Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың баяндамасы мен презентациясы

Қайырлы таң құрметті Алмалы ауданының тұрғындары!

 

Ең алдымен Сіздерді алдағы Конституция күнімен құттықтағым келеді. Біздің мемлекетіміздің Ата заңы мемлекеттілігіміздің және халқымыздың бірлігінің тірегі болып табылады Сіздерге және жақындарыңызға барлық жақсылықты мықты денсаулық пен амандық тілеймін!

Биылғы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Алмалы ауданы қарқынды дамуда және бірқатар экономикалық көрсеткіштер бойынша қалада көш бастап келеді.

Жыл басынан бері жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5,3%-ке өсті, бұл 4 мыңнан астам тұрғынды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 120 млрд. теңгеден асты, салық түсімдері 16%-ке өсіп, 225 млрд. теңгеге жетті Инвестиция көлемі 5%-ке өсіп, 140 млрд. теңгені құрады.

2024 жылы ауданның бюджеті шамамен 12,3 млрд. теңгеге ұлғайды. 2024 жылдың маусым айында бюджет тағы 16%-ке ұлғайып, 24,7 млрд. теңгені құрады

2024 жылдың басынан бастап біздің жұмысымыздың қорытындысына және ағымдағы жылдың соңына дейін Алмалы ауданының даму жоспарларына көшуге рұқсат етіңіздер.

БІРІНШІ. Ауданда инженерлік желілерді модернизациялау жобалары жоспарлы түрде іске асырылуда.

  1. Аудан тұрғындарын үздіксіз сумен қамту және су бұрумен қамтамасыз ету үшін жыл басынан бері ауданның 10 көшесіндегі 3,5 км сумен қамту және су бұру желілері реконструкциялаудан өтті 2024 жылдың қараша айында 11 көшедегі тағы 5,3 км желілердің жұмыстары аяқталады. Бұл мақсаттарға 885 млн. теңге қарастырылған.
  2. Алмалы ауданы бойынша жұмыс сапарымда уәде еткенімдей 2024 жылдың тамыз айында Төле Би көшесі, 280 мекенжайындағы насос станциясын реконструкциялау жұмыстары басталды. 158 млн. теңге бөлінді. Жұмыстарды
    2024 жылдың қазан айында аяқтауды жоспарлап отырмыз (1 500 абонент сапалы сумен қамтамасыз етіледі).
  3. Ауданның 2 600 тұрғынын сапалы жылумен қамтамасыз ету үшін осы жылдың маусым айында 1,2 млрд. теңге бөлінді және 30 жылдан астам уақыт бұрын салынған 1,9 км магистралды желілерді реконструкциялау жұмыстары басталды. Жұмыстар жылыту маусымы басталғанға дейін биыл қазан айында аяқталады.
  4. Бүгінгі таңда аудандағы электр желілерінің 60%-тен астамы тозған, сондықтан авариялық ажыраулар тұрақты болып тұрады.

«АЖК» акционерлік қоғамы 2024 жылы Райымбек Наурызбай батыр Мәметова Сейфуллин көшелерінің бөлігіндегі 1,3 км электр беру желілерін реконструкциялауды аяқтады.

Жамбыл – Әуезов – Абай – Розыбакиев көшелерінің бөлігінде тағы 6,4 км электрмен жабдықтау желілерін реконструкциялау мен салу жұмыстары жалғасуда. Жұмыстар осы жылдың қазан айының соңына дейін аяқталады.

  1. Көшелерді сапалы жарықтандырумен қамтамасыз ету үшін 2024 жылы 38 көшеде 21 км ескі кабель желілерін модернизациялау жүргізілді және 2500-ден астам жарықшамдар ауыстырылды.

2024 жылдың соңына дейін тағы 2400 жарықшамды модернизациялау және 19 км кабель желісін ауыстыру жоспарланған.

Сыртқы жарықтандыруды модернизациялауға  және оны күтіп-ұстауға 2024 жылы 1,3 млрд. теңге бөлінді.

ЕКІНШІ. Алмалы ауданының жол және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.

  1. Өткен айларда 14 көшедегі 12,5 км жолды орташа жөндеу аяқталды. Осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін ұзындығы 1,2 км болатын Исаев көшесін орташа жөндеу аяқталады.

2024 жылы ағымдағы жөндеу аясында 25 мың шаршы метр жол төсемі жөнделді, 2,3 км тротуар жабдықталды және 2 км арық желілері салынды. Осы жылдың қазан айының соңына дейін тағы 22 мың шаршы метр жол төсемі мен 6,9 км арық қамтылатын болады. Осы мақсаттарға барлығы 900 млн. теңге бөлінді.

  1. Аудан тұрғындарына қызмет көрсету сапасын жақсарту және олардың жайлылығын арттыру үшін қоғамдық көлік паркі тұрақты негізде жаңартылып отырады Биыл 24 маршруттағы жылжымалы құрам жаңартылып, 101 автобусқа көбейді.
  2. Қала әкімдігі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмысты жалғастыруда. Адамдар көп жиналатын орындарда 70 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені және Дүйсенов пен Розыбакиев көшелерінің қиылысында қосымша стационарлық полиция бекеті орнатылды. Сондай-ақ 2024 жылдың соңына дейін 658 бейнебақылау камерасын орнатуды және Панфилов көшесін модернизациялау аясында тағы 1 модульдік полиция пунктін орнатуды жоспарлап отырмыз.

ҮШІНШІ. Алмалы ауданының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту – біздің жұмысымыздың басым бағыты.

  1. Оқушы орындарының тапшылығын төмендету мақсатында мектептер салу бойынша жоспарлы жұмыс атқарылуда.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Райымбек даңғылы мен Әуезов көшесінің қиылысында 1,5 мың орындық мектеп құрылысы жалғасуда, құрылыс-монтаждау жұмыстары осы жылдың желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде.

Менің тапсырмам бойынша осы жылдың шілде айында 600 орындық №58 мектепке қосымша құрылыс басталды. 4,7 млрд. теңге бөлінді. Құрылыс - монтаж жұмыстарының аяқталуы - 2025 жылғы желтоқсан. 

Биыл қазан айында 300 орындық
№ 16 мектепке қосымша құрылыс салуға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы шығады деп күтілуде. Жобаның құны - 2,1 млрд. теңге. Құрылыс - монтаж жұмыстарының басталуы - 2025 жылғы 1 тоқсан.

Осы жылдың қыркүйек айында жалпы сомасы 2,2 млрд. теңгеге №136 мектеп-гимназия ғимаратын күрделі жөндеумен сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталады.

  1. Мектепке дейінгі білім беру саласында
    2024 жылы Мәуленов көшесіндегі ғимаратты сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жоспарлануда, ол жерде 145 орындық балабақша ашылады. Құрылыс-монтаж жұмыстарының
    басталуы - 2024 жылы 4 тоқсан, Құрылыс - монтаж жұмыстарының аяқталуы – 2025 жылы 3 тоқсан.

Тастақ шағын ауданында қолданыстағы ғимараттарды бұза отырып, 240 орындық балабақша салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Мемлекеттік сараптаманың шығуы - 2024 жылы қараша. Құрылыс - монтаж жұмыстарының басталуы - 2025 жылы 1 тоқсан.

Сондай-ақ осы жылдың желтоқсан айына дейін 13 балабақшаның материалдық-техникалық базасын жаңартумен ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталады.

  1. Әлеуметтік бағыттағы объектілерге «қадамдық қолжетімділікті» құру бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. 2024 жылдың шілдесінде Жамбыл көшесі, Байзақов көшесінің қиылысында орналасқан жаңа заманауи Оқушылар үйінің құрылысы басталды. Ескі ғимарат 1951 жылы тұрғызылған, ол жерде бұрын сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілмеген, осыған байланысты оны бұзу және жаңа заманауи ғимарат салу туралы шешім қабылданды. Жаңа оқушылар үйі жобалық қуаттылықты күніне 1 350-ден 3 500 балаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Құрылыс - монтаж жұмыстарының
    аяқталуы - 2025 жылы қаңтар.
  2. Халықты қолжетімді және сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында мынадай жұмыстар жүргізілуде.
  3. Осы жылдың шілде айында Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары басталды. 1 блок бойынша жұмыстар осыы жылғы желтоқсанда, 2 блок бойынша 2025 жылғы наурызда аяқталады.
  4. Ағымдағы жылдың тамыз айында №3 емхана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары басталды, аяқталу мерзімі осы жылдың желтоқсанында.
  5. Ерекше қажеттілігі бар балаларымызды сауықтыру үшін Райымбек даңғылы, 312 мекенжайы бойынша бассейні бар жаңа спорттық оңалту орталығы маңызды жоба болмақ. Құрылыстың басталуы - 2025 жылғы 1 тоқсан. Құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуы - 2025 жылдың соңына дейін.

ТӨРТІНШІ. Әкімдік аудан тұрғындары үшін жайлы қалалық орта құруға ерекше көңіл бөледі.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 52 жобаны іске асыруға 2024 жылы 2,2 млрд. теңге бөлінді. Осы жылдың басынан бері 1,8 млрд. теңге сомасына 47 жоба іске асырылды, оның ішінде аула аумақтарын жөндеу бойынша 30 жоба, автоматты суаруды орнатумен көгалдандыру бойынша 3 жоба және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және көгалдандыру бойынша 14 жоба.

2024 жылдың соңына дейін 400 млн. теңге сомасына қалған 5 жоба аяқталады.

Сайран көлін абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Негізгі жұмыстар 2024 жылдың желтоқсанында аяқталады. Жасыл желектерді отырғызу 2025 жылдың көктеміне жоспарланған.

Әлия мен Мәншүк атындағы скверлерді абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Жоба жаяу жүргіншілер жолын, демалыс аймағын, жарықтандыруды және ағаш отырғызуды көздейді. Сондай-ақ 3 фонтанды реконструкциялау жұмыстары
жүргізіледі. Құрылыс - монтаж жұмыстарының аяқталуы - 2024 жылғы желтоқсан.

2024 жылдың қыркүйегінде Панфилов көшесін Қабанбай батыр көшесінен Жібек жолы көшесіне дейін абаттандыру бойынша жобаны іске асыру басталады. Жоба аясында жол бөлігін жаңартуды, көпжылдық бұталарды отырғызумен жасыл аймақты ұлғайтуды, сондай-ақ бар шағын архитектуралық формаларды жаңартуды жоспарлап отырмыз. Жұмыстың аяқталуы - 2024 жылы қараша.

Аудан тұрғындарының өтініші бойынша
2024 жылдың қараша айында жұмыстардың аяқталуымен жалпы сомасы 460 млн. теңгеге 23 аула аумағына ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.

«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» мемлекеттік бағдарламасы табысты іске асырылуда. 2024 жылдың соңына дейін
13 көппәтерлі үйдің тұрғындарына 230 млн. теңге сомасына 22 лифт жаңартылады және 465 млн. теңге сомасына 9 тұрғын үйде шатыр, қасбет және инженерлік желілер жөнделеді.

Құрметті Алмалы ауданының тұрғындары!

Назарларыңызға рақмет!

Енді сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.

 

 

Дата публикации
29 августа 2024
Дата обновления
29 августа 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы