Лого

Меню

Страницы

Статья

Қалалық мобильділік басқармасының басшысы С. Телібаевтың баяндамасы

Бірыңғай тарифті

 белгілеу бойынша

тезистер жобасы

 

Құрметті Мейіржан Батырбекұлы!

Құрметті депутаттар!

 

Алматы - еліміздің ең ірі мегаполисі, қаланың маңызды құрамдас бөлігі көлік инфрақұрылымы және қоғамдық көліктің сапасы болып табылады.

Алматыда 23 тасымалдаушы жұмыс істейді, оның ішінде 22 жеке және 1 коммуналдық автобус паркі бар. Күн сайын желіде шамамен 2468 бірлік автобусы жүреді.

Қоғамдық көлікпен күнделікті жол жүру саны күніне 1,5 миллион адамнан асады.

Жолаушылар ағынының өсуімен қала тасымалдаушыларына қойылатын талаптар да артуда.

Мемлекет басшысының қоғамдық көлікті экологияландыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Алматы қаласының әкімдігі 2023 жылы 600 бірлік жаңа газ отынымен жүретін автобус және 100 бірлік троллейбус сатып алды, Ағымдағы жылы қосымша 600 бірлік газ отынымен жүретін автобус, 112 бірлік троллейбус және 100 бірлік электробус сатып алуды жоспарлауда. Сондай-ақ, жеке тасымалдаушылар 2023 жылы 550 бірлік автобус сатып алды, 2024 жылы 400-ге жуық жаңа газ отынымен жүретін автобус пен 15 электробус сатып алуды жоспарлап отыр. Қабылданған шаралар экологиялық көліктің үлесін 2023 жылы 53% - ға және 2024 жылы 70% - ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Автобустарды орташа қолдану мерзімі 3 жыл.

Алматы қаласының әкімдігі мен жеке тасымалдаушылар жылжымалы құрамды үнемі жаңартып отыру үшін қала тұрғындарының талаптарына сай келетін заманауи көлік құралдарына, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған автопаркті сапалы күтіп-ұстауға орасан зор қаражат бөлуге мәжбүр.

Бұл ретте, жыл сайын автобустарға, олардың қосалқы бөлшектеріне және өзге де шұғыл шығыстарға қатысты баға өсуіде. 2023 жылғы тамызда жол жүру тарифі 11 жылда алғаш рет қолма-қол ақшасыз әдіспен төленген кезде 100 теңгеге (+25%) және қолма-қол ақшамен төлеген кезде 200 теңгеге (+33%) дейін көтерілгеніне қарамастан, жол ақысын төлеуден түсетін күнделікті түсімдер тасымалдаушылардың барлық шығындарын жаппайды (автобустарды жөндеу, қосалқы бөлшектерді сатып алу және шығыс материалдарын өтемейді). Қосалқы бөлшектерді уақтылы жөндеу және сатып алу мүмкіндігінің жетіспеушілігі, жолаушылар тасымалының сапасына және бағыттардың жүйелілігіне теріс әсер етеді. Бұл қала тұрғындарын арасында әділ шағымдарды туғызады.

Осыған байланысты, Сіздердің келісіміңіздерге Алматы қаласы мәслихатының «Қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін келісу туралы» шешімінің жобасы енгізіледі. Жоба жол жүру тарифінің құнын 120 теңгеге дейін арттыруды қарастырады.

Қабылданған шаралар күнделікті операциялық шығындардың бір бөлігін уақтылы жабуға, бағыттардағы  жүйелілікті арттыруға, сондай-ақ қала тұрғындарын сапалы, қауіпсіз және жайлы қоғамдық көлік қызметтерімен қамтамасыз етуге оң әсер етеді.

Сіздерден қолдау сұраймын.

Рахмет.

 

Дата публикации
19 июля 2024
Дата обновления
19 июля 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы