
Құрметті Мейіржан Батырбекұлы!
Құрметті депутаттар!
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 130 бабына сәйкес қала бюджетінің атқарылуы жөніндегі жылдық есепті қарау және бекіту туралы, Сізге өткен 2023 жылғы қала бюджетінің атқарылуы жөніндегі жұмыстың қорытындыларын баяндауға рұқсат етіңіз.
Бұл есеп Тексеру комиссиясына беріліп, Мәслихаттың тұрақты комиссияларында талқыланды.
Алматы қаласы Қазақстан Республикасы бюджетінің жалпы кірісінің төрттен бір бөлігін қамтамасыз етеді. 2023 жылы мемлекеттік бюджетке 5 трлн. теңгеден астам, оның ішінде республикалық бюджетке шамамен 3,9 трлн. теңге түсті.
Жергілікті бюджетке 2023 жылы 1 трлн. 647,4 млрд.теңге түсті, 25%-ға асыра орындалды.
Жергілікті бюджет түрлері келесідей түсімдермен қалыптастырылады:
- салық түсімдері - 1 трлн. 458,2 млрд.теңге түсті, 27,4%-ға аса атқарылды.
- салықтық емес түсімдер - 28,5 млрд.теңгені құрады. Ең ірі түсім көзі 18,8 млрд. теңге - әкімшілік айыппұлдар;
- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 24,7 млрд. теңгені құрады.
- республикалық бюджеттен трансферттер 125,8 млрд.теңгені құрады.
- бюджеттік кредиттерді өтеу - 2,9 млрд. теңгені құрап, 160%-ға атқарылды.
- мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 107,7% орындалып, 555 млн.теңгені құрады.
Негізінен, шағын және орта бизнестің салық есебінен түсетін кiрiс базасының тұрақты өсiмі қаланың маңызды мәселелерін дер кезiнде шешуге және теңгерiмдi бюджеттi қалыптастыру үшiн азаматтардың барлық қажеттiлiктерiн ескеруге мүмкiндiк бередi.
2023 жылдың қорытындысы бойынша шығыстардың атқарылуы 1 трлн. 518,7 млрд.теңге жоспар кезінде 1 трлн. 491,5 млрд. теңгені немесе 98,2%-ға орындалды.
Бюджеттің орындалмауы 27,2 млрд. теңгені құрады, оның ішінде:
3,1 млрд. теңге – жергілікті атқарушы органы резервінің бөлінбеген қалдығы;
1,4 млрд. теңге – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес 2024 жылы Ұлттық қордан қалаға одан әрі пайдалануға берілді
5,5 млрд. теңге – мемлекеттік сатып алудан экономия;
17,2 млрд. теңге - игерілмеу, оның ішінде: жергілікті бюджет бойынша – 17 млрд. теңге, Ұлттық қор қаражаты есебінен - 70 млн. теңге, республикалық бюджет бойынша - 79 млн. теңге.
Нақты игерілмеу слайдта көрсетілген бюджеттік бағдарламалардың келесі әкімшілерінде ірі сомалар бойынша қалыптасты.
Үнемдеу сомасын ескере отырып, нақты игеру 1 трлн. 501,5 млрд. теңгені немесе 98,9%-ды құрады.
Алматылықтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін 2023 жылы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үлкен жұмыс атқарды, бюджет әлеуметтік бағдарланған күйінде қалуда.
Әлеуметтiк қолдау, бiлiм беру, денсаулық сақтау және халықтың әлеуметтiк осал топтарын қолдау жөнiнде басым шаралар қабылдануда.
Осылайша, әлеуметтік салаға 589,1 млрд. теңге жоспар кезінде, 579,6 млрд.теңге немесе 98,4%, жалпы бюджеттің үлесінен - 38,9 бағытталды. 2022 жылмен салыстырғанда бюджет 118,5 млрд. теңгеге немесе 25% ұлғайды.
Білім беру саласында 420,1 млрд. теңге игерілді, жалпы бюджеттің үлесінен - 28,2%, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 93,7 млрд. теңгеге артық.
Білім беру әлеуметтік саясаттың маңызды басымдығы ретінде әрекет етеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бұл бағытта мектепке дейінгі, орта, техникалық білім беру саласында бірқатар бастамалар мен өзгерістер жүзеге асырылуда. Сапалы білім алу үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау, оқушы орындарының тапшылығын азайту бойынша шаралар қабылдануда, осылайша 22 мектептің құрылысы бойынша «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын іске асыру басталды.
Қала әкімінің тапсырмасы бойынша есепті жылы Алматыда маңызды жобалардың бірі - «Мектеп автобусы» жобасы іске қосылды. 2023 жылдың соңында қалада 30 мектепке қызмет көрсететін 97 автобус жүрді. Тасымалдаумен 8,3 мың оқушы қамтамасыз етілді.
Даму бағдарламасының жол картасын іске асыру шеңберінде цифрландыру қаланы тұрақты дамыту басымдықтарының бірі болып табылады.
Осыған байланысты, екінші жыл қатарынан мемлекеттік орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Қауіпсіздіктің кешенді жүйесі» жобасы іске асырылуда. 2023 жылдың қорытындысы бойынша қаланың 186 балабақшасы мен 194 мектебінде мамандандырылған күзет және бейнебақылау жүйесі жалпы сомасы 5,7 млрд.теңгеге, оның ішінде 2023 жылы 1,6 млрд.теңге көзделген.
Білім беру объектілерін дамыту аясында 1 635 орындық мектептерге 4 қосымша құрылысы және 7 мектептің сейсмикалық күшейтілуі аяқталды.
Сондай-ақ, «Айнабұлақ-4» және «Саялы-2» шағын аудандарда әрқайсысында 160 орындық 2 балабақшаның құрылысы аяқталды.
Бұдан басқа, Алатау және Наурызбай аудандарында мектеп жасындағы балаларға арналған 2 заманауи инновациялық шығармашылық орталығы пайдалануға берілді.
Денсаулық сақтау саласында 32,6 млрд.теңге орындалды.
Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту шеңберінде 2023 жылы қаланың медициналық ұйымдарына 457 бірлік жаңа медициналық жабдық сатып алынды. Медициналық ұйымдарды жабдықтау деңгейі 95% жетті.
Жедел, кәсіби және сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында Алматы қаласының Жедел медициналық көмек станциясына 2 55 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынды.
Дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жалғастыру мақсатында 2023 жылы сирек кездесетін орфандық аурулармен ауыратын 7 671 адамға жергілікті бюджеттен 8,2 млрд. теңге бағытталды.
Сонымен қатар «Кемел», «Мамыр-5» шағын аудандарда ауысымына 200 орындық отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды.
Әлеуметтік қорғау саласында 60,6 млрд. теңге игерілді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 16,2 млрд. теңгеге немесе 36,2% артық.
Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде 17 мың адам оқытумен және жұмыспен қамтылды, 90 мың жұмыс орны құрылды. Осы мақсатқа 14,4 млрд. теңге жұмсалды.
Қала әкімінің бастамасымен 134 мың зейнеткерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтарына тарифтің көтерілуіне байланысты 1,5 млрд.теңге коммуналдық төлемдер өтелді.
Жалпы, өткен жылы 163 мың адам Халықтың әлеуметтік осал топтары ішінен әлеуметтік төлемдердің 20 түрінен көмек алды.
Мәдениет, спорт және туризм саласында 67,4 млрд. теңге жоспар кезінде 66,2 млрд. теңге игерілді.
Жол картасы мақсаттарын іске асыру шеңберінде өткен жылы жастардың дамуы мен өзін-өзі көрсетуі үшін коворкинг аймағы бар 100 мың адамды қамтитын 8 жастар комьюнити-орталығы ашылды.
Туризмді белсенді дамыту қамтамасыз етілді. 2023 жылы қаламызға 2 млн турист келді, оның ішінде шет елдерден 540 мың адам.
Мәдениет саласында шамамен 1,6 млн. адамды қамтитын
182 мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.
Біздің басты міндетіміз - тұрғындардың қаланың мәдени өміріне тартылуын арттыра отырып, Алматының мәдени астана ретіндегі мәртебесін нығайту.
Ол үшін Даму бағдарламасы шеңберінде қолданыстағы мәдениет объектілерін жаңғырту басталды. Қаладағы Мемлекеттік мұрағат пен кітапхана жүйесінің барлық құжаттарын цифрландыру, сондай-ақ 2,4 млрд. теңге сомасына жабдықтармен жаңартылды.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер, қорғаныс және қоғамдық тәртіп саласында 85,2 млрд.теңге жоспар кезінде 83,6 млрд.теңге немесе 98,2% атқарылды.
Жол картасы аясында «Қауіпсіз қала» бағыты бойынша 8 сервистік орталықтар және полиция учаскелерін ашу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Медеу, Түрксіб, Алмалы аудандарында 3 өрт сөндіру бөлімдеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
122 сирена-сөйлеу қондырғысы сатып алынды, бұл сиреналармен қамту аймағының деңгейін 85%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Төтенше жағдай кезінде халық үшiн 225 млн. теңге сомасына 23 000 ақпараттық көрсеткiші әзiрлендi, кейiннен оларды Алматы қаласының көппәтерлi тұрғын үйлерiнiң кiреберiстерiне орналастырды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту, отын-энергетикалық кешен және қала құрылысы қызметін қамтамасыз ету саласына жоспар бойынша 316,5 млрд. теңге кезінде 306,5 млрд.теңге немесе 96,9%, жалпы бюджеттің 20,6% үлесі бағытталды. 2022 жылмен салыстырғанда өсім 106,1 млрд. теңге немесе 53%.
Мемлекет басшысының «Халық қатысатын бюджет» жобасын қаржыландыруды ұлғайту және қалалықтарды тартуды кеңейту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жергілікті бюджетті бөлуде 8 ауданда 12,4 млрд.теңгеге 338 жоба жүзеге асырылды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 68% немесе 7 млрд.теңгеге артық.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметінің сапасын арттыру және қала тұрғындарының орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұруға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы жалпы ұзындығы 161 шақырым желілері болатын 6 нысан аяқталды.
Осылайша, өткен жылы сумен жабдықтау желілерінің тозуы 55,7%-дан 54,3%-ға дейін қысқарды.
Жылу және электрмен жабдықтау объектілерін дамыту шеңберінде 242 шақырым кабельді электрмен жабдықтау желісінің, 32 трансформаторлық подстанцияның және 3 қазандықтың құрылысы аяқталды.
Бұдан басқа, инфрақұрылымдық даму шеңберінде 71 шақырым электрмен жабдықтау желілері, 40,7 шақырым байланыс желiсi, көппәтерлі тұрғын үй мен көппәтерлі тұрғын үй кешені үшін 2 блокты-модульдiк қазандықтар салынды.
2023 жылы тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін халықтың әлеуметтік осал топтары мен жұмыс істейтін жастар үшін 3 050 пәтер сатып алынды, сондай-ақ «Алматы Жастары» бағдарламасы бойынша несиелеу аясында 1 155 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Алматының жаңа Бас жоспарын орындау аясында өткен жылы көлік және инженерлік инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандарды салу бойынша бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 45,6 млрд.теңге болатын 220 жер телімі сатып алынды, олар қала инфрақұрылымы мен жайлы қала ортасының сапасын айтарлықтай арттырады.
Көлік және коммуникация саласында 191,5 млрд.теңге атқарылды. 2022 жылмен салыстырғанда өсім 88,1 млрд.теңгені немесе 85,2%-ды құрады.
Автомобиль жолдарының сапасын жақсарту үшін ұзындығы
200 шақырым жолдарға және ауданы 78 мың шаршы метр жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Халықтың барлық топтары үшiн көлiкке қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету мақсатында 453 млн. жолаушылар тасымалы, оның ішінде 26 млн. метрополитенмен тасымалдау және әлеуметтік маңызы бар ішкі қатынастар бойынша 426 млн. тасымалдау үшін
77,8 млрд.теңге субсидия бөлінді.
Мемлекет басшысының қоғамдық көлікті экологияландыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылы газбен жүретін 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алынды. Осы мақсатқа
60 млрд.теңге жұмсалды. Бұл газ бен электр қуатындағы қоғамдық көліктің үлесін 2022 жылғы 46%-дан 2023 жылы 53%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Ағымдағы жылы бұл үрдіс 69%-ға дейін ұлғаюмен жалғасатын болады.
Жалпы, қала бюджеті бөлінген салалар мен бағыттар бойынша орындалды. 2023 жылға қойылған міндеттер шешілді, бұл барлық мүдделі тараптардың алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі және Алматы қаласының дамуын қамтамасыз етудегі нәтижелі жұмыс істегенін көрсетеді.
Тиімді жоспарлау және игеру бөлігіндегі жұмыс Мемлекет басшысының алматылықтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қойған міндеттерін іске асыруды ескере отырып, жалғастырылатын болады.
Баяндама аяқталды! Назарларыңызға рақмет!