
Қайырлы таң құрметті
Бостандық ауданының тұрғындары!
Сіздерді 2025 жылғы алғашқы кездесуімізде көргеніме қуаныштымын.
Алматы қаласының Бостандық ауданы инвестиция тарту және бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша қалада жетекші позицияны сақтап келеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша тартылған инвестиция көлемі шамамен 8%-ке өсіп, 430 млрд теңгеге жуықтады.
Бүгінде қаладағы әрбір 5-ші шағын және орта бизнес субъектісі Бостандық ауданында жұмыс істейді.
2024 жылы кәсіпорындар саны 7,3%-ке өсті, бұл 12,9 мың тұрақтыжұмысорнын құрудықамтамасыз етті.
Құрылыс көлемінің 8,5%-ке және бөлшек сауда көлемінің 34%-ке ұлғаюы жалпы экономикалық өсуге және салық түсімдерінің 27%-ке артып, 550 млрд теңгеден асуына ықпал етті.
Аудан экономикасының динамикалық дамуы
нәтижесінде 2024 жылы оның бюджеті 38%-ке ұлғайып, 29,1 млрд теңгені құрады, ал 2025 жылы аудан бюджеті 1 млрд теңгеге ұлғайып, 30,1 млрдтеңгегежетті.
2025 жылы қала және аудан әкімдіктерінің бірлескен жұмысының негізгі бағыттары инженерлік инфрақұрылымды одан әрі модернизациялау, аумақты сапалы абаттандыру және Бостандық ауданы тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Тіршілік қызметін қамтамасыз ету жүйелерін жаңарту және инженерлік инфрақұрылымды дамыту – біздіңжұмысымыздыңбасымбағыттары.
Аудан тұрғындарын үздіксіз сумен қамту және су бұру жүйесімен қамтамасыз ету үшін 2024 жылы Бостандық ауданында шамамен 650 млн теңге сомасына 9 көшедегі 8,9 км инженерлік желі реконструкцияланды.
Осы жылдың соңына дейін 4 көшеде тағы 6,2 км инженерлік желілерді салу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 3,4 млрдтеңгебөлінді.
Инженерлік инфрақұрылымды кешенді дамыту шеңберінде және ауданның оңтүстік бөлігіндегі
25 мыңнан астам тұрғынды сенімді сумен жабдықтау және су бұру жүйесімен қамтамасыз ету үшін
2025 жылдың мамыр айында өнімділігі тәулігіне 9 мың м3 құрайтын «Ерменсай» су қабылдағышын салу бойынша ауқымды жобаны бастау көзделген. Жобаның құны 10,4 млрд теңге, жұмыстарды
2026 жылдың соңына қарай аяқтау жоспарланған.
Сондай-ақ, 2025 жылдың мамыр айында Нұрлытау шағын ауданындағы 62 км сумен жабдықтау және 34 км су бұру желілерін салу жобасы бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы шығады деп күтілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының болжамды құны – 18 млрд теңге.
Тұрақты және сапалы жылумен қамтамасыз ету үшін 2024 жылы 7 көшеде жалпы сомасы 6,2 млрд теңгеге 5,4 км жылу желілерін реконструкциялау жұмыстары жүргізілді.
Осы жылдың мамыр айында жылу маусымы аяқталғаннан кейін Бостандық ауданындағы 7,1 км жылумен жабдықтау желілерін және 2 сорғы станциясын реконструкциялау бойынша 15 жобаны іске асыруды бастаймыз. Жобаның құны – 5,9 млрд теңге, аяқталу мерзімі – 2025 жылғы қазан.
«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамымен бірге сіздердің аудандарыңыздағы тозығы жеткен электр желілерін модернизациялау бойынша белсенді жұмыс атқарылуда.
Ауданды тұрақты электрмен қамтамасыз ету үшін 2024 жылы Мыңбаев, Жароков, Кекілбайұлы көшелері мен Гагарин даңғылындағы 26 км электр желілері реконструкцияланды.
Биыл Ремизовка шағын ауданынан бастап Ерменсай шағын ауданына дейін тағы 16,1 км электр желілерін салу жоспарда бар.
Сіздердің аудандарыңызды сапалы көше жарығымен қамтамасыз ету үшін 2024 жылы «Алматы Қала Жарық» компаниясы 40 көше мен 100 аула аумағындағы 43,3 км ескі кабель желілерін ауыстырып, жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге 200 жаңа жарықтандыру тіректерін және 5 мыңға жуық шам орнатты.
Осы жылдың соңына дейін тағы 65 км кабель желілерін ауыстырып, 1,4 млрд теңге сомасына 300 жарықтандыру тірегі мен 5 000 шам орнатудыжоспарлап отырмыз.
Сондай-ақ, осы жылдың мамыр айында Бостандық ауданының бұрын ешқашан жарық болмаған 67 көшесінде жаңа сыртқы жарықтандыру желілерін салу жұмыстарын бастаймыз. Бұл жоба аясында 28 км әуе желілерін салу, 500 млн теңге сомасына 900-ден астам тірек және 780 шам орнату көзделген, аяқталу мерзімі – 2025 жылдың желтоқсаны.
Жол және көлік инфрақұрылымын сапалы дамыту сөзсіз әкімдікжұмысыныңбазалықбағыты болып қала береді.
2024 жылы 33 көшедегі 30,5 км жолға орташа жөндеу жүргізілді. 2025 жылы бөлінген
4,5 млрд теңге шеңберінде 26 көшедегі тағы 30,3 кмжолдықамтимыз.
Ағымдағы жөндеу жүргізіліп, 30 мың кв. метр жол төсемі қалпына келтірілді және 32 км арық желілері салынды. 2025 жылы тағы 30 мың кв. метр жол төсемі қалпына келтіріліп, 24,4 км арық желілері салынады.
Инклюзивті орта құру мақсатында осы жылдың мамыр айында 5 жер үсті және 12 жерасты жаяу жүргіншілер өткелін күрделі жөндеу, лифтілер мен көтергіштерді модернизациялау жұмыстары басталады. Жұмыстар 2025 жылдың соңына дейін аяқталады, бұл мақсаттарға 1,9 млрдтеңгебөлінеді.
Қоғамдық көлік қызметтерінің сапасын жақсарту үшін 2024 жылы жылжымалы құрам саны 66 автобусқа көбейді. Бұл қазіргі бар 25 маршрутты жаңартуға және нығайтуға мүмкіндік берді. 2025 жылғы мамырда 8 маршруттағы жылжымалы құрам саны тағы 18 автобусқа көбейетін болады.
Сіздің аудандарыңызда тәртіп мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2024 жылы 26 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені және 1 100бейне-мониторингжүйесініңкамераларыорнатылды.
2024 жылдың шілде айында Көктем-3 шағын ауданында ықтимал құқық бұзушылықтарға жедел ден қою үшін жаңа Сервистік полиция пунктіашылды.
Біз жаңа объектілерді салуға және бар объектілерді реконструкциялауға баса назар аудара отырып, сіздердің аудандарыңыздың білім беру инфрақұрылымын қарқынды дамытудыжалғастырамыз.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында
2 жаңа мектептің құрылысы аяқталып келеді.
Осы жылдың мамыр айында Розыбакиев көшесіндегі 1500 орындық жайлы мектептің құрылысы аяқталады.
Биылғы жылдың тамыз айында Егізбаев көшесі бойынша 2500 орындық тағы бір жайлы мектеп құрылысының аяқталуын күтудеміз.
Осы жылдың қыркүйек айында қолданыстағы ғимаратты реконструкциялауды және №73 мектепке 1,7 млрд теңге сомасына 450 орындық қосымша құрылысты аяқтауды жоспарлап отырмыз.
2025 жылдың соңына дейін №10 мектеп-интернаты мен №189, №191 мектептерді сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеу, сондай-ақ Республикалық физика-математика мектебі ғимаратын реконструкциялау жұмыстарының аяқталуын күтудеміз.
Биылғы жылдың сәуір айында біз 5,7 млрд теңге сомасына №60 мектепті реконструкциялауға кірісеміз. Жұмысты 2026 жылдың қыркүйегінде аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Ауданның мектепке дейінгі ұйымдарында орын тапшылығын қысқарту үшін 2025 жылдың наурыз айының соңына дейін Орбита-3 шағын ауданындағы бұрынғы балалар үйінің екі ғимаратын реконструкциялау аяқталады. Олардың бірі
240 орындық балабақшаға, екіншісі ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған 100 орындық түзету бақшасына айналады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны 3,6 млрд теңгені құрайды.
2025 жылдың соңына дейін жалпы сомасы
4,3 млрд теңгеге №81, №87 және 137 балабақшаларды сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады.
2024 жылы 15 жекеменшік балабақша ашылып, мектеп жасына дейінгі балаларға 800 орын берілгенін айта кеткен жөн.
Балаларымызды қосымша оқыту және дамыту үшін заманауи жағдай жасау үшін бұған дейін
1964 жылы салынған Вахтангов көшесіндегі оқушылар үйінің ескі ғимаратын бұзу туралы шешім қабылданған болатын. Оның орнына барлық заманауи стандарттарға сәйкес келетін жаңа ғимарат салынды. Жобаның құны 4,4 млрд теңгені құрады.
Бостандық ауданында денсаулық сақтау инфрақұрылымын сапалы дамыту және медициналық қызметтердің сапасын арттыру үшін медициналық объектілердің құрылысы мен модернизациясы белсенді жүргізілуде.
2024 жылдың желтоқсанында Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының емханасын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Биылғы жылдың наурыз айының соңына дейін №4 және №12 емханаларды күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Осы жылдың наурыз айында сіздерге уәде еткенімдей, біз Серкебаев даңғылы мен Левитан көшесінің қиылысында құны 10 млрд теңгені құрайтын 500 адам қабылдайтын емхана салуға кірістік. Осы жылдың қараша айының соңына қарай жұмыстар толық көлемде аяқталады.
2025 жылғы маусымда мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алғаннан кейін Әл-Фараби даңғылы мен Санаторная көшесінің қиылысында 500 адам қабылдайтын екінші емхананың құрылысын бастау жоспарлануда. Жобаның құны шамамен 9 млрд теңгені құрайды.
Қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және жайлы қалалық ортаны құру бойынша жүйелі жұмыс жалғастырылатын болады.
2024 жылы 3 серуендеу аймағын: Абай даңғылы бойымен Тұрғұт Өзал көшесінен Байзақов көшесіне дейін, Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесі арасындағы Желтоқсан көшесі бойынша және Абай және Гагарин даңғылдарының қиылысындағы сквер абаттандыру жұмыстары аяқталды. Осы жобалар шеңберінде жаңа балалар және спорт алаңдары, көше жиһаздары, демалуға арналған беседкалар орнатылды, сондай-ақ жарықтандыру модернизацияланып, жасыл желектер отырғызылды.
2025 жылғы сәуірде құрылыс жұмыстары
2024 жылғы желтоқсанда аяқталған Гагарин даңғылындағы бульварды көгалдандыру жұмыстары аяқталады. Жобаның құны - 540 млн теңге.
Өткен жылдың қазан айында 8 млрд теңге сомасына Үлкен Алматы өзенінің жағалауын су бөлгіштен Абай даңғылына дейін ұзындығы 5,7 км реконструкциялау жұмыстары басталды. Жобада бетон-тірек конструкцияларын толық реконструкциялау, жаяу жүргіншілер көпірлерін, балалар алаңдарын, спорт алаңдарын, көше жиһаздарын орнату және веложолдарды жайластыру көзделген. Жұмысты 2026 жылдың сәуір айында аяқтауды жоспарлап отырмыз.
2025 жылдың мамыр айында тағы үш қоғамдық кеңістікті абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар басталады. «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығы аумағын 11,7 млрд теңгеге реконструкциялау, бюджеті 1 млрд теңгеге «Южный» паркінің солтүстігінде жасыл аймақ салу және Нұр - Алатау шағын ауданында 300 млн теңгеге скверді жайластыру жоспарланған.
2025 жылдың мамыр айында Республика алаңында 4,5 млрд теңгеге фонтан кешендерін күрделі жөндеу басталады. Құрылыс - монтаждау жұмыстарының аяқталу мерзімі - 2025 жылғы қазан.
Сіздердің аудандарыңызда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын іске асыру сәтті жалғасуда. 2024 жылы жалпы сомасы 2,8 млрд. теңгеге 50 жоба іске асырылды.
2025 жылы осы бағдарламаны іске асыруға 2 млрд теңге бөлінді. Осы жылдың сәуір айында аудан тұрғындарының 413 өтінімі ішінен дауыс беру нәтижелері бойынша ең көп дауыс жинаған 26 жобаны, оның ішінде 8 – қоғамдық кеңістіктерді жөндеу, 8 – көгалдандыру және автосуару қондырғыларын орнату, 7 – балалар алаңдарын жөндеу және 3 – абаттандыру элементтері бар жарықтандыру бойынша іске асыруға кірісеміз. Аяқталу мерзімі - 2025 жылдың қазан айы.
Аула аумақтарының жағдайын жақсарту мақсатында 2024 жылы жалпы сомасы 400 млн теңгеге 70 аулаға ағымдағы жөндеу жүргізілді.
2025 жылдың мамыр айында 4,5 млрд теңге сомасына тағы 52 аула аумағын күрделі жөндеу және 400 млн теңгеге 70 аула аумағын ағымдағы жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда. Аяқталу мерзімі-2025 жылдың қазан айы.
Құрметті Бостандық ауданының тұрғындары!
Назар қойып тыңдағандарыңыз үшін рақмет!
Енді сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.