Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматының мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаевтың баяндамасы

 Құрметті Мейіржан Батырбекұлы!

Құрметті Асқар Кемеңгерұлы!

және Алматы мәслихатының депуттары!

Өздеріңізге мәлім болғандай, Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасы қаладағы коғамдық көліктің жұмысын және тиісті инфрақұрылымды дамыту бойынша жергілікті атқарушы орган болып табылады.

Қала маңындағы аймақ тұрғындарының көпшілігі қала мен қала маңы арасында қоғамдық көліктің жетіспеушілігі немесе мүлдем болмауы проблемасына тап болады, сондықтан олар жеке тасымалдау қызметтерін пайдалануға мәжбүр. Осыған байланысты, күн сайын қала аумағына 300 мыңнан астам көлік кіріп-шығады.

Қала аумағына кіретін көлік құралдарының үлкен ағынын қысқарту мақсатында бүгінде қоғамдық көлікті дамытудың шұғыл қажеттілігі туындап отыр.

Өз кезегінде, қазіргі кезде Алматы қаласында 201 тұрақты маршрут ұйымдастырылды, оның 147-сі
қалалық және 54-і қала маңындағы маршруттар болып табылады.

Оның ішінде Алматы қаласындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесіне тек 178 маршрут енгізілген.

Мемлекет басшысының тапсырмасына, сондай-ақ Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес 30 жаңа қала маңындағы маршрут ашу жоспарланған, оның ішінде 10 маршрут 2023 жылы ұйымдастырылып, Тізбеге енгізілген, 20 маршрут тасымалдаушыларға жүргізуге 2024 жылы берілді.

Сондай-ақ, қалада халық саны артып келе жатқанына байланысты жаңа маршруттарды ашу және
қолданыстағы маршруттарды оңтайландыру қажеттілігі туындап жатыр.

Осыған байланысты, халықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету және қолданыстағы маршруттарды оңтайландыру үшін 2024 жылы 3 жаңа қалалық маршрут жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда 2 маршрут ұйымдастырылып, тасымалдаушыларға берілді.

Тағы бір қалалық маршрут қолданыстағы маршрутты екіге бөлу арқылы биыл іске қосылады.

Тиісінше, жоғарыда аталған маршруттардың халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік маңызы бар маршруттар тізбесіне қосу қажет.

Баяндалғанның негізінде қолдауларыңызды сұраймыз.

 

 

Дата публикации
12 февраля 2025
Дата обновления
12 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы