Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Алмалы ауданының тұрғынымен кездесуінен баяндамасы мен презентациясы

Қайырлы таң,
құрметті Алмалы ауданының тұрғындары!

Сіздерді биылғы жылғы алғашқы кездесуімізде көргеніме қуаныштымын. Бүгін мен сіздерге өткен жылғы жұмысымыздың қорытындылары мен 2025 жылдағы жоспарларымыз туралы баяндағым келеді.

2024 жылы Алмалы ауданының экономикасы даму жағынан оң нәтижелер динамикасын көрсетті.

Құрылыс көлемдерінің, көтерме сауданың және өңдеу өнеркәсібінің өсуінің арқасында 2024 жылы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 6,8%-ке өсті.

Сіздердің аудандарыңызда шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 23%-ке артып, 71 мыңға жетті, бұл 7,5 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

Салықтар мен төлемдер түсімінің көлемі 373 млрд теңгені құрап, 27%-ке өсті.

Экономиканың қарқынды дамуы Алмалы ауданының бюджетін 2024 жылы 17,8%-ке, 24,1 млрд теңгеге дейін және 2025 жылы тағы 13,3%-ке ұлғайтуға мүмкіндік берді. Осылайша, ауданның 2025 жылғы бюджеті 27,8 млрд. теңгені құрайды.

2025 жылы әкімдік жұмысының негізгі бағыттары инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды модернизациялауды жалғастыру, ауданды сапалы абаттандыру және тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

БІРІНШІ. Инженерлік желілерді модернизациялауды жалғастыру.

  1. Аудан тұрғындарын тұрақты сумен және кәріз желілерімен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы сомасы 1,1 млрд теңгеге Алмалы ауданының 21 көшесінде 8,8 км инженерлік желілері салынған болатын.

2024 жылдың қарашасында Төле би көшесіндегі сорғы станциясының реконструкциясы аяқталды.
Бүгін ол 4 көпқабатты тұрғын үйдің 1 500 абонентін тұрақты сумен қамтамасыз етеді.

2025 жылдың соңына дейін тағы 23 көшеде 13,8 км инженерлік желілерін салу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда, осы мақсаттарға 6,2 млрд. теңге бөлінді.

  1. Өткен жылы жалпы сомасы 1,5 млрд. теңгеге 2,7 км жылу желілерін реконструкциялау жұмыстары жүргізілді.

2025 жылдың мамырында жылыту маусымы аяқталғаннан кейін 12,2 км жылумен жабдықтау желілерін реконструкциялау бойынша 30 жобаны іске асыруға кірісеміз. Жобаның құны – 6,4 млрд. теңге. Аяқталу мерзімі – 2025 жылдың күзі.

  1. Электр қуатының жиі апаттық өшулері аудан тұрғындарының орынды шағымдарын тудырады.

2022 жылдан бастап, «АЖК» акционерлік қоғамымен бірлесіп, қаланың электр желілерін модернизациялау бойынша жүйелі жұмыстардың басталғанын, оның айтарлықтай нәтижелер беруін айта кету қажет. Соңғы 3 жылда сіздің аудандағы электр желілерінің тозу деңгейін 80%-тен 61%-ке дейін төмендете алдық және бұл жұмыс жалғасады.

«АЖК» акционерлік қоғамы 2024 жылы аудан тұрғындарын тұрақты электр жүйесімен қамтамасыз ету үшін Райымбек – Наурызбай батыр – Мәметова – Сейфуллин көшелерінің, сондай-ақ Жамбыл – Әуезов – Абай – Розыбакиев көшелерінің квадратында 7,7 км электр желілерін реконструкциялау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, сыртқы жарықтандыру үшін 58,1 км ескі кабель желілері жаңартылды, 4 400-ден астам (4 468) шамдар ауыстырылды және 193 жаңа жарықтандыру тіректері орнатылды, жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеге барлығы 46 көше және 185 аула аумағы қамтылды.

Ағымдағы жылы тағы 27,1 км электрмен жабдықтау желілерін реконструкциялау, трансформаторлық станциялардың 85-ін жөндеу және жаңа 1-ін салу жоспарлануда.

Көше жарығын сапалы жақсарту бойынша жұмыстар белсенді жалғасуда. АҚЖ 4 500 шамды модернизациялау, 58 км кабель желілерін ауыстыру және 483 жарықтандыру тіректерін орнату жоспарлауда, бұл мақсаттарға 1,8 млрд. теңге бөлінді.

ЕКІНШІ. Алмалы ауданы тұрғындарының өмір сүру жайлылығы мен сапасын арттыру үшін жол-көлік инфраструктурасын жақсарту және аудан қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

  1. 2024 жылы ауданның 15 көшесінде 13,6 км жол орташа жөндеуден өтті. 2025 жылы, 2024 жылдағыдай, 1,7 млрд. теңге бөлініп ұзындығы 11 км құрайтын 15 көше қамтылады.

Аудан әкімдігімен 2024 жылы ағымдағы жөндеу аясында 47 мың шаршы метр жол төсемі жөнделіп 8,9 км арық желілері салынды. 2025 жылы тағы 25 мың шаршы метр жол төсемі және 12,5 км арық желілерінің құрылысы жүргізіледі.

  1. 2. Көлік қызмет көрсетудің сапасын арттыру үшін қоғамдық көлік паркі тұрақты негізде жаңартылып отырады. Жалпы Алматыда соңғы 3 жылда қаланың қоғамдық көлігінің орташа жасын 5 жылдан 2,5 жылға дейін қысқартылды. 2025 жылдың соңына дейін біз бұл көрсеткішті 2 жылға дейін төмендетуді жоспарлап отырмыз.

Алмалы ауданы бойынша 2024 жылы жылжымалы құрам 401-ден 523 автобусқа ұлғайтылды, бұл 4 жаңа бағыт ашуға және 43 бағытты қосымша автобустармен күшейтуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, 2023-2024 жылы біз Алматы троллейбус паркін толық жаңартуды жүзеге асырдық, барлығы 212 троллейбус жаңартылды. Енді троллейбус маршруттарының байланыс желісін жаңартуға назарға алуды жоспарлап отырмыз.

  1. 2024 жылы аудан тұрғындарының тәртіп пен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 70 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені, 482 бейнемониторинг камералар жүйесі орнатылды. Сонымен қатар, Дүйсенов пен Розыбакиев көшелерінің қиылысында стационарлы полиция посты және Панфилов көшесінде модульді полиция пункті орнатылды.

ҮШІНШІ. Алмалы ауданы тұрғындары үшін сапалы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту ерекше бақылауда.

  1. Біз қаланың басқа аудандарымен салыстырғанда Алмалы ауданында оқушы орындарының тапшылығы
    қолайлы деңгейде. Дегенмен біз білім беру инфрақұрылымын жақсарту бойынша, негізінен мектептерге қосымша құрылыстар салу және салынған мектептерді модернизациялау арқылы белсенді жұмыс істеуді жалғастырудамыз.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Райымбек даңғылы мен Әуезов көшесінің қиылысында 1,5 мың орынға арналған жаңа мектептің құрылысы аяқталуда. Мектеп өз оқушыларына есігін ағымдағы жылдың қыркүйек айында ашады.

2024 жылдың шілде айында №58 мектепке 600 орындық қосымша ғимараттың құрылысы басталды. Жобаның құны – 4,7 млрд. теңге. Құрылыс монтаждау жұмыстарының аяқталуы – 2025 жылғы желтоқсан айы.

Осы жылдың шілде айында №16 мектепке 300 орындық қосымша ғимараттың құрылысын бастаймыз. Мемлекеттік сараптама қорытындысының шығуы 2025 жылдың наурыз айында күтілуде. Жұмыстарды 2026 жылдың 1-ші тоқсанында аяқтау жоспарланған.

Биыл №134 және №135 мектептерінің ғимараттарын сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеудің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу басталды. Құрылыс монтаждау жұмыстары 2025 жылдың тамыз айында басталады. 

Оқу жағдайларын жақсарту мақсатында №124 және №128 мектеп ғимараттарын сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жүргізілді. Құрылыс монтаждау жұмыстары аяқталып, мектеп 2024 жылдың қыркүйегінде ашылды.

  1. Жамбыл, 170а мекенжайында 1951 жылғы ескі ғимараттың орнына жаңа заманауи Оқушылар үйі салынды.

Жаңа оқушылар үйі күнделікті 400 балаға дейін демек 2,5 есе көп балаларды оқытуға мүмкіндік береді. Орталықта қауіпсіздіктің, қолжетімділіктің және жабдықтандырудың барлық стандарты ескеріледі. Робототехника, IT, хореография, сурет салу студиялары, ойын алаңдары, амфитеатр және бассейн қарастырылған. Ашылуы 2025 жылғы наурыз айында жоспарлануда.

  1. Менің тапсырмам бойынша Мәуленов көшесіндегі бұрынғы жеке меншік балабақшаның ескі ғимараты қайтарылды. Сейсмикалық күшейтумен жөнделіп, ғимаратта 100 орынға арналған жаңа балабақша ашылады. Жұмыстар маусым айында басталып, ашылуы 2026 жылдың соңына жоспарлануда.

Сонымен қатар, Тастақ шағын ауданында орналасқан тағы бір ескі ғимаратты бұза отырып, 240 орынға арналған жаңа балабақша салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобаның бағалық құны – 2,3 млрд. теңге.

  1. 4. Халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

2025 жылғы наурыз айында №3 емхана ғимаратының күрделі жөндеуі аяқталады. Бөлінген 1,2 млрд. теңге шеңберінде ғимараттың негізгі құрылымдары қалпына келтіріліп, ішкі бөлмелер жаңартылатын болады.

Қалалық репродукция орталығының күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Осы жылдың наурыз айында Жібек жолы даңғылы, 124, мекенжайындағы ғимараттың жұмыстары аяқталуы жоспарлануда, ал Төреқұлов көшесі, 73, мекенжайындағы ғимараттың жұмыстары 2025 жылдың 2 тоқсанында аяқталады.

Ана мен бала денсаулығын қорғау үнемі әкімдік жұмысының басымдығы болып қала береді. 1937 жылы салынған №1 перзентхана бұрыннан ескірген және қазіргі стандарттарға сәйкес келмейді. 2025 жылдың жаз мезгілінде оның ескірген корпусын бұзу басталады. Орнына заманауи медициналық жабдықтармен жаңа ғимарат салынады. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу 2025 жылдың маусым айында күтілуде, аяқталу мерзімі - 2026 жылдың соңы, жобаның болжамды құны – 12 млрд теңге.

Әйтеке би көшесі мен Масанчи көшесінің қиылысында орналасқан қалалық ревматологиялық орталықтың ескі ғимаратының орнына 500 келушіге арналған жаңа емхана салу жоспарлануда. Сараптама қорытындысын 2025 жылдың сәуір айында шығады. Құрылыс-монтаж жұмыстары осы жылдың маусым айында басталып, 2026 жылдың мамыр айында аяқталады, жобаның болжамды құны – 6,1 млрд теңге.

ТӨРТІНШІ.

Алмалы ауданы – біздің қаламыздың тарихи орталығы, соңғы 3 жылда онда абаттандыру бойынша үлкен жұмыс атқарылды.

  1. Маңызды жобалардың бірі қала тұрғындарының демалу орны – М.Мәметова мен Ә.Молдағұлова атындағы саябақты реконструкциялау. 2024 жылдың желтоқсанында негізгі жұмыстар аяқталды. 2025 жылдың көктемінде жасыл желектерді отырғызу және гүлдендіру жұмыстары жоспарланған.
  2. Біздің қаланы көріктендіретін тағы бір үлкен жоба – Сайран көлін абаттандыру. 2024 жылдың желтоқсанында негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды және бүгінгі таңда объектінің дайындығы 75%-тен асады. Ауа-райының жылуының басталуымен ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында соңғы этап басталады: брусчатканы төсеуді аяқтау, сатып алынған шағын архитектуралық формалар орнату және 200-ден астам ірі көлемді жөке ағаштар мен басқа да жасыл желектерді отырғызу.
  3. Алмалы ауданы тұрғындарының ең көп баратын жаяу жүргіншілер көшесі – Панфилов көшесі. Бұл көшеде жөндеу жұмыстары 2017 жылдан бері өткізілмеген. 2024 жылдың қараша айында Панфилов көшесін Қабанбай батыр көшесінен Жібек Жолы даңғылына дейін абаттандыру жобасы іске асырылды. Жоба аясында жол және қолданыстағы шағын архитектуралық формалар жаңартылды, көпжылдық бұталарды отырғызумен жасыл аймақ 20%-ке ұлғайтылды.
  4. Сонымен қатар, 2025 жылдың ақпан айында Жібек жолы даңғылының «қасбеттен қасбетке дейін» принципі бойынша жаяу жүргіншілер аймағын және Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрының жанындағы скверін күрделі жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге кірісеміз. Жұмыстарды толығымен 2025 жылдың қараша айында аяқтау жоспарлануда.
  5. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. 2024 жылы жалпы сомасы 1,9 млрд. теңге жалпы сомаға 52 жоба іске асырылған болатын, оның ішінде 31 аулаларды жөндеу жобалары, 18 қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жобалары, 3 қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру жобалары.

2025 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын іске асыру үшін 2 млрд. теңге бөлінді. Сіздің ауданның тұрғындары арасындағы дауыс беру нәтижелері бойынша 755 өтінімнен 45 жоба ең көп дауыс жинап, іске асырылуға өтті. Олардың ішінде 23 жоба – аула аумақтарын жөндеу, 4 жоба – аула аумақтарын көгалдандыру және 18 жоба – қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру мен көгалдандыру.

2024 жылы ағымдағы жөндеу аясында жалпы сомасы 500 млн теңгеге жуық 23 аула аумағында жұмыстар жүргізілді. 2025 жылы тағы 33 ауланы жөндеуге 500 млн теңге бөлінді. Жұмыстар 2025 жылдың сәуірінен қазанына дейін жүргізіледі.

Құрметті Алмалы ауданының тұрғындары!

Назарларыңыз үшін сіздерге рақмет, енді сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.

 

 

 

Дата публикации
06 февраля 2025
Дата обновления
25 апреля 2025
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы