Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың баяндамасы мен презентациясы

Қайырлы таң, құрметті Түрксіб ауданының тұрғындары!

 

Барлықтарыңызды биылғы кезекті кездесуімізде көргеніме қуаныштымын.

Қаланың ең алғаш құрылған аудандарының бірі, Түрксіб ауданы бүгінде қаланың өнеркәсіптік орталығы, оның әуе және теміржол қақпасы болып табылады. Аудан экономикасы тұрақты және серпінді дамуды көрсетеді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар ағымдағы жылдың 9 айында 21%-ке өсті, оның ішінде жеке меншікке 27%. 150 млрд. теңге инвестиция тартылды. Көтерме сауда 50%-ке өсіп, 820 млрд. теңгені құрады, құрылыс жұмыстарының көлемі 17%-ке өсіп, 50 млрд. теңгеге жетті.

Ауданда жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерінің саны 7,8%-ке өсті. Бүгінде ауданда 29 мыңнан астам субъект белсенді жұмыс істейді, бұл салық түсімдерін 164 млрд. теңгеге дейін ұлғайтуға, сондай-ақ 3,5 мың жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.

Аудан бюджеті 2024 жылы өткен жылмен салыстырғанда 4 есеге ұлғайды. 2024 жылғы маусымда аудан бюджеті тағы 23,5 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды, бұл инженерлік және жол инфрақұрылымын жаңғыртуға, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға бағытталған жобаларды іске асыруға мүмкіндік берді.

 

Бүгін сіздермен 2024 жылдың 9 айындағы жұмысымыздың қорытындыларымен және Түрксіб ауданын одан әрі дамыту жоспарларымен бөліскім келеді.

БІРІНШІ. Инженерлік инфрақұрылымды модернизациалау – Түрксіб ауданын дамыту мен оның тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырудағы негізгі бағыттардың бірі.

  1. Аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 2024 жылдың шілде айында «Әлмерек» шағын ауданында 20 км су және кәріз желілерінің құрылыс аяқталды, осы жылдың қазан айының соңына дейін ауданның 400 тұрғыны жаңа желілерге қосылады.
  2. 2024 жылдың қазан айына дейін ауыз су алу үшін ұңғымаларды пайдалануға мәжбүр болып келген «Жас Қанат» шағын ауданы тұрғындарына арнайы 8 км су құбыры және 8,6 км кәріз салынды. Бүгінгі таңда іске қосу жұмыстары аяқталды, осы айдың соңына қарай желілер іске қосылады.
  3. Закарпатская көшесі бойынша 4,8 км су құбыры мен 1,6 км кәріз құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды. Осы жылдың қараша айының соңына дейін
    2 кәріз сорғы станциясы орнату және тұрғындарды желілерге қосу жоспарлануда.
  4. «Нижняя Пятилетка» ш/а бойынша жалпы сомасы – 8,5 млрд. теңге болатын 115 км су құбыры және 32 км кәріз желілерінің құрылысы жүргізілуде. Осы жылдың желтоқсан айында жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отырмыз.
  5. 2024 жылдың қыркүйегінде «Қайрат» шағын ауданында 37,2 км сумен жабдықтау және кәріз желілерінің екінші кезегін салу бойынша мердігер анықталды. Жобада бұрын қамтылмаған учаскелер қоса қарастылырды. Аяқталу мерзімі – 2025 жылдың қыркүйегі.
  6. 2024 жылдың қазан айында мердігер анықталғаннан кейін «Шуақты» шағын ауданда кәріз сорғы станциясы құрылысы басталады. Бұл Волочаевская көшесіндегі 70 үйге арналған кәріз проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Жұмыстың аяқталу мерзімі – 2024 жылдың желтоқсан айы.

Бұл жобалар Түрксіб ауданының 21 мыңнан астам халқын сапалы ауыз сумен және кәрізбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  1. Тұрғындарды күзгі-қысқы кезеңде тұрақты жылумен қамтамасыз ету үшін 30 жылдан астам уақыт бұрын салынған жалпы ұзындығы 2,1 км жылу желілерінің құбырлары ағымдағы жылдың қыркүйек айында: Спасская-Бекмаханов және Бекмаханов-Сүйінбай учаскелерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды.
  2. Сондай – ақ, 2024 жылдың қыркүйек айында «Вокзал» қазандығында ұзындығы 3,4 км және 7,3 км электр желілерін салу жұмыстары аяқталды. Осы айдың соңына дейін жаңа желілерге қосылу аяқталады.
  3. Апаттардың жиі орын алуын жою мақсатында электр беру желілерінде 2024 жылдың соңына дейін 3 шағын ауданда 110 км электрмен жабдықтау желілерін жаңарту аяқталады. Олар: «Әлмерек», «Нұршашқан» және «Қайрат» шағын аудандары абоненттерді. Осы мақсатқа 12 млрд. теңге бөлінді.
  4. «Әлмерек», «Нұршашқан» және «Қайрат» шағын аудандарының тұрғындарын үздіксіз электрмен жабдықтаумен қамтамасыз ету үшін «Тұздыбастау» қосалқы станциясы салынды. Іске қосу осы жылдың желтоқсан айының соңына дейін, «Тұздыбастау» қосалқы станциясын «Бесағаш»қосалқы станциясымен жалғайтын кабель желілерін салғаннан кейін жүзеге асырылады. Жобаның құны – 9,7 млрд. теңге.

ЕКІНШІ. Түрксіб ауданының жол және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.

  1. 2024 жылы ауданыңыздың жолдарына орташа жөндеу жүргізу үшін 4,8 млрд. теңге бөлінді. Осы айдың соңына дейін 39 көшедегі 41,7 км болатын жолға орташа жөндеу жұмыстары аяқталады. Бүгінгі таңда 18 көшеде 30 км жөнделді.

Қала әкімдігі қосылған шағын аудандардың жол инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударады.

Осы бағытта жалпы сомасы 1,7 млрд. теңгеге «Әлмерек» шағын ауданының 13 көшесі және «Қайрат» шағын ауданында 13 км жаңа жол құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда 5 көше бойынша 5,3 км аяқталды.

Сонымен қатар, 2024 жылдың қазан айының соңына дейін «Жас Қанат» ш/а 19 көшесі бойынша 2,5 км жол құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Аяқталу мерзімі – 2025 жылдың 2 тоқсаны.

  1. Қоғамдық көлікте жол жүруге қолайлы жағдай жасау мақсатында 2024 жылы шамамен 10 млрд. теңге бөлінді және Түрксіб ауданынан өтетін 10 маршрутта 195 автобус жаңартылды. Бұл күту аралығын орта есеппен 15 минуттан 7 минутқа дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Жыл соңына дейін Түрксіб ауданының аумағы арқылы 5 жаңа қала маңындағы бағытты іске қосу жоспарлануда.

«Қайрат» шағын ауданы тұрғындарының өтініші бойынша «Восток» автобус паркі «Жетісу-Семиречье» базарының аумағынан Алматы облысының аумағына  көшірілді.

Жаңа оқу жылының басынан бастап ауданда «Мектеп автобусы» жобасы аясында автобустардың саны 8-ден 25 бірлікке ұлғайтылды. Бұл 8 мектептің 2 мыңнан астам оқушысын қамтуға мүмкіндік берді.

  1. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда. 2024 жылы қосымша 160 «Сергек» камерасы орнатылып, аудандағы камералардың жалпы саны 816-ға жетті. Бұл бұзушылықтарды тиімді бақылау мен алдын алуды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін осы жылдың қараша айында азаматтар көп жиналатын 145 жерде 300-ге жуық камера орнатылады.

ҮШІНШІ. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

  1. Мектептердегі оқушы орындарының тапшылығын төмендету үшін 2024 жылдың қазан айының соңына дейін №59 мектеп-гимназияға сейсмикалық күшейту, 300 орындық кеңейту мен қайта жаңарту жұмыстары аяқталады. Жобаның құны – 2,5 млрд.теңге. Оқу процессін 2-ші тоқсаннан бастап іске қосуды жоспарлап отырмыз. Әрі қарай 2025 жылдың мамыр айында №59 гимназия филиалын қайта құру жұмыстары жоспарда.

2023 жылдың желтоқсан айында 1,8 млрд. теңге бөлініп, №195 мектепке 450 орындық қосымша құрылыс басталды. Аяқталу мерзімі – 2025 жылдың қаңтар айы.

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 6 100 орындық 4 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. ҚМЖ 2025 жылдың тамызына дейін аяқталады.

  1. 2024 жылдың маусым айында Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің қолданыстағы ғимараттарын бұзып, жаңа корпусының құрылысы басталды. Жобада оқу шеберханаларын заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету және студенттерге арналған 120 орындық жатақхана құрылысын салу көзделген. Жобаны іске асыру үшін 7,9 млрд. теңге бөлінді, аяқтау 2026 жылдың қаңтар айына жоспарланған.
  2. Ауданның мектепке дейінгі ұйымдарында орын тапшылығын азайту бойынша жұмыс жалғасуда.

Осы жылдың қазан айының соңына дейін сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталғаннан кейін №70 мамандандырылған бөбекжай ашуды жоспарлап отырмыз. Жобаның құны –  600 млн. теңге.

Осы жылдың желтоқсан айында «Қайрат» шағын ауданында 260 орындық №192 жаңа балабақшаның құрылысы аяқталады. Жобаның құны – 1,4 млрд.теңге.

  1. Аудан тұрғындарын сапалы медициналық қызметтермен қамтуды арттыру мақсатында 720 млн. теңгеге отбасылық дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталды. Амбулатория сменасына 100-ден астам «Нұршашқан» шағын ауданы тұрғындарын қабылдайды.

Сонымен қатар, 2024 жылдың шілде айында Наманган көшесінде 10 бригадаға №13 жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясы іске қосылды. Бұл қаланың шығыс бөлігі үшін жедел жәрдемнің келуін күту уақытын қысқартады.

  1. Осы жылдың қазан айының соңына дейін «Жас Қанат» шағын ауданында өткізу қабілеті күніне 600 келушіні құрайтын Дене шынықтыру кешенін ашу жоспарланған. Жобаның құны – 1,9 млрд.теңге.

ТӨРТІНШІ. Ыңғайлы қалалық ортаны құру әкімдік жұмысының басты бағытының бірі болып табылады.

  1. Түрксіб ауданында 60-шы жылдарға дейін салынған 586 ескі үйді жаңарту жалғасуда. Әкімдік 2030 жылға дейін Жаңарту бағдарламасын бекітті. Бұл тұрғын үй қорын жаңартуға және әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.

2024 жылдың шілде айында Кассин көшесіндегі 6 жаңа үйдің құрылысы аяқталып, қоныстандыру жүргізілуде.

Инженерлік желілерді коммуналдық меншікке берген соң және аумақты абаттандырғаннан кейін Сауранбаев көшесіндегі тағы 7 жаңа үйге қоныстандыру жүргізіледі. 2024 жылдың соңына дейін қоныстандыруды аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ, «Алтай-2» шағын ауданында жеке құрылыс салушы жаңарту аясында 54 үйден 6 үй сатып алынды. Бүгінгі таңда бұзу және 2 тоғыз қабатты үй салу жұмыстары жүргізілуде.

  1. Қала және аудан әкімдігі дәстүрлі түрде Түрксіб ауданының тұрғындары үшін қолайлы қалалық орта құруға ерекше көңіл бөледі.

Осы жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында іске асыруға 2 млрд. теңге бөлінді және 52 жобаны іске асыру белсенді түрде жалғасуда, олар жаяу-серуендеу және саябақ аймақтарын жайластыруды, балалар және спорттық ойын алаңдарын, автоматты суару жүйелерін, жарықтандыру желілерін және көмілген контейнерлерді орнатуды қамтиды.

Бүгінгі таңда 40 жоба аяқталды. Қалған 12 жоба осы айдың соңына дейін аяқталады.

  1. 2025 жылы қоғамдық кеңістіктерді дамыту бойынша 4 ірі жобаны іске асыруға кірісеміз:

- Скандинавиялық жаяу жүргіншілер мен ШСФ арналған эко-жолдарды орнатумен Баум тоғайын абаттандыру;

- «Кіші Алматы» өзенінің бойындағы жаяу-серуендеу аймағын абаттандыру;

- Үлкен Алматы каналын рекреациялық және жағажай аймақтарын абаттандырумен абаттандыру;

- Хмельницкий көшесі бойындағы 2 тоғанды механикалық тазарту.

Бүгінгі таңда ЖСҚ аяқталу сатысында, мемлекеттік сараптамалардың шығуын жыл соңына дейін күтеміз.

 

Құрметті Түрксіб ауданының тұрғындары!

Назар аударғандарыңыз үшін рахмет!

Енді сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.

Дата публикации
22 октября 2024
Дата обновления
22 октября 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы