Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының 2024 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

2024 жылғы қаңтарда экономиканың негізгі алты саласының (өнеркәсіп, сауда, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы) серпінін сипаттайтын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 99,8%-ті құрады.

Тамақ өнімдері мен сусындарды өндіру 15,4% - ке және сусындарды өндіру 43,1% - ке, сондай-ақ дайын металл бұйымдарын өндіру 29,1% - ке төмендеуіне байланысты өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 5,1%-ке (156,2 млрд теңге), өңдеу өнеркәсібі 3,5%-ке (113,7 млрд теңге) азайды.

Құрылыс 0,3% - ке, 7,4 млрд. теңгеге дейін өсті. 157,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 5,4% - ке төмен. Бұл Алматының 2040 жылға дейінгі қабылданған Бас жоспарына және Егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес тығыз құрылысты шектеу бойынша жүргізіліп жатқан саясатқа байланысты.

2023 жылғы қаңтарда көтерме және бөлшек сауданың жоғары өсуі аясында тұрмыстық техниканы, автомобильдерді, сусындар мен тамақ өнімдерін сату бойынша көтерме тауар айналымының қысқаруына байланысты сауда 2,5%-ке төмендеді. Бұл ретте, бөлшек сауданың өсуі ағымдағы жылғы қаңтарда 2,1% деңгейінде жалғасуда.

Көлік қызметі және қоймалау 18,9% – ке, ақпарат пен байланыс 4,6% - ке өсті.

Негізгі капиталға 23,5% өсіммен 81,4 млрд. теңге инвестиция тартылды. Жеке инвестициялардың өсуі 21,5%-ті құрады.

2024 жылғы қаңтарда Алматыда жылдық инфляция 2023 жылғы желтоқсандағы 10,2%-тен 9,9%-ке дейін, азық-түлік емес тауарларға бағаның өсуін 9,0%-тен 8,3%-ке дейін және ақылы қызметтерге 12,1%-тен 11,7%-ке дейін төмендету есебінен баяулады. Азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны 9,3% деңгейінде сақталды.

2024 жылғы қаңтарда мемлекеттік бюджетке 315,1 млрд. теңге салық және міндетті төлемдер (2023 жылғы сәйкес кезеңнен 10,4% - ке төмен), оның ішінде республикалық бюджетке 190,2 млрд. теңге, жергілікті бюджетке - 124,9 млрд. теңге түсті.

Дата публикации
09 августа 2024
Дата обновления
09 августа 2024
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы