Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбақыт Серікбайдың баяндамасы

Құрметті депутаттар!

Алматы қаласының әкімдігі 2024 жылдың желтоқсанында «Алматы қаласын 2030 жылға дейін 2040 жылға дейінгі перспективамен жылу жүйесін дамыту жоспарын» әзірледі.

Қала тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі міндеттер жылу энергетикасына қойылатын талаптарды күшейтіп, жылу желілерінің сенімділігін арттыруды және олардың дамуын жеделдетуді талап етеді. Жылу желілері мен көздерін дамыту жоспары есептік кезеңге арналған энергетикалық кешенді жаңғырту бағдарламасын анықтайды.

Бүгінде Алматы қаласының жылу энергиясына деген қажеттілігінің 85%-ын «АлЭС» АҚ жылу көздері мен «АТКЭ» ЖШС аймақтық қазандықтары қамтамасыз етеді. Қалған 15% жеке жылу көздері мен автономды жылыту жүйелерінің (АЖЖ) үлесінде.

Алматы тұтынушыларының жылу жүктемесінің күтілетін өсімі:

  • 2030 жылға дейін – 827 Гкал/сағ,
  • 2040 жылға дейін – 1 202 Гкал/сағ,

* жалпы өсім – 2 029 Гкал/сағ (шамамен 30%).

Жылумен жабдықтау жүйесін жаңғыртудың жалпы жоспарына кіретін «Орбита» қазандығын жаңарту – жылу жүйесін жаңғырту жоспарына кіреді.

«АлЭС» АҚ және «АТКЭ» ЖШС орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмаған жаңа тұтынушылар үшін газбен жұмыс істейтін топтық немесе жеке жергілікті жылу көздерін пайдалану ұсынылады. Бұл экологиялық таза және баламалы энергия көздерін қолдануға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда пайдалану мерзімі 25 жылдан асқан жылу желілерінің ұзындығы жыл сайын артып келеді. Бұл олардың тозу қарқынының жаңғырту жылдамдығынан жоғары болуымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, «АлЖЖ» ЖШС балансына ескі коммуналдық және иесіз желілерді беру жағдайды одан әрі қиындатуда.

Жылу желілерін жаңғырту бойынша екі сценарий қарастырылуда:

  1. 39 км желіні жыл сайын ауыстыру: 25 жылдан асқан құбырлардың үлесі азайғанымен, жаңа желілердің тозу деңгейі өседі. Егер реконструкция жүргізілмесе, пайдалану мерзімі асып кеткен желілердің тозуы күрт артады.
  2. 50 км желіні жыл сайын ауыстыру: 2040 жылға қарай 25 жылдан асқан желілердің тозу деңгейі 27%-ға дейін төмендейді.

Жылу жүйесінің сенімділігін арттыру үшін ұсыныстар:

Ескірген технологияларды алып тастау – бетон арналары мен тиімсіз жылу оқшаулағыштарды қолданудан бас тарту.

Зауытта оқшауланған құбырларды қолдану – жылу жоғалтуды азайтып, жөндеу және қызмет көрсету шығындарын төмендетеді.

Ескі бекітпе арматураны жаңарту – техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейтін және жылу шығынын азайтатын шарлы крандармен алмастыру.

Алматының жылу жүйесін 2040 жылға дейін дамыту шаралары:

  1. Жылу көздерін жаңғырту және реконструкциялау

«АлЭС» АҚ аймағы

ЖЭО-1 кеңейту – 200–250 МВт қуаттылығы бар бу-газ қондырғысын салу. Б.Оразбаев атындағы ЖЭО-1 кеңейту техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) әзірленіп, бекітілді. «Мемсараптама» РМК оң қорытындысы 04.01.2023 ж. № 02-0003/23

  • «АлЭС» АҚ ЖЭО-2-ні қайта жаңарту және кеңейту: 2019-2020 жылдары экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) әзірленді. «Мемсараптама» РМК 30.12.2021 ж. № 02-0210/21 қорытындысымен бекітілген «Алматы ЖЭО-2 Қоршаған ортаға әсерін барынша азайта отырып жаңғырту» ТЭН әзірленді.

«АТКЭ» ЖШС аймағы:

-Ескірген жабдықты алып тастап, КВГМ-30-150 және ПТВМ-30МС су жылыту қазандықтарының жаңасына ауыстыру, «Орбита» қазандығын реконструкциялау.

* «АТКЭ» ЖШС құрамына кіретін 21 қазандықты реконструкциялау бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу.

  1. Жаңа жылу көздерін салу
    • Қайрат ш/а қазандық
    • 20 жаңа топтық қазандық

Құны 500–600 млрд теңгеден асатын ең қымбат жобалар «АлЭС» АҚ нысандарында жүзеге асырылады. Олардың ішінде ЖЭО-1 және ЖЭО-2 нысандарында бу-газ технологиясын енгізу. Қаржыландыру электр қуаты нарығының механизмін тарта отырып, жеке және қарыз қаражаты есебінен бөлінеді.

ЖЭО-2 газға ауыстырылғаннан кейін және ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-де бу-газ технологиясы енгізілгеннен кейін электр қуатын өндіру айтарлықтай артады, өз кезегінде газ тұтыну көлемі ұлғаяды.

«АТКЭ» ЖШС газ қазандықтары аймағында қолданыстағы қазандықтарды жаңғырту және болашағы зор құрылыс аймақтарында жаңа қазандықтар салу көзделген. Болжамды құны 122 млрд теңгеден асады. Қаржы бюджеттен жоспарланған.

  1. Жылу желілерін жаңғырту және салу

2040 жылға дейін жылу желілерін жаңарту үшін қомақты қаржы қажет:

«АлЭС» АҚ аймағы – 270 млрд теңге. Оның ішінде ЖЭО-2 – Батыс жылу кешені жылу магистралінің құрылысы шамамен 55 млрд теңге

«АТКЭ» ЖШС аймағы - 154 млрд теңгеден астам

Жылу желілерін реконструкциялау және салу жөніндегі жұмыстар бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Жылу тарифін есептеу кезінде келесі факторлар ескеріледі:

1. ЖЭО-2-ні газға көшіру және бу-газ қондырғысын салу

2. ЖЭО-1-ді жаңғыртып, бу-газ технологиясын енгізу

3. Жаңа газ қазандықтары мен жылу желілерін салу

4. Жаңа жылу желілерін салу

Жылу тарифіне әсер ететін негізгі факторлар:

1. 2040 жылға дейінгі табиғи газ бағасының өзгеруі

2. Жаңа жылу көздері мен инфрақұрылымға салынған инвестициялардың амортизациясы

3. Жылу энергетикасы саласындағы жалақы деңгейінің өсуі

4. Электр энергиясының өзіндік қажеттіліктерге жұмсалатын құны (әсіресе қазандықтар үшін маңызды)

 

Жоғарыда көрсетілген схеманы бекіту не береді:

Қаланың өсіп келе жатқан жылу жүктемесін ескере отырып, қажетті жылу көздерінің жеткіліктілігін анықтау.

Жылу көздері мен желілеріне қатысты жұмыстың нақты көлемін белгілеу (жаңа тұтынушыларды қосу және қуаты артқан тұтынушыларды қамту)

Қолданыстағы желілерді жаңарту қажеттілігін есептеу (пайдалану мерзімі асып кеткен құбырлардың үлесін азайту үшін)

Қажетті инвестиция көлемін және қаржыландыру көздерін анықтау

Дата публикации
12 февраля 2025
Дата обновления
12 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы