
Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы "Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 2/132 "есептеу аспаптары жоқ Алматы қаласының тұтынушылары үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы"қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Алматы қаласы әкімдігінің қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулы жобасы әкімдіктің заң бөлімімен келісілді.
Қаулының бұл жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді және нормативтік құқықтық актілерге қойылатын талаптарға жауап береді.
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға келесі сілтеме бойынша қатыса алады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15059755