
Құрметті депутаттар!
Сіздерді Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс сессиясында көргеніме қуаныштымын.
Бүгін қарастырылып отырған 2025-2027 жылдарға арналған Алматы қаласы бюджетінің жобасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын, Алматы қаласының Даму бағдарламасы мен Бас жоспарының негізгібасымдықтарын іске асыруғабағытталған.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Алматының дамуына ерекше көңіл бөле отырып, қаланың заманауи инфрақұрылымдық шешімдер, экологиялық қауіпсіздік пен өмір сүрудің жоғары деңгейі үйлесетін эталонды қалаға айналуы тиіс екенін атап өтті.
Алматы қаласы Мәслихатының тұрақты комиссияларында бюджет жобасын талқылағаннан кейін біз сіздердің барлық ұсыныстарыңыз бен ұсынымдарыңызды ескердік. Бұл Әкімдік пен Мәслихаттың Мемлекет басшысының тапсырмалары мен қаланың Даму бағдарламасының приоритеттерін тиімді іске асырудағы нәтижелі жұмысының айқын үлгісі.
2023 жылы Алматы экономикасының рекордтық өсімін және жоғары базаның қалыптасуын ескере отырып, ағымдағы жылы қала экономикасының динамикалық дамуы сақталып отыр.
2024 жылдың 10 айында Алматының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 5,2%-ке дейін жеделдеді. Бұл іскерлік және инвестициялық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетеді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 8,2%-ке,
1,3 трлн. теңгеге дейін өсті. Осы жылдың 1-ші жартыжылдығында 3,8 млрд. АҚШ доллары тікелей шетелдік инвестиция тартылды.
Қаламыздың экономикасының динамикалық дамуы оның өз кірістерінің өсуін қамтамасыз етті.
2024 жылдың 11 айында Алматы бюджетіне 25,8% өсіммен 1 трлн. 650 млрд.теңгеаударылды.
Біздің болжамымыз бойынша, 2024 жылы Алматы экономикасының 5,5%-ке өсуі күтілуде. 2025 жылы өсу 6,4%-ке дейін жеделдейді деп болжануда.
Құрметті депутаттар!
2025 жылға Алматы қаласының бюджеті 2 трлн
177 млрд. теңге сомасына жоспарланған. Бұл бюджет
1 трлн 70 млрд. теңгені құраған 2022 жылдың басымен салыстырғанда 2 есе көп.
Жолдарды ағымдағы жөндеу, инженерлік желілерді модернизациялау, абаттандыру, аулалар мен скверлерді тазалау және т.б. маңызды функцияларды аудандар деңгейіне беру қалалық ортаның сапасын жақсартып, қала тұрғындарының өмірін барынша жайлы етті.
Нәтижесінде, қаланың аудандық әкімдіктерінің бюджеттері 2022 жылғы 49 млрд. теңгеден 2024 жылы 240 млрд. теңгеге дейін 5 есе өсті. 2025 жылы
280 млрд. теңгеге дейін тағы 17%-ке ұлғайту жоспарлануда.
Алматы экономикасының негізін шағын және орта бизнес құрайды, 2024 жылдың қорытындысы бойынша олардың қаламыздың экономикасын дамытудағы үлесі 60%деңгейіндекүтілуде.
Бүгінде бұл салада 942 мыңға жуық алматылықтар жұмыс істейді, бұл қаладағы жұмыспен қамтылған адамдардың жалпы санының 85%-тен астамын құрайды. Қалада құрылатын тұрақты жұмыс орындарының 80%-ке дейінгі көлемі дәл осы шағын және орта бизнеске жатады.
Шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту үшін 2024 жылы бюджеттен 53,1 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражат кәсіпкерлікті субсидиялауға, кепілдіктер беруге және кредиттеуге бағытталған. Бұл жалпы сомасы 125,3 млрд. теңгеге 1,8 мың жаңа жобаны қолдауға мүмкіндік берді.
2025 жылы шағын және орта бизнесті қолдауды қаржыландыру көлемін 71 млрд. теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда. Бұл 4 мыңнан астамшағынжәнеортабизнессубъектілерініңдамуынқолдауғамүмкіндік береді.
Бұл шаралар еліміздің экономикалық орталығы ретінде Алматының позициясын нығайтып, 2030 жылға қарай шағын және орта бизнес үлесінің 75%-ке дейін өсуіне ықпал ететін болады.
Мемлекет басшысының бастамасымен басталған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сүйікті қаламызды абаттандыру және көгалдандыру бойынша жүйелі шаралар қабылдануда.
Қаланы абаттандыру және көгалдандыру – жайлы қалалық орта құру және алматылықтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша біздің басты басымдығымыз.
Абаттандырудың жаңа сапасына қол жеткізу және жасыл қорды кеңейту үшін осы маңызды басымдықтарды қаржыландыру 2025 жылы 170,5 млрд. теңгеге дейін 40%-ке немесе 50 млрд. теңгеге ұлғаяды.
Осы мүмкіндікті пайдаланып, Мәслихат депутаттарына қолдау көрсетіп, 2023 жылғы қаңтарда жаңа Жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидасын және осы жылдың шілде айында аумақтардың абаттандыру паспорттарын енгізуді көздейтін Қаланы абаттандыру қағидаларын бекіткені үшін алғыс білдіремін.
Соңғы 3 жылда жалпы сомасы 39,1 млрд теңгені құрайтын 938 жоба іске асырылды. 2024 жылы жобаға 18,8 млрд теңге бөлінді. 2025 жылға арналған бюджетте осы мақсаттарға 17,1 млрд теңге қарастырылған.
Қазіргі уақытта Достық даңғылының және Пушкин көшесінің жобалауы аяқталды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың наурыз айында басталады, оған бюджетте 3,7 млрд теңге қарастырылған.
Радостовец және Мақатаев көшелерінің жобалауы 2025 жылдың ақпан айында аяқталып, құрылысы мамыр айында басталады. Сондай-ақ Әуезов, Гоголь, Жандосов, Розыбакиев және Сәтбаев көшелерінің жобалауы 2025 жылдың соңына дейін аяқталады.
Әкімдік алғаш рет санитарлық тазалауды, абаттандыру элементтерін жөндеуді және жасыл аймақтарды күтіп-ұстауды қамтитын аулаларды кешенді күтіп-ұстаудың 3 жылдық шарттарын жасасу тәжірибесін енгізді.
4 020 аула аумағына және 24 млн. м2 көше-жол желісіне қызмет көрсету үшін 2025 жылғы бюджетте 2024 жылмен салыстырғанда 10% өсіммен 27 млрд. теңге қарастырылған
Құрметті депутаттар, 2024 жылғы сәуірде Сіздер қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметтеріне бекіткен жаңа тарифтің арқасында қоқыс шығаратын ұйымдар жалақыны 30%-ке көтерді және техника паркін жаңарту бастады. Бұл кешенді шаралар көрсетілетін қызметтердің сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Қоқыс таситын көліктердің күнделікті желіге шығуы 2023 жылғы 70%-тен 2024 жылы 85%-ке дейін өсті, 2025 жылы 95%-ке дейін жеткізіледі.
Инженерлік инфрақұрылымды қарқынды дамыту Алматы қаласы әкімдігінің басым бағыттарының бірі. Ұсынылған бюджет жобасында инженерлік желілерді модернизациялауға қаржыландыру 2024 жылы 64,1 млрд теңгеден 2025 жылы 148 млрд теңгеге дейін, 2,3 есеге өседі.
2025 жылы 260 км жаңа желі салынып, су және кәріз желілерінің 87 км-і жаңартылып, электрмен желілерінің 123 км-і және жылумен жабдықтаудың
39 км-і қайта жөнделеді. Бұл шаралар 400 мың қала тұрғындарын сапалы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы мақсаттарға 2025 жылғы бюджетте 55,4 млрд теңге қарастырылған.
Әкімдік қоғамдық көлікті сапалы дамыту арқылы Алматы қаласының көлік каркасын қалыптастыруды жалғастыруда.
2025 жылы қосымша газбен жүретін 600 автобус және 200 электр автобусы сатып алынады.
Білім беру, денсаулық сақтау салаларында қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту әкімдіктің ерекше назарында.
Оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында 2024 жылы 11,8 мың орынға арналған
9 мектеп пайдалануға беріледі. 2025 жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 27,3 мың орынға арналған 15 мектептің құрылысы аяқталады.
Мемлекет басшысының қолдауын ескере отырып, 2025 жылдан бастап Алматыда бұрынғы «Алмалы» сауда орталығының базасында Science Museum Singapore-мен бірлесіп, балаларға арналған ТМД-дағы алғашқы Ғылым музейін құру жұмыстары басталады. Бұл мақсатқа қала бюджетінен 12,2 млрд. теңге бөлу жоспарланған.
2025 жылы 28 денсаулық сақтау объектісінің
құрылысын жобалау және 6 объектіні күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Жобалау құжаттарының дайын болуына қарай және мемлекеттік сараптама алынғаннан кейін медициналық инфрақұрылымды жаңғыртуды қаржыландыру 2025 жылы 140 млрд. теңгеге қосымша ұлғайтылатынын атап өткім келеді.
Әлеуметтіктұрақтылықтыңмаңыздыфакторы кезекте тұрған адамдарды, халықтың әлеуметтік осал топтарын және жұмыс істейтінжастардытұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады.
Соңғы 3 жылда 7 250 пәтер сатып алуға 167 млрд. теңгебөлінді.
2025 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарын, жұмысшы жастар өкілдерін және басқа да кезекте тұрған адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 90 млрд. теңге сомасына тағы 3 050 пәтер сатып алынады.
«Smart city» Алматының даму бағдарламасының маңызды бөлігі және мегаполистің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі.
Цифрлық трансформацияны қаржыландыруды 2024 жылғы 12,4 млрд теңгеден 2025 жылы 16,3 млрд теңгеге дейін 31,5%-ке ұлғайту көзделіп отыр.
Қаланың қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында 2022 жылдың тамызында Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі іске қосылды. Осы жылдың соңына дейін қала бойынша 50 мың бейнебақылау камерасы қосылады. 2025 жылы олардың санын 70 мыңға дейін арттыру жоспарланып отыр, бұл мақсатқа 2,2 млрд теңге бөлінбек.
2025 жылы құны 1,5 млрд теңге болатын «Almaty Digital Medical Center» платформасын іске қосамыз. Ол денсаулықты қашықтықтан бақылау, бейнеконсультациялар, жасанды интеллект көмегімен деректерді талдау және медициналық ақпараттың бірыңғай базасын құру сияқты заманауи технологияларды біріктіреді.
2024 жылғы қаңтарда сейсмикалық қауіпсіздікке арнап өткізілген кеңесте Мемлекет басшысы мегаполистің сейсмологиялық қорғалуын күшейту бойынша міндеттер қойды.
2025 жылдың 1 жартыжылдығында қалада жүргізілген сейсмикалық аудиттің қорытындысы бойынша Жапония, АҚШ және Израиль тәжірибесі бойынша ғимараттарды сейсмикалық күшейту жөніндегі қалалық бағдарлама әзірленеді және енгізілетін болады.
Сіз қабылдаған Алматы қаласының тұрғын үйін жаңарту (реновациялау) бағдарламасы аясында біз мемлекеттік әлеуметтік және әкімшілік ғимараттарды сейсмикалық күшейту жұмыстарын реттейміз.
2025-2027 жылдары жер сілкінісі туралы алдын ала ескертудің автоматтандырылған жүйесін жетілдіру үшін қосымша 70 сейсмикалық станция орнатылады. 2025 жылға арналған қала бюджетінде
700 млн. теңге қарастырылған.
Құрметті депутаттар!
Бүгін сіздердің қарауларыңызға ұсынылған бюджет жобасы, ең алдымен, біздің қала тұрғындарының өмір сүру сапасы мен олардың
әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.
Мәслихат депутаттарына сүйікті қаламыздың өркендеуі мен дамуына қосқан үлестері мен бірлескен жұмысы үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.
Назарларыңызға рақмет!