
2024 жылғы қаңтар – маусымда экономиканың негізгі алты саласының (өнеркәсіп, сауда, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы) серпінін сипаттайтын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 102,4% – ті құрады.
Өнеркәсіптің нақты көлем индексі 95,1% – ті (969,5 млрд. теңге) құрады. Өңдеу өнеркәсібі машина жасау (25,6% – ке), фармацевтика (15,1% – ке), жеңіл өнеркәсіп (14,4% – ке), сусындар өндірісі (13% – ке), азық-түліктің (12%-ке) төмендеуі есебінен 3,4% – ке (789,4 млрд. теңге) төмендеді.
Құрылыстың өсу қарқыны 104,5% – ке (241,0 млрд. теңге) дейін жеделдеді. 0,8% өсіммен 1 235,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Көппәтерлі тұрғын үйлерді іске қосу 11,7% - ке (1 017,4 мың м2) өсті. Бұл ретте жеке тұрғын үйлерді іске қосу 30,8% - ке (217,9 мың м2) төмендеді.
Ағымдағы жылдың қаңтар - маусым айының қорытындысы бойынша сауда көлемі 1,6% - ке ұлғайды. Бөлшек тауар айналымының өсуі 5,5%, көтерме сауда - 0,1%-ті құрады.
Көлік және қойма қызметтері 19,4% – ке, ақпарат пен байланыс 5,7% – ке өсті.
Негізгі капиталға 15,8% өсіммен 714,8 млрд. теңге инвестиция тартылды. Жеке инвестициялардың өсуі 21,1% – ті (656,4 млрд. тенге) құрады.
2024 жылғы маусымда Алматыда жылдық инфляция ағымдағы жылғы мамырдағы 9,0% – тен 8,4% – ке дейін баяулады. Азық – түлік емес тауарлар бағасының 6,0% – тен 5,6% - ке дейін, азық-түлік тауарлары - 8,3%-тен 7,7%-ке дейін, ақылы қызметтер - 12,3% – тен 11,5% – ке дейін бағаның өсуінің баяулауы байқалады.
Мемлекеттік бюджетке 0,2% өсіммен 2 649,3 млрд. теңге салық және міндетті төлемдер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке 1 684,3 млрд. теңге, жергілікті бюджетке – 965,1 млрд. теңге.