Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының 2024 жылғы қаңтар – мамыр айларындағы әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары

2024 жылғы қаңтар – мамырында экономиканың негізгі алты саласының (өнеркәсіп, сауда, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы) серпінін сипаттайтын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 101,8% – ті құрады.

Өнеркәсіптің нақты көлем индексі 96,3% – ті (833,2 млрд. теңге) құрады. Өңдеу өнеркәсібі автомобиль жасау (16,9% - ке), сусындар өндірісі (15,9% - ке), тамақ өнімдері (12,6% - ке), жеңіл өнеркәсіп (14,1% - ке), фармацевтика (9,1% - ке) төмендеуі есебінен 2,0% - ке (666,9 млрд.теңге) төмендеді

Құрылыстың өсу қарқыны 107,8% – ке (158,8 млрд. теңге) дейін жеделдеді. 8,1% өсіммен 1 041,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, Көппәтерлі тұрғын үйлерді іске қосу 27,1% - ке (837,6 мың м2) ұлғайды Бұл ретте жеке тұрғын үйлерді іске қосу 36,7% - ке (177,1 мың. м2) төмендеді.

Ағымдағы жылдың қаңтар - мамыр айының қорытындысы бойынша сауда 0,1% өсті. Бөлшек тауар айналымының өсуі 5,0% – ті құрады. Бұл ретте көтерме сауда көлемі 1,6% – ке төмендеді.

Көлік және қойма қызметтері 19,0% – ке, байланыс – 5,0% – ке өсті.

Негізгі капиталға 9,8% өсіммен 543,3 млрд. теңге инвестиция тартылды. Жеке инвестициялардың өсуі 15,3% – ті (503,4 млрд. тенге) құрады.

2024 жылғы мамырында Алматыда жылдық инфляция ағымдағы жылғы наурыздағы 9,1% – тен 9,0% – ке дейін баяулады. Азық – түлік емес тауарлар бағасының 6,8% – тен 6,0% - ке дейін баяулауы, азық-түлік тауарлары-8,2% – тен 8,3% – ке дейін, ақылы қызметтер – 11,8% – тен 12,3% – ке дейін бағаның өсуі байқалады.

Мемлекеттік бюджетке 1,4% өсіммен 2 313,3 млрд.теңге салық және міндетті төлемдер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке 1 459,3 млрд. теңге, жергілікті бюджетке – 854,0 млрд. теңге.

Дата публикации
09 августа 2024
Дата обновления
09 августа 2024
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы