлы, Таусамалы және Тастыбұлақ шағын аудандарының 97 көшесінде тағы 120 км сумен жабдықтау және 93,5 км су бұру желілерін салу бойынша ауқымды жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде 2,2 мың абонент инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етіледі, бұл жобаны іске асыруға 8 млрдтеңгебөлінді.
2025 жылдың наурыз айында біз «Қарғалы» су жинау құрылысының негізгі жобасында қарастырылмаған 8,6 км кәріз коллекторының құрылысын аяқтадық. Іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ауданның 50 мыңнан астамтұрғынытұрақтыжәнесапалысумен қамтамасыз етіледі.
2025 жылдың қараша айында құны 29,7 млрд теңге болатын, өнімділігі тәулігіне 22 мың куб метр суды құрайтын «Ақсай» су қабылдағышын салу жұмыстары аяқталады. Негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды, объект 80% дайын. Қолайлы ауа райы жағдайлары басталғаннан кейін су қабылдағышқа дейін 5 көпір конструкциясы бар 9 км автомобиль жолын салу, сондай-ақ сүзгі станциясының іске қосу-реттеу және технологиялық жұмыстарына кірісеміз. Бұл Наурызбай ауданының батыс бөлігінің және Алматы облысы Қарасай ауданының 150 мыңтұрғынынсуменқамтамасыз етеді.
Осы жылдың наурыз айында бұдан бұрын салынған канализациялық тарату желілерінің жұмыс істеу мәселесін шешу үшін сағатына 4,5 мың куб метр өткізу қабілеті бар 34 км батыс кәріз коллекторының құрылысы басталды. Жоба 2026 жылдың соңына дейін іске асырылады, жобаның құны – 36,3 млрд теңге.
Бүгінгі таңда аудандағы электр желілерінің 83%-і тозған, бұл тұрақты авариялық ажыраулардың басты себебі болып табылады.
2024 жылы «Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамының тарапынан 71 трансформаторлық подстанция мен 246,6 км электр желілеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді.
2025 жылы 1 тарату және 18 трансформаторлық подстанция, 34 кмэлектржелілері жөндеуден өтеді.
Наурызбай ауданын сапалы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. 2024 жылдың өзінде жалпы сомасы 750 млн теңгеге 56 км кабель желілерін, 203 тіректі ауыстыру және 3 300 астам жаңа шамдарды орнату жұмыстары жүргізілді. Аудан көшелерінің жарықтандырылуы 95%-кежетті.
Осы жылдың соңына дейін біз 1,3 млрд теңге сомасына тағы 69 км кабель желілерін ауыстырып, 300 жарықтандыру тірегін және 3 000-ға жуықшаморнатуды жоспарлап отырмыз.
Сондай-ақ, 2025 жылдың соңына дейін Халық қатысатын бюджет бағдарламасы аясында сіздердің аудандарыңыздағы қалған 30 жарықтандырылмаған көше мен тұйық көшелерді жарықтандыру жоспарлануда.
Ауданның жол инфрақұрылымын дамытужәнеқоғамдықкөлікжұмысыныңсапасын жақсарту жұмыстарыжалғасуда.
2024 жылы жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеге
21 көшедегі 14,5 км жолға орташа жөндеу жүргізілді, 2025 жылы 35 көшедегі тағы 47 км жолға орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда, бұл мақсаттарға
3,2 млрдтеңгекөзделген.
Көше-жол желісінің сапасын жақсарту үшін
2024 жылы ауданда 50 мың кв. метр жол жабыны қалпына келтіріліп, 1,7 км арық желілері салынды. Биыл бөлінген 850 млн теңге шеңберінде тағы
45 мың кв. метр жол төсемін жөндеу, 10 көшеде 8,8 км тротуар салу және 4 көшеде шамамен 5 кмарықжелілерінсалужоспарлануда.
Сонымен қатар, 2024 жылы Ақжар шағын ауданындағы 10 көшеде 400 млн теңгеге 6 км жаңа жол салынды.
2025 жылдың мамыр айында өткен жылы инженерлік желілерді салу жұмыстары аяқталған Ақжар және Шұғыла шағын аудандарында тағы 20 км жаңа жол құрылысы басталады.
Наурызбай ауданының қала мен облыстың басқа аудандарымен көлік байланысын қамтамасыз ету үшін магистральдық көшелерді ұзартып салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Абай даңғылын Строительная көшесінен Алтын Орда көшесіне дейін 600 м ұзартып салу жұмыстары жалғасуда. 70 жер учаскесін сатып алу процедурасы аяқталды, осы жылдың мамыр айының соңына дейін жоба толық аяқталады деп күтудеміз.
Төле би және Жұбанов көшелерінде инженерлік желілерді шығару және жер учаскелерін сатып алу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Төле би көшесін ұзарту бойынша 270 жер учаскесінің 211-і сатып алынған. Қалған учаскелерді сатып алу мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталуы биылғы жылдың соңына дейін жоспарлануда. Жобаны іске асыруға 19,2 млрд теңге бөлінді.
Жұбанов көшесіне келетін болсақ, мұнда
346 учаскенің 75-і сатып алынған, ал қалған бөлігі бойынша бағалау жұмыстары аяқталуда. Жұбанов көшесін 13,1 млрд теңгеге ұзарту бойынша құрылыс жұмыстарын 2026 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарлануда.
Жолдардың құрылысы жер учаскелерін сатып алу процедурасы аяқталған сайын жүргізіліп жатқанын атап өту маңызды.
Қоғамдық көлік қызметтерінің сапасын арттыру үшін 2024 жылы жылжымалы құрам 577-ден 794 автобусқа дейін ұлғайтылды, бұл 10 жаңа маршрутты ұйымдастыруға, 20 қолданыстағы маршрутты жаңартуға және күшейтуге мүмкіндік берді.
«Мектеп автобусы» жобасын іске асырудың арқасында 2024 жылдың қыркүйегінде Наурызбай ауданындағы ең мұқтаж 7 мектепке 3300-ге жуық баланы тасымалдау үшін 32 автобус берілді.
Көлік инфрақұрылымын дамыту шеңберінде жаңа құрылыс орындарында және аялдамасыз учаскелерде 17 жаңа аялдама кешені орнатылды. Жоба жеке инвесторларды қолдау есебінен жүзеге асырылды.
Наурызбай ауданының әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Аудан халқының өсуін ескере отырып, оқушы орындарының тапшылығын одан әрі төмендету үшін жаңа білім беру объектілерін реконструкциялау және салу бойынша жүйелі жұмыс іске асырылуда.
Жаңа оқу жылы басталғанға дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында: Құрамыс шағын ауданында 1500 орындық, «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінде 1500 орындық, Шұғыла шағын ауданы, Сәбденов көшесінде 2 500 орындық, «Елімай» тұрғын үй кешені ауданында 1 200 орындық 4 жаңа мектеп ашылады.
Сондай-ақ бірінші қыркүйекке қарай Шұғыла шағын ауданында 1 200 орындық мектеп ашылады. Ол жеке инвестордан жергілікті бюджет есебінен «Жалпы білім беретін мектеп» ретінде сатып алынады.
Сонымен қатар 2025 жылдың тамыз айында №174 мектепке 2,4 млрд теңге сомасына 400 орындық қосымша құрылыстың жұмысын аяқтаймыз.
Мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығын одан әрі төмендету мақсатында 2025 жылдың мамыр айында Шұғыла шағын ауданында 320 орындық балабақша ашылады, оның құрылысына 1,4 млрд теңге бөлінді.
2025 жылдың қыркүйегінде Құрамыс және Шұғыла шағын аудандарында әрқайсысы 320 орындық тағы
2 балабақша құрылысын аяқтау жоспарлануда. Жобалардың жалпы құны - 4,7 млрд теңге.
Наурызбай ауданында медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін 2025 жылдың шілдесінде Құрамыс шағын ауданында 9 млрд теңгеге 500 адам қабылдайтын клиникалық-диагностикалық орталығы бар жаңа емхананың құрылысы басталады. Жұмыстар 2026 жылдың мамыр айында аяқталады.
Сондай-ақ биылғы жылдың шілде айында мердігерлік ұйымды анықтағаннан кейін Шұғыла шағын ауданында 10 млрд теңге сомасына 500 адам қабылдайтын клиникалық-диагностикалық орталығы бар тағы бір емхана салуға кірісеміз.
2026 жылдың қыркүйегінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталуын және емхананың ашылуын күтеміз.
Осы жылдың маусым айында Ақжар шағын ауданында 200 адамға арналған алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының құрылысы бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысының шығуын күтудеміз. Жұмыстар
2025 жылдың тамыз айында басталады, аяқталу мерзімі 2026 жылдың мамыр айы. Жобаның алдын ала құны 1,8 млрд теңгені құрайды.
Мен сіздерге бұдан бұрын уәде еткенімдей,
2025 жылдың шілдесінде Шұғыла шағын ауданында алғашқы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын бастаймыз. Жобаның құны 7 млрд теңгені құрайды. Кешен 2026 жылдың тамызында ашылады.
Сондай-ақ осы жылдың қыркүйек айында Ақжар шағын ауданында тағы бір дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын бастау жоспарлануда. Бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталу сатысында, осы жылдың шілде айының соңына дейін мемлекеттік сараптама қорытындысының шығуын күтеміз.
Қала және аудан әкімдігі жайлы қалалық ортаны құруға ерекше көңіл бөледі.
2024 жылы құны 750 млн. теңге болатын Қарғалы өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жоба аясында 3,5 км жаяу жүргіншілер - серуендеу аймағын салу, балалар және спорт алаңдарын құру, жарықтандыру, автосуару жүйесі мен көгалдандыру жұмыстары орындалды.
Сондай-ақ биылғы жылдың маусым айында құны 7 млрд. теңгені құрайтын, Қарғалы өзенінің 6,7 км арнасын реконструкциялау және абаттандыру жұмыстарын бастау жоспарлануда. Жоба шеңберінде 2026 жылдың маусымына дейін өзен арнасының бетон қабырғаларын реконструкциялау, су өткізу құрылыстарын қалпына келтіру, көгалдандыру және
10 жаяу жүргіншілер көпірін салу жұмыстары жүргізілетін болады.
2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 2,5 млрд теңге бөлініп,
40 жоба іске асырылды, оның ішінде 10 қоғамдық кеңістік пен 2 аула аумағы абаттандырылды,
5 учаскеде сыртқы жарықтандыру желілері салынды,
2 учаскеде автосуару жүйелері орнатылды, 3 учаскеде тік көгалдандыру жүргізілді, 3 зиратта қоршаулар орнатылды, 10 учаскеде жолдар асфальтталды және
5 учаскеде тротуарлар салынды.
Өткен жылы жалпы сомасы 380 млн теңгеге
16 аула аумағы бойынша ағымдағы жөндеу жүргізілді. 2025 жылы 18 аула аумағын ағымдағы жөндеуге
500 млн теңге бөлінді.
Биыл «Халық қатысатын бюджет» аясында
1 370-тен астам ұсыныс ішінен тұрғындар іріктеп алған 34 жобаны іске асыруға 2,5 млрд теңге бөлінді. Осы жылдың сәуір-қыркүйек айлары аралығында 9 қоғамдық кеңістік және 6 аула аумағын абаттандыру, 2 автотұрақ аймағын абаттандыру, 17 жеке учаскені абаттандыру және көгалдандыру жоспарланған.
Құрметті Наурызбай ауданының тұрғындары!
Назар қойып тыңдағандарыңыз үшін рақмет!
Енді сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.