
2023 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жоғары өсу қарқыны байқалады.
Экономиканың негізгі алты саласының (өнеркәсіп, сауда, көлік және қоймалау, ақпараттық-коммуникациялық қызметтер, құрылыс, ауыл шаруашылығы) серпінін сипаттайтын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 112,2%-ті құрады.
Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 10,1% өсіммен 2 096,0 млрд. теңгеге дейін көбейді. Өңдеу өнеркәсібі 12,1%-ке немесе 1 817,9 млрд. теңгеге дейін өсті.
Құрылыс 2,4%-ға (605,9 млрд. теңге) өсті. 2 677,1 мың шаршы метр тұрғын үй 39,9% өсіммен пайдалануға берілді.
Бөлшек тауар айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4% – ке өсіп, 6 301,2 млрд. теңгені құрады. Көтерме сауда тауар айналымы 11,9% өсіммен 14 405,6 млрд.теңгені құрады.
Көлік және қоймалау қызметтері 5,7% – ке, ақпарат және байланыс қызметтері 5,1% – ке ұлғайды.
2023 жылдың қорытындысы бойынша қала экономикасына 25,2% өсіммен негізгі капиталға 1 803,2 млрд. теңге инвестиция тартылды. Жеке инвестициялар 34,9% – ке жеделдеді.
Алматыда жылдық инфляция 2022 жылғы 20,1% – тен 2023 жылы 10,2% - ке дейін, азық-түлік емес тауарлар бағасының 18,2% - тен 9,0% - ке дейін және азық-түлік тауарлары бағасының 24,2% - тен 9,3% - ке дейін төмендеді.
Бұл ретте ақылы қызметтердің бағасы 12,1% - ке өсті.
Мемлекеттік бюджетке 33% өсіммен, 5 501,0 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер, оның ішінде республикалық бюджетке – 3 989,7 млрд. теңге, жергілікті бюджетке – 1 511,3 млрд. теңге түсті.
Сыртқы сауда айналымы (ЕАЭО елдерін қоспағанда) 20,3%-ке өсіп, $25 092,8 млн. құрады. Бұл ретте экспорт 16,5% – ке ұлғайып, $ 4 588,9 млн. құрады. Импорт $ 20 503,9 млн. құрап, 21,1% – ке өсті.