Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Алматы қаласы аумақтық референдум комиссиясы

ХАБАРЛАЙДЫ: 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 42-бабы 6-тармағының негізінде жекелеген сайлаушылардың денсаулық жағдайы бойынша сайлау учаскесіне келуі мүмкін болмаған жағдайда, отбасының науқас мүшесінің күтіміне байланысты, сондай-ақ сайлау учаскелері құрылмаған шалғай немесе жету қиын аудандарда болуына байланысты учаскелік сайлау комиссиясы осы сайлаушылардың келген жері бойынша олардың жазбаша өтініші негізінде дауыс беруді ұйымдастыруға міндетті. Өтініш дауыс беру күні жергілікті уақытпен 12 сағаттан кешіктірілмей берілуі тиіс. 

Алматы қаласы аудандарының аумақтық референдум комиссияларының мекенжайлары, байланыс телефондары және жұмыс кестесі:

№

Ауданының аумақтық референдум комиссиясы

Орталығы

Телефоны

1

Алатау ауданы

Алматы қаласы, Дархан шағын ауданы, Х. Алтай көшесі, 4.

«№210 мектеп–лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

351-99-91

2

Алмалы ауданы

Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155, 1 кеңсе. Әкімшілік ғимарат

378-44-65

3

Әуезов ауданы

Алматы қаласы, 8 шағынауданы, 46.

«№116 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

248-67-97

 

4

Бостандық ауданы

Алматы қаласы, Орбита-3 шағынауданы, 5Г үй.

«Әл–Фараби атындағы №145 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

351-54-81

5

Жетісу ауданы

Алматы қаласы, Серіков көшесі, 6А.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ.

338-32-32

6

Медеу ауданы

Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 7А.

«Қазақ ұлттық аграрлық-зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

264-53-75

7

Наурызбай ауданы

Алматы қаласы, Шұғыла шағынауданы, 347/2. Әкімшілік ғимарат.

 

393-80-79

8

Түрксіб ауданы

Алматы қаласы, Ричард Зорге көшесі, 18А.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

234-09-39

Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін, демалыс күндерінсіз, түскі үзіліс сағат 13.00-тен 14.00-ке дейін

Алматы қаласы референдумының учаскелік комиссияларының мекенжайларын, байланыс телефондарын және жұмыс кестесін мына сілтеме бойынша табуға болады: https://vecher.kz/ru/article/referendum-po-aes-kak-almatinsam-uznat-o-svoih-izbiratelnyh-uchastkah.html, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің сайтында мына сілтеме бойынша: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/activities/60008?lang=ru .

Сондай-ақ, дауыс беру күні 2024 жылғы 6 қазанда учаскелер есту қабілеті бұзылған адамдар үшін іс-қимыл тілі мамандарының қызметімен қамтамасыз етілетін болады.

Алматы қаласында мүгедектігі бар адамдар үшін «Инватакси» көліктік тасымалдары бойынша қызметтер көрсетіледі.

Алматы қаласының аумақтық референдум комиссиясы «Инватакси» қызметін көрсету тәртібі мүгедек адамдарды автомобиль көлігімен тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларымен регламенттелгенін еске салады (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығы).

Инватакси мүгедектерді тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған автокөліктер. Инватакси машиналары екі түрге бөлінеді: жеңіл және мамандандырылған. Кресло-арбалармен қозғалатын адамдар үшін мінуге және түсіруге арналған арнайы гидравликалық немесе тартылатын (жиналмалы) құрылғылармен және кресло-арбаларды бекітуге арналған құрылғылармен жарақтандырылған көлік құралдары көзделеді. Кресло-арбаны пайдаланбайтын мүгедектігі бар адамдар үшін жеңіл автомобиль көлігі ұсынылады.

Қағидалардың 33-тармағына сәйкес мүгедектігі бар адамдар қызметті алу үшін нақты орны мен уақытын көрсете отырып, жоспарланған сапар күніне бір тәулік қалғанда "Инватакси" диспетчерлік қызметінің телефондары арқылы өтінім береді.

Инватакси қызметіне инватакси диспетчерлік қызметтерінің келесі нөмірлері бойынша тапсырыс беруге болады:

№

Азаматтар санаты

Байланыс

Мекен жайы

1.

Кресло-арбамен жүретін және тірек-қимыл жүйесінде ауытқулары бар мүгедектігі бар адамдар

 

+7 707-710-60-50,

+7 771-748-06-50,

+7 747-195-35-75,

+7 771-748-06-51,

397-16-97 

Талдыарал 13/1

2

Көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар

+7 700 070 57 10

+7 705 980 87 09

+7 705 831 48 14

313 10 92 

Жетісу-3 үй 25

3 кеңсе

В-блок

«Инватакси» қызметін көрсетудің барлық мәселелері бойынша, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша 338-30-09 нөмірі бойынша хабарласуға болады.
 

Алматы қаласының әкімдігі референдумның өз учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде алуға мүмкіндік берді:

 

  1. Сайлаушылар тізімінде өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін қызмет — https://mapalmaty.kz/spisok 
  2. Телеграм бот-  https://t.me/almaty_referendum2024_bot 
  3. Алматы қаласы әкімдігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесі — https://open-almaty.kz 
  4. Референдумның учаскелік комиссияларының шекаралары мен орталықтары көрсетілген Алматы қаласының интерактивті картасы https://mapalmaty.kz/referendum 
  5. Байланыс орталығы-1315
Дата публикации
30 сентября 2024
Дата обновления
30 сентября 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы