Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің баяндамасы

 

 

Құрметті Мейіржан Батырбекұлы!

Құрметті Алматы қаласы мәслихатының депутаттары және Қоғамдық кеңес мүшелері!

 

Алматы қаласы мәслихатының кезекті XIX
сессиясының ашылуына қош келдіңіздер.

Бүгін ортаға 2023 жылғы Алматы қаласы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту және 2024-2026 жылдарға арналған қала бюджетіне өзгерістер енгізу шығарылады.

Бірлескен жұмыс нәтижесінде өткен жылда жақсы көрсеткішке қол жеткіздік, сол үшін Сіздерге алғыс білдіремін.

 

  1. Бірінші мәселе бойынша 2023 жылы қала экономикасы 10,1 пайызға өсті, бұл соңғы 10 жылдағы өте жақсы көрсеткіш. Өткен жылы өңірлік өнім көлемі 24,8 триллион теңге болды. Республика бойынша Алматының үлесі 20,6% пайызды құрады. Бұл еліміздегі ең жоғары көрсеткіш.

2023 жылда салық түсімдері жергілікті бюджеттегі түсімдер бойынша 88,5% пайызды құрады. Қала бюджетіне 1 триллион 647,4 миллиард теңге түсті. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 17% пайызға жоғары.

2023 жылы 1 триллион 501,5 миллиард теңгеге бюджеттің әлеуметтік бағыты анықталды. Оның ішінде әлеуметтік сала шығыны 38,9% пайызды немесе 580 миллиард теңгені құрады. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 25% пайызға жоғары.

Өткен жылы қала әкімдігі ауыз суға қолжетімділікті 99,3% пайызға арттырды. Сонымен қатар коммуналдық желілердің тозуын төмендетті: су желілерін – 54,3% пайызға, кәріз – 57% пайызға дейін, жылу – 57,9% пайызға дейін. Коммуналдық шаруашылық саласына 18,1% пайыз немесе 269,9 миллиард теңге бөлінді.

Сонымен қатар, қала жолдарының 200 километріне орташа жөндеу жүргізілді, троллейбус желілерінің 83,4 километрі жаңартылды.

Жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына 3 050
пәтер сатып алынды. 3 969 орындық 14 жаңа студенттік жатақхана ашылды.

Жоғарыда аталған және басқа да жұмыстар бойынша басқармалар өткен аптада комиссия отырыстарында есеп берді.

 

Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясы 2023
жылғы Алматы қаласы бюджетінің атқарылуы бойынша оң қорытынды берді.

Сондай-ақ, бюджетті жоспарлау және игерудегі кемшіліктер де ескерілді.

Олардың ішінде – қаражатты игермеу. Басты себептер: конкурсты уақытылы өткізбеу, шарттық міндеттерді бұзу, мемлекеттік сатып алудың орындалмауы, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, сот істері және тағы басқа.

Осы ретте, Алматы қаласын дамыту жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізілмегені айтылды. Себебі жоспарлы көрсеткіштер артты. Осыған байланысты мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір құжаттарына өзгерістер енгізу жоспарлануда.

 

Тексеру комиссиясы және Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының барлық ұсынысы ескерілді. Бюджетті қалыптастыру кезінде бюджет тәртібі және жергілікті атқару сапасын қадағалайтын боламыз.

 

  1. Құрметті депутаттар! Бүгін қарастыруға 112 миллиард теңгеге қала бюджетін нақтылау мәселесі енгізілуде.

Бұл қаражат Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға және Алматы Даму бағдарламасындағы әлеуметтік маңызды жобаларды қаржыландыруға бағытталған

Осылайша, қала әкімдігі әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Бюджетті нақтылау аясында әлеуметтік блокты қаржыландыру 31,6 миллиард теңгеге көбейді. Оның ішінде денсаулық сақтау саласына қосымша 5,4 миллиард теңге қарастырылды.

Аталған қаржының бөлінуі қаламыздың медициналық қызметке қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Мәдениет және спорт саласына 3,1 миллиард теңге бөлінеді. Қала аудандарында жаңа кітапханаларды салу және спорттық инфрақұрылымды дамыту жоспарлануда. Бұл қала тұрғындарының мәдениеті мен дене шынықтыру белсенділігін арттырады.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын қаржыландыру 10,8% пайызға немесе 22 миллиард теңгеге көбейтілді.

Сонымен қатар, «Ақсай» су жинағышын және желілерді уақытылы салуға жергілікті бюджеттен қаржы көбейтілді.

 

Көлік инфрақұрылымын жаңарту үшін қаржыландыруды 5,7%-ға өсіру арқылы 15,1 миллиард теңге қарастырылды.

Жоспарланған жобаларды жүзеге асыру арқылы көлік саласын одан әрі дамыту көзделген. Оның ішінде жақсы және орташа жағдайдағы жолдардың үлесі 86%-дан 92%-ға дейін өсті.

 

Құрметті депутаттар!

Алматы қаласының әкімдігі мәслихат депутаттарына белсенді қолдау көрсеткені және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бірлескен жұмысы үшін алғыс білдіреді.

Қолдауларыңызды сұраймын.

 

 

 

 

Дата публикации
14 июня 2024
Дата обновления
14 июня 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Выборы депутатов маслихата - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы