Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматыда халықтың әлеуметтік осал тобына коммуналдық қызмет тарифтердің көтерілуіне байланысты өтемақы төлеу қайта басталады

Мәслихат шешімінің тиісті жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды

Ашық НҚА порталында Алматы мәслихатының «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» шешімінің жобасы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15197495 жарияланды. Жоба бойынша қоғамдық талқылау 2024 жылдың 24 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Бұл жоба ТКШ қызметінің қымбаттауының салдарын теңестіру үшін 9 әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға (Ұлы Отан соғысының ардагерлері; ҰОС ардагерлеріне теңестірілген жеңілдіктерге ие ардагерлер; басқа мемлекеттерде соғыс қимылдарына қатысқан ардагерлер; бірінші және екінші топтағы мүгедектер; мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған немесе қамқорлығында бар отбасылар; «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегері көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар; мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарышқа ұшу дайындығы немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару барысында, құқық қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) тұлғалардың отбасылары; зейнеткерлер; жетім балалар) өтемақы төлемдерін қарастырады.

Қала мәслихаты шешімінің жобасына сәйкес, қағида 2024 жылы 1 қыркүйектен 2025 жылы 1 сәуірге дейін қолданылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың шілде айынан бастап Алматы әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен әлеуметтік осал топтарға коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне өтемақы төлеу жобасы басталған. Бір жыл ішінде 140 мыңнан астам ХӘОТ азаматтар ай сайын 0,8 АЕК көлемінде әлеуметтік төлем алды.

Бүгінде Алматыда осы санаттағы 332 885 адам тұрады. Әлеуметтік төлем алу үшін көрсетілген санаттардағы азаматтар тұрақты тіркеуде болып, Алматыда тұрғылықты мекенжайы болуы, қаладағы аудандық әкімдіктердің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш беріп, жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы қажет.
Бұл көмекті бұрыннан алып келе жатқан азаматтарға өтініш берудің қажеті жоқ, әлеуметтік көмек автоматты түрде ұзартылады. 

Дата публикации
10 сентября 2024
Дата обновления
10 сентября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы