
Алматы қаласы 2020 жылғы қаңтар - шілде айларындағы
әлеуметтік-экономикалық даму
Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 548,1 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,9% құрады.
Негізгі капиталға салынатын инвестиция 432,3 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,7%-ды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 154,7 млрд. теңгені құрады немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,1%-ды құрады.
2020 жылғы қаңтар – шілде айларында 1 135,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ал 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға өсті.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 18,8%-ға төмендеді және 1 643,8 млрд. теңгені құрады.
Көтерме тауар айналымы 5 143,1 млрд. теңгені құрады немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 86,3%.
Тұтыну бағасының индексі 2020 жылдың шілдесінде 2019 жылдың желтоқсанына 104,4%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 107,9%, азық-түлік емес тауарлары бойынша –103,3%, ақылы қызметтер бойынша –100,6% -ды құрады.