Лого

Меню

Страницы

Статья

Денсаулық сақтау

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының медициналық мекемелер тізімі

ЕМХАНАЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ АЙМАҒЫ

МӘМС бойынша сұрақ-жауап

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі) аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (МӘМС) 2020 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасатын жеткізушілердің тізімі

 

Алматы – алқымнан алған ауруды қасқая тұрып қарсы алды. Миллиондаған тұрғыны бар мегаполистің жұмыс жүйесі мен басқару тетіктері қайта қаралды.  

Ең алдымен бюджет саясаты қайта құрылды. Барлық мәдени, ойын-сауық, бұқаралық және өндірістік емес шығындар азайтылды. Үнемделген  108,4 миллиард теңге коронавируспен күресуге бағытталды. Осы қаражаттың көмегімен жаңа ауруханалар салынып, дәрі-дәрмектер мен азық-түліктің стратегиялық қорлары құрылды, халықтың әлеуметтік осал топтарына, пандемиямен күресте алдыңғы шепте тұрған медицина қызметкерлеріне материалдық қолдау көрсетілді.

Жедел жәрдем қызметін күшейтуге баса назар аударылды. Заманауи жабдықталған 135 жедел жәрдем көлігі сатып алынды. Осылайша жедел жәрдем автопаркі 100% жаңартылды. Нәтижесінде қала бойынша  орта есеппен бригадалардың келу жылдамдығы 13 минутқа дейін қысқарды.

Инфекциялық төсек-орындар санын арттыруға баса назар аударылды. 2020 жылдың басында бізде 400 төсек-орындық 2 жұқпалы стационар болса, бүгінде 7011 төсек-орындық 23 инфекциялық стационар ашылды.

Қысқа мерзімде 2 модульдік клиника салынды, РВ-90  жұқпалы аурулар ауруханасының, патологоанатомиялық бюро құрылысы аяқталды. Жеке инвестиция есебінен екі клиника жөндеуден өтті.

Барлық инфекциялық ауруханалар 3 эшелонға бөлінді,  нәтижесінде науқастар легін басқару жеңілдеп, емдеу сапасы артты. 

·        Бірінші эшелон – аса ауыр жағдайдағы науқастарды емдеу тәсілдерін жедел шешетін, жоғары деңгейде жабдықталған 9 аурухана.

·        Екінші эшелон – ауыр және орташа дәрежелі науқастарды емдеуге қажетті материалдық-техникалық және кадрлық базасы бар 15 стационар

·        Үшінші эшелон – коронавирустың жеңіл және симптомсыз түріне шалдыққандарды емдеуге арналған 8 карантиндік және провизорлық орталық

Алғашқы медико-санитарлық көмек жұмысы күшейтілді. Медициналық қызметтерді қадамдық қолжетімділікте ұсынудың үш жылдық жоспары аясында пандемияға қарамастан 16 амбулатория пайдалануға берілді.

 

Барлық емханада пациенттерді тұрғылықты жерінде бақылау үшін 298 мобилді топ құрылды.

Дер кезінде медициналық көмек көрсету үшін және үй карантинінде отырғандарды бақылау үшін Телемедицина орталығы мен Науқастарды психологиялық қолдау қызметі құрылды.

Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Аудит негізінде медициналық жабдықтарды жаңғыртудың үш жылдық бағдарламасы әзірленген. 2020 жылы 41,8 млрд теңгеге 11 мың заманауи медициналық жабдық сатып алынды. Ең алдымен

Компьютерлік Томография, Магнитті-резонансты Томография, Өкпенің Жасанды Желдеткіші, рентген, стационарлық және жылжымалы Ультрадыбыстық зерттеу аппараттары, жаңа туған сәбилерге арналған инкубаторлар алынды. Бұл жұмыс қазір де жалғасып жатыр.  

Қалада ауруханаларды орталықтандырылған медициналық газ жүйесімен, сондай ақ оттегімен қамтамасыз ететін бағдарлама іске асырылуда. Бүгінде 1-ші эшелонның стационарларына соңғы үлгідегі жабдықтар орнатылған. 

Жалпы қалалық бақылау бағдарламасы жүзеге асырылуда. Барлық инфекциялық стационарлардағы кәріздік сарқынды суларды залалсыздандыру мақсатында биологиялық қауіпсіздікті бақылау жүйесі жолға қойылды.

Медициналық қалдықтарды қайта өңдеуді бақылау күшейтілді. Әрбір ауруханада мед.қалдықтарды қайта өңдейтін заманауи стансалар салынды.

Дәрі-дәрмекпен қамту жөніндегі Тұрақтандыру Қоры құрылды. Бұған қала бюджетінен 10 млрд теңге бөлінді. Оның 5 млрд теңгесі дәріханаларды дәрілік препараттармен  үздіксіз қамтамасыз етуге, тағы 5 млрд теңгесі емханалар мен ауруханаларды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге жұмсалды. Бүгінде дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдары жеткілікті деңгейде.

 

Жалпықалалық зертханалық желі мен диагностикалау жұмысы орталықтындырылды. Егер ТЖ басталған кезде қала бойынша 1 ПТР-зертхана болса, бүгінде Алматыда тәуліктік қуаты 14,5 мың болатын 25 ПТР(полимеразды тізбекті реакция) және 12 ИФТ(иммундық-ферметтік талдау) зертханасы жұмыс істейді. Олардың  перспективалық қуаты – 25 мың зерттеу.

Қала бойынша КТ(компьютерлік томография) саны 21-ге артты. Қалалық стационарларға ыңғайлы КТ(компьютерлік томография), МРТ(магнитті-резонанстық томография), рентген-түсірілімдерінің бірыңғай банкі құрылды.

Ауыр науқастардың жағдайын бақылау және Covid-19-дан болатын өлім-жітімді азайту мақсатында қаланың барлық 16 реанимациясы орталықтандырылды. Әр науқастың жағдайы жеке қадағаланып, есепке алынып отырды. Құрылған жедел әрекет ету тобы халыққа клиникалық қызмет көрсетіп, кеңес беруді ретке қойды. Нәтижесінде жаз мезгіліндегі індет 5 есеге азайды.

Инфекциялық стационарда жұмыс істейтін 2500-ден астам медициналық қызметкерлерден тұратын кадрлық резерв жасақталды.

Медицина қызметкерлерінің жалақысы 30% артты, 16,7 млрд теңге көлемінде 50 мыңнан астам медицина қызметкеріне өтемақы төленді.

 

Дата публикации
08 августа 2020
Дата обновления
08 августа 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы