Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Жетісу ауданының тұрғынымен кездесуінен баяндамасы мен презентациясы

Қайырлы таң,

құрметті Жетысу ауданының тұрғындары!

Сіздерді 2025 жылғы алғашқы кездесуімізде көргеніме қуаныштымын! Бүгін 2024 жылғы жұмыс қорытындылары туралы есеп беріп, 2025 жылға арналған жоспарлармен бөлісемін.

Жетісу ауданының өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары оң динамиканы көрсетеді.

2024 жылы инвестиция көлемі 18,6%-ке өсіп,
124,1 млрд. теңгені құрады.

Өнеркәсіп көлемінің 4,1%-ке, бөлшек сауданың 10,0%-ке және көтерме сауданың 2,7%-ке өсуі байқалды.

9 мыңнан астам бизнес субъектілерінің белсенділігі есебінен салық түсімдері 6,4%-ке өсіп, 4,1 мың жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.

2024 жылы аудан бюджеті 27%-ке өсіп, 21,4 млрд. теңгені құрады. 2025 жылы тұрғындардың өмір сүру сапасын одан әрі дамыту және жақсарту мақсатында аудан бюджеті 20%-ке ұлғайтылып, бүгінгі таңда
26,9 млрд. теңгені құрайды.

2025 жылы қала және аудан әкімдіктері жұмысы инженерлік инфрақұрылымды модернизациялауға, әлеуметтік объектілерді жаңарту, көліктік қолжетімділікті жақсартуға және ауданның қоғамдық кеңістіктерін белсенді дамытуға бағытталатын болады.

Халықты сапалы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін оларды реконструкциялау және жаңадан салу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

  1. Бұрын ауданға қосылған жерлердің тұрғындары орталықтандырылған инженерлік желілердің болмауына байланысты ұзақ жылдар бойы аулаларындағы септиктер мен өз ауыз су скважиналарын пайдаланған.

2024 жылы 2,6 млрд. теңге сомаға 3 785 абонентті қамтитын 36 көше бойынша 47 км сумен жабдықтау
және су бұру желілері салынды.

Биыл соңына қарай ауданның 55 көшесі бойынша тағы 131 км сумен жабдықтау және су бұру желілердің құрылысы аяқталады деп күтілуде, бұл мақсаттарға 3,2 млрд. теңге бөлінді.

30 жылдан астам уақыт бойы Рысқұлов – Тәтібеков – Райымбек – Сүйінбай көшелерінің алаңында тұрғындар өздері шаруашылық тәсілмен салған инженерлік желілерді пайдаланып келеді. 2025 жылдың маусым айында құны 2,5 млрд. теңгені болатын жаңа 25 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу бойынша жобаны бастауды жоспарлап отырмыз. Жоба 4 мыңнан астам абонентті қамтитын болады, аяқталу мерзімі - 2026 жылғы тамыз.

  1. Тұрақты және сапалы жылумен қамтамасыз ету үшін 2024 жылы Айнабұлақ-2,3 және Көкмайса шағын аудандарында, сондай-ақ Бродский, Макаренко және Рысқұлов көшелерінде жалпы құны 13,6 млрд.теңгеге 11,3 км жылу желілерін реконструкциялау бойынша ауқымды жұмыс аяқталды.

Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін 2025 жылдың мамыр айында Айнабұлақ-1 ықшам ауданында 1 км жылу желілерін реконструкциялау бойынша жұмыстарды бастауды жоспарлап отырмыз. Жұмыстар биыл қыркүйегіне дейін аяқталады.

  1. Бүгінде аудан электр желілерінің 85%-і тозған, соның салдарынан апатты сөндірулер жиі болып тұрады. Бұл тұрғындар үшін үлкен қолайсыздықтар тудырады.

Ауданды тұрақты электрмен жабдықтаумен қамтамасыз ету үшін өткен жылы Кемел шағын ауданында және Палладин-Павлодар-Боралдай-Қожамияров көшелері алаңында 3,7 млрд. теңге сомаға 66 км электр желілерін салу бойынша жұмыстар аяқталды.

2024 жылдың желтоқсанында 4 км электр желілерін реконструкциялау және «Кирпичная» қосалқы станциясының құрылысы басталды. Жұмыстар
2026 жылдың тамыз айында аяқталады, жобаның құны 6,2 млрд.теңге.

Осы жылдың маусым айында Рысқұлов даңғ., 65а мекенжайы бойынша 1,2 км тұрғын үйді электрмен жабдықтау желісін салу бойынша жобаның мемлекеттік сараптама қорытындысы шығады деп күтілуде.

  1. Жетісу ауданында сапалы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. 2024 жылы 36,7 км кабельдік желі мен
    4 500 жарық нүктелері ауыстырылды, соның есебінен аудан көшелерінің 87%-і жарықтандырылды.

Осы жылы 337 жаңа жарықтандыру тіректерін орнату, 51 сыртқы жарықтандыруды басқару шкафын жөндеу, 26 км ескі кабель желілерін ауыстыру және 1 097 жаңа LED шамдарды орнату жоспарлануда.

Жетісу ауданында жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

  1. 2024 жылы ауданда 5,3 млрд. теңгеге ұзындығы 21 км болатын 29 көше орташа жөндеумен қамтылды. 2025 жылғы жоспарда ұзындығы 36 көшедегі 19 км жолға орташа жөндеу жүргізу қарастырылған, бұл мақсаттарға 1,5 млрд. теңге бөлінді.

Көше-жол желісі сапасын жақсарту аясында аудан әкімдігі 2024 жылы 30 мың шаршы метр жол төсемін, 386 люкті қалпына келтірді. 2025 жылы бөлінген 500 млн. теңге аясында тағы 35 мың шаршы метр жол төсемін жөндеу жоспарланған.

2024 жылы аудан аумағында 50 су басу орындарды жою мақсатында 27 көшеде 34 км арық желілері салынды. Бүгінгі таңда аудан аумағында барлық су басу орындары жойылды.

  1. 2024 жылғы мамырда Есентай өзені арқылы өтетін Жолымбет көшесіндегі көпірді зерттеу нәтижелері бойынша бетон конструкцияларының елеулі бұзылуы және тіректерде жарықтар анықталды.

Көпірдің зақымдануы Алматы облысы мен Алматы қаласын байланыстыратын тұрғындар мен қоғамдық көліктің қозғалысына кедергі келтірді.

Өткен жылдың шілде-желтоқсан айлары аралығында 680 млн. теңге сомаға автожол көпірін толық реконструкциялау жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде көпірдің түсуінің салдары жойылып, жолдың жүретін бөлігі кеңейтіліп, ені алдыңғы 8 м орнына 14 м құрайды.

  1. 2025 жылдың маусым айында Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында көлік айырығын салу бойынша ауқымды жобаны аяқталады. Жұмыс толық аяқталғаннан кейін қиылыстың өткізу қабілеті 20%-ке артады, бұл Жетісу ауданының қаланың басқа бөліктерімен көлік байланысын едәуір жақсартады. Жаңа көлік айрығы бойындағы аумақ абаттандырылады.
  2. Қоғамдық көлік қызметтерінің сапасын арттыру үшін 2024 жылы жылжымалы құрам 1 509-дан 1 740 автобусқа дейін ұлғайтылды, бұл өз кезегінде 11 жаңа маршрутты ұйымдастыруға, 44 қолданыстағы маршрутты жаңартуға және күшейтуге мүмкіндік берді.
  3. Сондай-ақ «Мектеп автобусы» жобасын жүзеге асырылуының арқасында 2024 жылдың қыркүйегінде Жетісу ауданының қажеттілігі жоғары 5 мектебіне, біздің 1 200-ге жуық баланы тасымалдау үшін 16 автобус берілді.

Аудандағы халық өсімін ескере отырып, оқушы орындарының тапшылығын одан әрі төмендету үшін білім беру объектілерін реконструкциялау мен салу бойынша жүйелі жұмыс іске асырылуда.

  1. Өткен жылдың қыркүйек айында №103 мектепке құны 1,2 млрд. теңгеге 200 орындық қосымша құрылыс салынды.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Боралдай көшесі бойынша 1 200 орындық жаңа мектептің құрылысы жалғасуда. Ашылуы 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланып отыр. Жобаның құны – 9,1 млрд.тенге.

2024 жылғы шілдеде №43 жалпы білім беретін мектепке 280 орындық қосымша құрылыс салуға ЖСҚ әзірлеу басталды. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы шыққаннан кейін биыл тамыз айында құрылысты бастауды жоспарлап отырмыз. Аяқтау мерзімі - 2026 жылдың шілдесі.

№112 мектепке 300 орындық қосымша құрылыс салу жұмыстары барлығымызға белгілі компания –«SheberBuild» ЖШС-нің шарттық міндеттемелерін орындамауына байланысты тоқтатылды. Осы жылдың наурыз айында жаңа мердігер анықталғаннан кейін біз жұмысты қайта бастаймыз және қосымша құрылысты 2025 жылдың тамыз айының басына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Қосымша құрылыс аяқталғаннан кейін, биыл күзінде біз мектептің негізгі оқу корпусын реконструкциялауға көшеміз.

  1. Ауданның мектепке дейінгі мекемелерінде орын тапшылығын одан әрі төмендету мақсатында өткен жылы Айнабұлақ шағын ауданында 1,2 млрд. теңгеге 160 орындық жаңа балабақша ашылды.

Осы жылдың тамыз айында 380 орындық №163 балабақша ғимаратын және 280 орындық балабақша ретінде сатып алынған Ратушный көшесі, 139 мекенжайындағы ғимаратты реконструкциялауды бастау жоспарлануда. Жобалардың жалпы құны – 3,8 млрд. теңге. ҚМЖ 2026 жылдың 2-тоқсанында аяқталады деп күтілуде.

  1. Жетісу ауданында заманауи шығармашылық даму орталығы жоқ екені белгілі. Алғашқы Инновациялық шығармашылық орталығы Айнабұлақ шағын ауданында салынады. Бүгінгі таңда ЖСҚ әзірлеу аяқталып, 2025 жылдың шілдесінде мемлекеттік сараптама қорытындысы шығады деп күтілуде. ҚМЖ-ны бастау конкурстық рәсімдер өткізілгеннен кейін 2025 жылдың 4 тоқсанына жоспарланған.

Қоғамдық денсаулықты дамыту және Жетісу ауданының әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту үшін жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Сапалы медициналық қызметтерге қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін 2024 жылы Кемел  шағын ауданында 200 келушіге арналған отбасылық-дәрігерлік амбулатория және Жұмысшылар кентінде 240 келушіге арналған емхана ашылды.

2025 жылдың сәуір айында күрделі жөндеуден кейін 3 емхана: 200 келушіге арналған Нүсіпбеков көшесі бойынша, 300 келушіге арналған Омаров көшесі бойынша және 230 келушіге арналған №21 емхананы ашу жоспарлануда. Жобалардың жалпы құны -
1,5 млрд. теңге.

Осы жылдың қаңтар айында жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы ашылды. Бөлінген 115 млн. теңге аясында ішкі бөлмелері жаңғыртылды және толық жабдықталды.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Алматы қаласы әкімдігі жұмысының басты қағидатының бірі болып табылады.

  1. Өткен жылдың ақпан айында менің тапсырмам бойынша Алматы қаласының қауіпті учаскелерді зерттеу үшін жұмыс тобы құрылды. Жетісу ауданы бойынша Шелихов және Волочаевский көшелерінің бойында 2 учаске зерттеліп анықталды. Осы учаскелер бойынша 2024 жылдың қазан айында жергілікті бюджет резервінен тіреу қабырғасын тұрғызу арқылы беткейді нығайту бойынша жұмыстар басталды. Жұмыстар 2025 жылдың наурыз айының соңына дейін аяқталады.
  2. Сонымен қатар, Кемел шағын ауданының зираты орналасқан беткейдің жоғарғы бөлігінде көшкін қаупінен туындаған төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында биыл наурыз айында беткейді нығайту бойынша ЖСҚ әзірлеу басталады. Жобалау аяқталғаннан кейін 2025 жылдың тамызында ҚМЖ бастау жоспарлануда.
  3. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы 31 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені және
    692 бейнебақылау камерасы орнатылды. Осы жылы тағы 300-ге жуық жаңа бейнекамера орнату жоспарлануда.

Ауданда қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға және дамытуға ерекше назар аударылады.

  1. Өткен жылы Көкмайса, Көкжиек шағын аудандары мен Самырсын көшесі арқылы өтетін Есентай өзенінің бойында ауданы 24,6 га болатын
    3 жаңа саябақ және жағалау аймақтары 1,6 млрд. теңгеге абаттандырылды.

Есентай өзенінің жағалауын одан әрі өзгерту және аудан тұрғындары үшін ыңғайлы демалыс орындарын құру үшін ауданда тағы 2 саябақ салу жоспарланған. 2025 жылдың маусым айында Кемел шағын ауданындағы 12 га жағалауды абаттандыру жұмыстары, ал қыркүйекте Айнабұлақ шағын ауданында 10 га саябақ аймағын абаттандыру жобасы басталады. Бұл жобаларды жүзеге асыруға 1,6 млрд. теңге қарастырылған.

  1. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын іске асыру бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.

2024 жылы аталған бағдарлама аясында 2 млрд. теңге бөлініп, аудан аумағында 34 жоба іске асырылды. Олардың ішінде - 7 қоғамдық кеңістік құру, 10 ауланы жаңарту, 5 тереңдетілген контейнер орнату және жайлы қалалық ортаны жақсартуға бағытталған тағы 7 түрлі бастама жүзеге асырылды.

Биыл «Халық қатысатын бюджет» аясында 1 200 астам ұсыныстың ішінен тұрғындар іріктеп алған 30 жобаны іске асыру үшін бюджеттен 2 млрд. теңге бөлінді. Осы бағдарлама бойынша қалада ең көп өтінім Жетісу ауданы тұрғындарынан келіп түскенін ерекше атап өткім келеді.

Мәселен, осы жылы сәуірден қыркүйекке дейін 22 қоғамдық кеңістікті, 4 ауланы және 4 басқа да инфрақұрылым нысанын абаттандыру жоспарланған.

2025 жылы аудан тұрғындары үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасау үшін қаржыландыру тағы да 1,9 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды. Оның аясында Құлагер шағын ауданында 34 аулаға ағымдағы жөндеу жүргізілетін болады, Мақатаев және Сүйінбай көшелері бойынша 3,9 км жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылады, 300 жарықтандыру тірегі қалпына келтіріледі, 6 мың шаршы метрден астам алаңға гүлдер отырғызылады және 9 ғимараттың қасбеттеріне сәулеттік жарықтандыру орындалады.

 

Құрметті Жетісу ауданының тұрғындары!

Назарларыңызға рақмет!

Енді Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.

Дата публикации
13 февраля 2025
Дата обновления
25 апреля 2025
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
16 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
16 октября 2026
Сайлау округтерінің орталықтары және телефон нөмірлері

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы