Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының 2024 жылғы қаңтар – сәуір айларындағы әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары

2024 жылғы қаңтар – сәуірде экономиканың негізгі алты саласының (өнеркәсіп, сауда, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы) серпінін сипаттайтын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 102,1% – ті құрады.

Өнеркәсіптің нақты көлем индексі 99,4% – ті (687,3 млрд. теңге) құрады. Өңдеу өнеркәсібі машина жасау (18,0% – ке өсті), металлургия өндірісі (16,4% – ке), химия өнеркәсібі (15,6% – ке), жиһаз (22,5% – ке) ұлғаюы есебінен 1,6% – ке (539,0 млрд.теңге) өсті.

Құрылыстың өсу қарқыны 105,7% – ке (118,8 млрд. теңге) дейін жеделдеді. 740,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 11,3% - ке төмен. Төмендеу 2023 жылғы мамырда қабылданған Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына және өткен жылдың 29 желтоқсанында бекітілген Егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес қала құрылысының жаңа талаптарына байланысты.

Ағымдағы жылдың қаңтар - сәуір айының қорытындысы бойынша сауда көлемі өткен жылдың деңгейінде сақталды, НКИ – 100%. Бөлшек тауар айналымының өсуі 6,5% – ке дейін жеделдеді. Бұл ретте көтерме сауда көлемі 2,2% – ке төмендеді.

Көлік және қойма қызметтері 17,5% – ке, ақпарат пен байланыс 4,4% – ке өсті.

Негізгі капиталға 4,8% өсіммен 389,9 млрд. теңге инвестиция тартылды. Жеке инвестициялардың өсуі 5,8% – ті (360,4 млрд. тенге) құрады.

2024 жылғы сәуірде Алматыда жылдық инфляция ағымдағы жылғы наурыздағы 9,7% – тен 9,1% – ке дейін баяулады. Азық – түлік емес тауарлар бағасының 7,7% – тен 6,8% - ке дейін, азық-түлік тауарлары-9,0% – тен 8,2% – ке дейін, ақылы қызметтер - 12,0% – тен 11,8% – ке дейін бағаның өсуінің баяулауы байқалады.

Мемлекеттік бюджетке 2,3% өсіммен 1 792,7 млрд.теңге салық және міндетті төлемдер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке 1 073,0 млрд. теңге, жергілікті бюджетке – 719,7 млрд. теңге.

Дата публикации
09 августа 2024
Дата обновления
09 августа 2024
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы