
Қайырлы таң, құрметті Әуезов ауданының тұрғындары!
Мен сіздердің барлығыңызды биылғы екінші кездесуімізде көргеніме қуаныштымын. Осы жылдың маусым айында жұмыс сапары барысында Әуезов ауданын аралау кезінде мен проблемалық мәселелермен танысып, сіздердің ауданның әлеуметтік және инфрақұрылымдық объектілерін салу және модернизациялау барысын тексердім. Сіздердің барлық сұрақтарыңыз бен тілектеріңіз, олардың орындалуы менің тұрақты бақылауымда.
Бүгін мен сіздермен бірінші жартыжылдықтағы жұмысымыздың қорытындыларымен және 2024 жылдың соңына дейінгі жоспарлармен бөліскім келеді.
БІРІНШІ. Тұрғындарды сапалы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету әкімдік жұмысындағы басты міндет болып табылады.
Осы айдың соңына дейін жалпы қалалық желілерге қосу жұмыстары аяқталады.
Осыған байланысты, біз түзету енгізу үшін аталған жобаны іске асыруды тоқтаттық, оның аясында Рабат, Виноградная және Дастан көшелерінде су құбыры желілерін салу, сондай-ақ желілер тартылған соң көшелердің бүкіл ені бойынша жол төсемін қалпына келтіру қарастырылатын болады.
Жұмыстар осы жылдың тамыз айында қайта басталады. Құрылысты аяқтау 2025 жылдың соңына дейін жоспарланған (13,7 км, 759 жеке үйді және 3 650 тұрғынды қамту).
8.1. 2024 жылы 36 км электрмен жабдықтау желілері мен 79 трансформаторлық қосалқы станцияларды (23 жаңғырту және 56 ағымдағы жөндеу) және 5 тарату қосалқы станциясын модернизациялау аяқталады.
8.2. Момышұлы, Шаляпин және Рысқұлбеков көшелерінде ұзындығы 7 км жаңа электр желілерінің құрылысы басталды.
2024 жылдың соңына дейін 310 жаңа жарық бағаналарын орнату, 100 ШУНОНЫ жөндеу, 35,5 км ескі кабельдік желілерді және 1700 ескі үлгідегі шамдарды жаңа LED шамдарға ауыстыру жоспарлануда.
10.Сонымен қатар, ауданды сапалы сыртқы жарықтандырумен толық қамту үшін осы жылдың наурыз айында сыртқы жарықтандыру желілерінің 81 учаскесін салуға ЖСҚ әзірлеу басталды, 2024 жылғы тамызда мемлекеттік сараптама қорытындысын алуды (іске асырудың басталуы-2025 жылғы мамыр, аяқталуы-2025 жылғы қазан) жоспарлап отырмыз.
Жоғарыда аталған жұмыстарды іске асыру аудан аумағын 2025 жылдың соңына дейін 100% сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ЕКІНШІ. Сіздердің ауданда жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Егер өткен жылы ауданның ұзындығы 11,4 км болатын 12 көшесінде орташа жөндеу жүргізілсе, биылғы жылы ұзындығы 13,3 км болатын 18 көше орташа жөндеумен қамтылады.
Ағымдағы жөндеу аясында аудан әкімдігі бүгінде 30 мың ш.м. жол төсемін қалпына келтірді, жыл соңына дейін тағы 17 мың ш. м. жол төсемі мен тротуарларды қамтылады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қазан айында 5 жер үсті жаяу жүргіншілер өткеліне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады (жалпы ауданы – 3 500 ш.м., құны - 645 млн. тг.).
ҮШІНШІ. Халықтың өсуін ескере отырып, оқушы орындарының тапшылығын одан әрі төмендету үшін (5 мың) жаңа мектептер мен қосымша нысандар салу бойынша жүйелі жұмыс іске асырылуда.
№9 мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілуде. Нысанның дайындығы 90%, қалған жұмыстарды ескере отырып, осы мектепті осы жылдың тамыз айында пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.
Ескі №72 мектепті бұзып, оның орнына жаңасын салу жоспарлануда, бұл жобалық қуаттылықты 380-ден 1200-ге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда ЖСҚ әзірленуде. 2025 жылдың 2-ші тоқсанында құрылысты бастауды жоспарлап отырмыз. Аяқталу мерзімі-2026 жылдың 1-ші тоқсаны.
№42 мектепке 300 орындық қосымша құрылыс салынуда. Қыркүйек айында мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алып, ҚМЖ-ға конкурс жариялауды жоспарлап отырмыз. Келесі жылдың бірінші тоқсанында құрылысты бастаймыз және 2025 жылдың соңына дейін аяқтаймыз.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қазан айында 10 шағын ауданда 160 орындық жаңа балабақша салуды бастаймыз. Аяқталу мерзімі 2025 жылдың үшінші тоқсаны.
Жыл соңына дейін Таугүл шағын ауданындағы апатты балабақшаның орнына 120 орынды жаңа ғимарат салуды жобалауды аяқтаймыз. Құрылыстың басталуы 2025 жылдың мамырына жоспарланған.
Сонымен қатар, № 52 балабақша ғимаратын (Ақсай-2 ш/а, 51 үй) қайта жаңарту жоспарлануда, мұнда жобалық қуаттылық 195-тен 320 орынға дейін ұлғаяды. Жұмыс 2025 жылдың бірінші тоқсанында басталады.
ТӨРТІНШІ. Қоғамдық кеңістіктер мен аула аумақтарын дамыту жұмыстары жалғасуда.
осы жылы жалпы сомасы 1,6 млрд. теңгеге 23 ауланы күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Сондай-ақ, жалпы сомасы 490 млн.теңгеге 97 аула аумағында ағымдағы жөндеу жұмыстарын іске асыру қолға алынды.
Аулаларды күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары осы жылдың соңына дейін аяқталады.
Осы жылдың ақпан айында Сайран көлінің 47 гектар аумағын жалпы сомасы 12,6 млрд.теңгеге абаттандыру бойынша жобаны іске асыру басталды. Жұмыстар 2024 жылдың соңына дейін аяқталады.
Сондай-ақ, осы жылдың тамыз айынан бастап аудан әкімдігінің бастамасымен қоғамдық кеңістіктерді жайластыру бойынша жобаларды іске асыруды бастау жоспарлануда (Ақсай-4, ш/а. Жетісу-3, ш/а. Мамыр-3,4, ш/а. 7, 12,) жалпы сомасы 4 млрд. теңге.
2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша жалпы құны 2,8 млрд теңге болатын 57 жобаны іске асыру жоспарланған. Жобалар аясында жалпы ұзындығы 1,5 км болатын Қабдолов көшесімен Саин көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейін жаяу жүргінші - серуендеу аймағын салуды жоспарлаудамыз.
Сонымен қатар, 100-ден астам үйді қамтитын 10 қоғамдық кеңістік пен 47 аула аумағы жабдықталады.
Құрметті Әуезов ауданының тұрғындары!
Назарларыңызға рахмет!
Енді Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.