
Қайырлы таң,
құрметті Медеу ауданының тұрғындары!
Сіздерді кезекті кездесуімізде көргеніме қуаныштымын.
Медеу ауданы - территориясы бойынша қаламыздың ең үлкен ауданы, сондай-ақ Алматының қаржы және бизнес орталығы. Аудандарыңызда, осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша бюджетке 250 млрд теңгеден астам немесе жалпы қалалық салық түсімдерінің 23%-тен астамын салған 45 мың бизнес субъектілері жұмыс істейді.
Осы жылдың 7 айында құрылыс жұмыстарының көлемі 13,3%-ке ұлғайды, негізгі капиталға салынған инвестиция 12,5%-ке өсіп, 133 млрд теңгеге жетті. Экономиканың қарқынды дамуы 4 300-ден астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.
2024 жылы Медеу ауданының бюджеті 34,2%-ке ұлғайып, 37,4 млрд теңгені құрады.
2024 жылдың басынан бастап біздің жұмысымыздың қорытындыларына және сіздердің ауданыңыздың 2024 жылдың соңына дейінгі даму жоспарларына көшуге рұқсат етіңіз.
БІРІНШІ. Медеу ауданы үшін ең өзекті мәселелердің бірі сапалы сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету болып табылады.
2024 жылы шілдеде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жалпы сомасы 3,2 млрд теңгеге қуаттылығы тәулігіне 32 мың текше метр Талғар жер асты суларынан сумен жабдықтаудың резервтік схемасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл «Самал», «Көктөбе» шағын аудандарының және «Горный гигант» шағын ауданының бір бөлігінің 50 мың тұрғынына судың үздіксіз берілуін қамтамасыз етті.
1.2. Жазғы уақытта «Думан» шағын ауданында халық санының артуына байланысты жұмыс істеп тұрған резервуарлардың өткізу қабілеті ауыз судың толық қажеттілігін қамтымайды. Су тапшылығы тәулігіне 2,2 мың м³ құрайды.
Осы мәселені шешу үшін жалпы көлемі тәулігіне
2 мың текше метр 4 резервуар, 3,5 км су құбырын салу және 2 сорғы станциясын реконструкциялау үшін ЖСҚ түзету жүргізілуде. ҚМЖ басталуы - 2025 жылдың 1 тоқсаны.
1.3. Осы жылдың соңына дейін «Кеңсай», «Компот», «Думан», «Көлсай» шағын аудандарында 65 км сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы аяқталады. Бұл жобаны қаржыландыруға 7,8 млрд теңге бөлінді.
Сондай-ақ «Мұзтау» және «Сұлусай» шағын аудандарында 19,5 км сумен жабдықтау және кәріз желілерінің құрылысы жүргізілуде. Жұмыстардың аяқталуы - 2025 жылдың 3 тоқсаны.
1.4. «Атырау», «Алатау», «Малая Станица» шағын аудандары бойынша 37 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуға мемлекеттік сараптама алынды ҚМЖ басталуы - 2025 жылдың 1 тоқсаны.
1.5. Сондай-ақ «Асқартау», «Юбилейный», «Каменское плато», «Горный гигант» шағын аудандарында 127 км желілер салуға ЖСҚ әзірлеу басталды. Мемлекеттік сараптаманың шығуы –
2024 жылдың 4 тоқсаны.
ЕКІНШІ. Медеу ауданының тау алқаптары тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері ерекше алаңдаушылық туғызады.
2024 жылдың ақпан айында қайғылы оқиға орын алған Олимпийская көшесінде лай көшкінінің зардаптарын жою жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 1 500 м² еңістік аумағы қоқыстан тазартылды, 800 м³ темірбетон құрылғылары бөлшектеліп, 220 м³ габион құрылғылары орнатылды, керегелі-торлы жүйені орнату жалғасуда. Осыы жылдың қыркүйегінде дренаждық құбырлар, арық жүйесі мен құдықтар орнатылады. Жұмыстар 2024 жылдың наурыз айынан бастап жүргізілуде, аяқталу мерзімі – осы жылдың қазан айы. Бұл жұмыстарға 1,5 млрд теңге бөлінді.
2024 жылдың ақпанында менің тапсырмам бойынша қауіпті учаскелерді зерттеу үшін жұмыс тобы құрылды. Медеу ауданы бойынша 74 учаске зерттеліп, оның ішінде 10 учаскенің жағдайы тұрақты, қосымша жұмыстар жүргізуді талап етпейді, 11 учаскеде жоғары көшкін қаупі бар және жедел шаралар қабылдауды талап етеді.
Бүгінгі таңда ТЖ шеңберінде 5 учаскенің беткейлерін нығайту және мемлекет мұқтажы үшін 6 учаскені сатып алу мәселесі пысықталды. 53 учаске бойынша жоспарлы түрде кешенді жұмыстар жүргізілетін болады.
2022 және 2023 жылдың желтоқсан айларында «Есентай» өзенінің жағасында су деңгейін 1,5 м-ге көтеріп, инфрақұрылымға зақым келтірген мұзды су тасқыны орын алды. Осыған байланысты, біз өзен арнасында тасқын ағындарының жылдамдығын төмендетуге және өзендегі мұз шығарындыларын тоқтатуға көмектесетін жасанды құрылыстар жүйесін құру туралы шешім қабылдадық. 2024 жылдың мамыр айында жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеге каскадтар, кедергілер, тұрақтандырғыштар жүйесінің құрылысы басталды. Жұмыстарды 2024 жылдың қараша айында аяқтау жоспарлануда.
ҮШІНШІ. Әкімдік Медеу ауданының жол және көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударады.
2024 жылы 26 көшеде 23 км жолды орташа жөндеу және 64 мың шаршы метр жол төсеміне ағымдағы жөндеу жоспарланған. Бүгінгі таңда 6,6 шақырым жолды орташа жөндеу мен 43,3 мың шаршы метр асфальтты жөндеу аяқталды. Қалған жұмыстар 2024 жылдың қараша айына дейін аяқталады.
Бұдан басқа, 14,3 км тротуарларды жайластыру және 17 км арық желілерін салу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстардың аяқталуы –
2024 жылдың қараша айы.
Қоғамдық көлік жұмысының сапасын жақсарту үшін 2024 жылы жылжымалы құрамды 280-ден 351-ге дейін ұлғайта отырып, 21 маршруттағы автобустар жаңартылды.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың наурыз айында 53 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды. Сондай-ақ видеомониторинг жүйесін кеңейту шеңберінде жыл соңына дейін 750 жаңа камера орнату жоспарлануда.
Сыртқы жарықтандыруды жаңғырту шеңберінде 2024 жылдың басынан бастап 1 650 шам орнатылып, 23,3 км кабель желілері ауыстырылды. Жұмыстардың аяқталуы - 2024 жылдың 4 тоқсаны.
90 бау-бақша серіктестігінде сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысына қосымша ЖСҚ әзірленуде.
Мемелекеттік сараптама қорытындысы 2024 жылдың 3 тоқсанында күтілуде. Жұмыс 2024 жылдың 1 тоқсанында басталады.
Бұл Медеу ауданын 2025 жылдың соңына дейін сапалы көше жарығымен 100% қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Пилоттық жоба аясында ескерткіштерді сәулеттік жарықтандыру жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта жаңа технология бойынша 2 ескерткіш жарықтандырылды. 2024 жылдың соңына дейін тағы 18 ескерткішті жарықтандыруды аяқтаймыз.
ТӨРТІНШІ. Ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Құлжа тас жолының оңтүстігінде 2 000 орындық жаңа мектептің құрылысы басталды. ҚМЖ-ның аяқталуы - 2025 жылғы 1 тоқсан.
Сондай-ақ, «Думан» шағын ауданында және Талғар тас жолында 1 800 орындық екі жекеменшік мектеп салу жоспарлануда. Жобаларды іске асыру 2024-2025 жылдарға жоспарланған.
№99 мектепке 250 орындық және №35 мектепке 300 орындық қосымша құрылыс жүргізілуде. ҚМЖ 2024 жылдың шілдесінде басталып, 2025 жылдың 3 тоқсанында аяқталады.
№131 мектепті 300 орынға кеңейту үшін ЖСҚ әзірленді. ҚМЖ 2025 жылы басталады.
№168 мектепке қосымша 300 орындық құжаттама әзірленуде, №29 мектепті кеңейту үшін Бөгенбай батыр көшесіндегі жерлерді сатып алу жүргізілуде.
2024 жылдың маусым айында №161 және №33 мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. ҚМЖ 2025 жылдың тамызында аяқталады.
Медеу ауданында 250 орындық 5 жеке балабақша ашылды. Бұдан басқа Халиуллин көшесі бойынша 200 орындық және «Думан-2» шағын ауданында 320 орындық тағы екі жеке меншік бала бақша салу жоспарлануда.
Осы жылы №2 қалалық мамандандырылған балалар үйіне күрделі жөндеу басталды, аяқталу мерзімі – 2024 жылдың желтоқсанына жоспарланған.
ЖСҚ алғаннан кейін «Алатау» қалалық емханасының ғимаратын және №2 қалалық емхана ғимаратын реконструкциялау жоспарлануда.
Осы жылдың маусым айында №4 жедел жәрдем қосалқы станциясын модернизациялау басталды, аяқталу мерзімі – 2025 жылдың сәуіріне жоспарланған. Сондай-ақ, № 10 жедел жәрдем қосалқы станциясының жаңа ғимаратын салу үшін үш жер учаскесін сатып алу жоспарлануда.
БЕСІНШІ. Медеу ауданында жайлы қалалық орта құру жұмыстары жалғасуда.
Қоғамдық кеңістіктерді дамыту шеңберінде «Терренкурдың» жоғарғы бөлігін жаңғырту бойынша тоғанды абаттандыру, ойын алаңдарын, рекреациялық аймақтарды, йога және спортпен шұғылдануға арналған орындарды құру жұмыстары жүргізілуде. ҚМЖ аяқтау - 2024 жылғы қараша.
«Бутаковка» өзенінің арнасын реконструкциялау және су қорғау белдеуін абаттандыру үшін ЖСҚ әзірленуде. Жоба арнаны қайта жаңғыртуды және нығайтуды, жаяу жүргіншілер жолын, демалыс аймағын жайластыруды, жарықтандыруды және 1 000-нан астам ағаш пен бұта отырғызуды көздейді. ЖСҚ әзірлеуді аяқтау және сараптамадан өту 2024 жылдың соңына дейін жоспарлануда.
Ағымдағы жөндеу аясында 840 млн теңге сомасына аула аумақтарын абаттандыру бойынша 13 жоба және скверлер мен саябақтарды абаттандыру бойынша 4 жоба іске асырылуда. Жұмыстың аяқталуы- 2024 жылдың қазан айы.
Медеу ауданында 34 «Халық қатысатын бюджет» жобасын жүзеге асыруға 2 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 3 аула аумағын абаттандыру және 5 автоматты суару жүйесін орнату жұмыстары аяқталды. 2024 жылдың қазан айының соңына дейін 17 аула аумағын абаттандыру, 2 автоматты суару жүйесін орнатуды аяқтау және 7 саябақ мен спорт алаңдарында жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
Құрметті Медеу ауданының тұрғындары!
Назарларыңызға рахмет, сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.