
2022 жылдың 9 айында 176 059 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 88 126 мемлекеттік қызмет – «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, 48 529 мемлекеттік қызмет – Мемлекеттік корпорация арқылы,
39 404 мемлекеттік қызмет – мемлекеттік орган арқылы көрсетілді.
І. Аз қамтылған азаматтарға жәрдемақы төлеу және әлеуметтік көмек көрсету.
Кедейлік шегі тоқсан сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде айқындалады: 2022 жылғы 3 тоқсанға күнкөріс деңгейі 45 612 теңге, кедейлік шегі –31 928 теңгені құрайды.
АӘК шартсыз және шартты ақшалай көмекке жіктеледі.
АӘК төлеуге 4 005,7 млн. теңге бөлінді (РБ – 3 211,9 млн. теңге, ЖБ-793,8 млн. теңге).
1.10.2022 ж. АӘК 4 930 отбасына (23 565 адам) 1 534,9 млн. теңгеге төленді, оның ішінде:
шартсыз ақшалай көмек – 1 472 отбасына (5 494 адам) 611,9 млн. теңгеге, отбасының 1 мүшесіне шаққанда орташа мөлшері 12 181 теңгені құрады;
шартты ақшалай көмек -3 653 отбасына (19 063 адам) 923,1 млн. теңгеге, отбасының 1 мүшесіне шаққанда орташа мөлшері 7 225 теңгені құрады.
АӘК алушылар 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған табиғи қолдауды (балалар тағамы және тұрмыстық химия жиынтығы) қамтитын кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етіледі. 7 949 балаға 764,2 млн.теңге (РБ – 610,6 млн. теңге, МБ – 153,6 млн. теңге) бөлінді. 1.10.2022 ж. жағдай бойынша 4 510 бала қамтамасыз етілді, оларға 100,5 млн. теңгеге 14 412 азық-түлік себеті берілді
1) жан басына шаққандағы орташа табысы 3 АЕК-тен аспайтын азаматтарға жарты жылда бір рет 7 АЕК (22 260 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек:
- зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге;
- арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, зейнеткерлік жасқа жеткен зейнеткерлерге;
- бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінен зардап шегетін 1 топтағы мүгедектерге;
- ҰОС жылдары тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, 22.06.1941-09.05.1945 ж.бастап кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және осы санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын, ҰОС тылындағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға.
7 600 адамға 325,9 млн. теңге бөлінді. 1.10.2022 жылға көмек 299,7 млн.теңгеге 7 945 адамға төленді.
2) біржолғы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа табысы 2 АЕК-тен аспайтын азаматтарға өмірлік қиын жағдай туындаған кезде 20 АЕК (63 600 теңге). 6 870 адамға 420,8 млн.теңге бөлінді. 1.10.2022 жылғы жағдай бойынша 423,9 млн. теңгеге 6 846 адамға көмек көрсетілді.
3) біржолғы әлеуметтік көмек – өрттің немесе табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен, баспанасынан айрылған, бүлінген, елеулі зиян келген отбасына 200 АЕК-ке дейін (636 000 теңге), сондай-ақ отбасы мүшелері қайтыс болған жағдайда әрбір қайтыс болған адамға 50 АЕК (159 000 теңге) мөлшерінде көрсетіледі. Бөлінген қаражат - 38 адамға 23,3 млн. теңге. 1.10.2022 жылғы жағдай бойынша 32 адамға 14,3 млн. теңге төленді.
4) сумен, газбен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен аспайтын төменде көрсетілген азаматтарға бір құрал үшін 3,4 (10 812 теңге) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын көлемде көрсетіледі:
Бөлінген қаражат - 500 адамға 5,2 млн. теңге. Көмек 274 адамға 3,6 млн. теңгеге көрсетілді.
5) ай сайынғы әлеуметтік көмек – 6,5 АЕК (20 670 теңге):
160 адамға 38,2 млн. теңге қарастырылған. 1.10.2022 ж. 13,1 млн. теңгеге 89 адамға төленді.
6) емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған азаматтарға 12 АЕК (38 160 теңге) мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек.
390 адамға 172 млн. теңге қарастырылған. 1.10.2022 ж. әлеуметтік көмекті 115,4 млн. теңгеге 610 адам алды.
7) жеке тұрғын үй иесіне жалпы басынан тұрғын үйге дейін газ құбырын орнату және жүргізу шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен аспайтын келесі санаттағы азаматтарға 100 % шығыны мөлшерінде, бірақ 3 (үш) нүктеден көп емес:
Шығындарды өтеу біржолғы болып есептеледі және қайта көрсетілмейді. 40 адамға 8,4 млн. теңге бөлінді. 1.10.2022 ж. көмек
18 адамға 6 млн. теңгеге көрсетілді.
8) ай сайынғы әлеуметтік көмек орташа жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 1 еселік мөлшерінен аспайтын көп балалы отбасылардан шыққан ЖОО-да өте жақсы оқитын студенттерге (10 мың теңге мөлшерінде) ай сайынғы әлеуметтік көмек төленеді. 5 адамға 500 мың теңге бөлінді.
9) ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ инфекциясы бар балаларға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 есе мөлшерінде (ҚР бойынша – 72 036 теңге) ай сайынғы көмек. Бекітілген бюджет - 50 адамға 43,2 млн. теңге. 1.10.2022 жылға көмек 52 балаға 29,9 млн. теңгеге көрсетілді.
10) ҰОС Жеңіс күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек, 4 725 адамға 522,5 млн. теңге бөлінді.
Аталған көмек көрсетілді:
- ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне – 75 млн. теңге сомасына 75 адам (1 млн. теңгеден);
- ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендерге – 156,5 млн. теңге сомасына 1 565 адам (100 мың теңгеден);
- Ауғанстанда немесе басқа мемлекеттерде соғыс қимылдары жүргізілген кезеңінде қаза тапқандардың отбасыларына – 2,8 млн. теңге сомасына 28 адам (100 мың теңгеден);
- басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне –287,8 млн. теңге сомасына 2 878 адам (100 мың теңгеден);
- еңбек майданына қатысушыларға – 468,6 млн. теңге сомасына 9 371 адам (50 мың теңгеден);
- қайтыс болған ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің әйелдеріне – 455 адам, сомасы 22,7 млн. теңге (50 мың теңгеден).
11) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылған, "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған адамдарға 150 мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған. 430 адамға 64,5 млн. теңге бөлінді.
12) санаторлық-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеуді 33 адам (зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдарды алып жүретін тұлғалар) 3,4 млн. теңгеге алды.
1.10.2022 ж. жағдай бойынша 637 зардап шегушіге 394,5 млн. теңге төленді.
IІ. Мұқтаж азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер медициналық-әлеуметтік мекемелерде және үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы мүгедек адамдарға, оның ішінде мүгедек балаларға, қарттарға және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көрсетіледі.
1.10.2022 жылғы жағдай бойынша 7 935 адамға қызмет көрсетілді (кезектілік - 20 адам, оның ішінде «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы – 12 адам, ҮЕҰ – 8 адам).
Стационар жағдайында 1 433 адамға қызмет көрсетілді, оның ішінде:
– 818 адам - бірінші, екінші топтардағы психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдарға («Демеу» әлеуметтік қызметтер орталығы»);
– 155 адам - 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар бірінші, екінші топтағы («Алатау» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы);
– 120 адам - 3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балалар («Сенім» әлеуметтік қызметтер орталығы);
– 43 адам – «Демеу» ОО жанындағы дербес тұру үйлерінде («РУХ» бейімдеу, оңалту және абилитациялау орталығы ЖМ, «Психоаналитикалық қауымдастық»ҚБ).
«Қамқор» әлеуметтік үйінде 55 адам тұрады.
Жартылай стационар жағдайында 1 440 адамға қызмет көрсетілді:
– 450 мүгедек балаларға, 18 жастан асқан адамдарға («Шапағат» ОАО – 92 адам, Түрксіб, Бостандық, Наурызбай аудандарының бөлімшелерінде – 153 адам, Көпсалалы оңалту орталығында – 56 адам, «Аяла», «Парасат» ОАО – 149адам);
– 825 мүгедек балаларға, 18 жастан асқан тұлғаларға (АРДИ, «Мархабат» ҚҚ, «Мейірім» ЖҚ, «Аман-Ималь» ҚҚ, «Арман Алматы» ҚҚ, «Кеңес» ҚҚ, «Ерзи» мүгедектер қауымдастығы ҚБ, «Paralimpic Sports Association» ҚҚ, «Энштейннің балалары» ҚҚ);
– 165 күндізгі болу бөлімшелерінде қарт адамдарға (қарттарға арналған «балабақша») артериялық гипертензия және жеңіл дәрежедегі когнитивті бұзылулар болған кезде («Жас дәрігерлер қауымдастығы» ҚБ, «Ұлттық медициналық ассоциациясы» ҚБ).
Үй жағдайында қызмет көрсету – 4 030 адамға көрсетілді, оның ішінде:
– 435 мүгедек балаларға, 18 жастан асқан тұлғаларға («Аяла», «Парасат» ОӘБ);
– 640 мүгедек балаларға, 18 жастан асқан тұлғаларға (Басқарманың 6 аудандық бөлімі жанындағы 13 әлеуметтік көмек бөлімшесі);
- 2 955 жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға (аудандық әкімдіктер жанындағы 30 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі).
Уақытша болу жағдайында – 1 032 адам, оның ішінде:
– 689 белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға (180 төсек-орынға есептелген «Пана» әлеуметтік қызметтер орталығы);
– 343 адам - тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына («Жан-Сая» дағдарыс орталығы).
«Ерте араласу» жобасын іске асыру жалғасуда, ол даму патологиясы бар балаларға және туғаннан 3 жасқа дейінгі қатер тобындағы балаларға мүгедектіктің ауыр жағдайы мен әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатында кешенді сипаттағы қызметтер көрсетуге бағытталған. «Кеңес» ИҰ-мен 150 адамға 24 млн. теңге сомасына шарт жасалды. 1.10.2022 жылғы жағдай бойынша 116 бала қызмет алды.
ІІІ. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау.
ЗТМО мәліметтері бойынша мүгедектер саны 55 004 адамды құрайды.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды оңалту шаралары «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңдары, Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары (ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 22.01.2015 жылғы № 26 бұйрығы) шеңберінде жүзеге асырылады.
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер оңалтудың техникалық көмекші құралдарымен (сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен, кресло-арбалармен, протездік-ортопедиялық көмекпен және т.б.), әлеуметтік қызметтермен (санаторий-курорттық сауықтырумен, жеке көмекшінің, «инватаксидің», ымдау тілі маманының қызметтерімен) тегін қамтамасыз етіледі.
2022 жылы 26 083 мүгедек адамды Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы («Инватакси» қызметінен басқа) 6,8 млрд.теңгеге оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету жоспарланған.
1.10.2022 ж. жағдай бойынша «Инватакси» тасымалдау бойынша қызметтер 167,8 млн. теңгеге 46 машинамен ұсынылды, «Оңай» терминалдарына ай сайын қызмет көрсетуге 3,9 млн. теңге жұмсалды.
Міндетті гигиеналық құралдармен 491 млн. теңгеге 4 190 адам, кресло – арбалармен – 21,3 млн.теңгеге 131 адам, жүріп – тұру құралдарымен – 52,8 млн. теңгеге 1 501 адам, сурдотехникалық құралдармен – 124,2 млн. теңгеге 1 475 адам, тифлотехникалық құралдармен-244,4 млн. теңгеге 1 526 адам, протездеу және ортездеу құралдарымен-306,9 млн. теңгеге 2 080 адам қамтамасыз етілді. Кохлеарлық имплантқа сөйлеу процессорын ауыстыру және баптау жөніндегі қызметтер 60 мүгедекке 308,7 млн. теңге сомасына ұсынылды.
Жеке көмекшінің қызметімен 2 285,7 млн. теңгеге 3 250 адам, ымдау тілі маманының қызметімен 139,2 млн. теңгеге 677 адам қамтамасыз етілді. Кеңейтілген тізбеге сәйкес 145 млн.теңгеге 3 818 адам техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз етілді. Санаторлық-курорттық емдеумен 631,3 млн.теңгеге 3 474 адам қамтамасыз етілді.
«Ten Qogam» мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру орталығы» әлеуметтік жобасын іске асыру жалғастырылуда, 56,4 млн. теңге бөлінді, 1 205 мүгедектігі бар тұлғаны қамту жоспарланған. 1.10.2022 ж. жағдай бойынша 1 768 мүгедек адам 18,4 млн. теңгеге Орталық қызметін алды.
Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде есту қабілеті бұзылған мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үшін «TenQogam» екінші орталығы ашылды.
Мүгедектер арбасын жөндеу жобасын іске асыруға жергілікті бюджеттен 14,5 млн. теңге бөлінді. 150 адамды қамтамасыз ету жоспарлануда.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға өз құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беру мақсатында мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылымға қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол нысандарды паспорттауды және бейімдеуді қамтиды.
2022 ж. 230 нысанды паспорттап, 260 нысанды бейімдеу жоспарланған. 1.10.2022 ж. жағдай бойынша 115 нысан паспортталды, 130 нысан бейімделді.
ЗТМО мәліметтері бойынша зейнеткерлер саны-234 148 адам.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының (Орталық) қызметін іске асыруға күнделікті 1056 адамды қамтуға 281,8 млн. теңге бөлінді.
Барлығы Орталықта 31 890 адам тіркелді, қызметтермен 418,8 мың адам қамтылды.
Зейнеткерлерді белсенді және салауатты өмір салтына тарту үшін емдік йога, скандинавиялық жүріс және ЕДШ сабақтары өткізіледі. Барлығы 26 771 адам қамтылды.
Гериатр-дәрігердің, кинезиолог-психологтың, медицина қызметкерлерінің консультацияларымен 10 834 адам қамтылды.
Бос уақытты өткізу іс-шараларымен (шахмат, нарды, домино, сурет салу, кескіндеме және графика, өсімдік шаруашылығы, хендмейд, жадыны нығайту техникасы) 16 582 адам қамтылды.
Сонымен қатар, әлеуметтік-құқықтық, экономикалық кеңестер өткізіліп, 2 682 адам қамтылды. Смартфонды меңгеру және компьютерлік сауаттылық, сондай-ақ латын, ағылшын және қазақ тілдерін оқу курстарымен, 9 083 адам қамтылды.
1 897 адамға қала бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
Санаторлық-курорттық емделуді ұсыну бойынша әлеуметтік көмекке
2 571 зейнеткерге 432 млн. теңге бөлінді. Санаторлық-курорттық емделу қызметін 517 адам 77 млн. теңгеге алды.
Көп балалы отбасылардың саны – 31 806, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар – 5 155 адам.
«Бақытты отбасы» орталықтарының қызметін іске асыруға күн сайын 810 адамның келуіне 192,3 млн.теңге бөлінді.
9 «Бақытты отбасы» орталығы жұмыс істейді. Орталықта 17 013 адам тіркелген, 19 070 адам ақпараттық-консультациялық және ресурстық қолдау алды, 3 064 адам – әдістемелік және заңгерлік көмек алды, 2 613 адам – базалық тренингтер өтті (жеке өсуі, балаларды тәрбиелеу, көшбасшылық, отбасылық құндылықтар бойынша), оқыту курстарынан 2 810 адам өтті (ағылшын тілі, компьютерлік сауаттылық, тігін ісі, бизнесті жоспарлау, киім дизайны, бухгалтерлік курс, маникюр шебері, аспаздық және т. б.).
Алатау ауданының аз қамтылған отбасыларына дәстүрлі қолөнерді дамыту орталығын іске асыруға күн сайын 85 адамға 22,3 млн.теңге бөлінді.
2 906 адам жүгінді, 5 636 адамға ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетілді, 558 адам психолог, 517 адам заңгер, 719 адам әлеуметтік қызметкер қызметтерін алды, 2 153 адам дәстүрлі қолөнер, киім дизайны, визаж және маникюр бойынша курстарда оқиды, 2 856 бала үйірмелерге барды.
8 ауданда «Шыңға өрлеу» 10 әлеуметтік клубын жүзеге асыру жалғасуда (бюджет – 383,7 млн.теңге). Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 1 897 бала оқумен қамтылды, 237 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 177 адам зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдар.
«Тәуелсіз өмір мектебі» жобасы аясында (бюджет – 192 адамды қамтумен 57,4 млн. теңге) 128 мүгедектігі бар адамдар «Ақбастау» шипажайында жеті күндік курстарында оқудан өтті.
«Жарқын өмір», «Жаңа өмір», «Isker isi» жаңа әлеуметтік жобалары бастау алды, олардың мақсаты отбасыларды кешенді қолдау, балалары бар әйелдердің өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ проблемалы қарыз алушыларға консультациялық көмек көрсету болып табылады. Жобалармен 1 072 адам қамтылды.
ҮЕҰ, меценаттар, қайырымдылық жасаушылар мен қорлардың бірыңғай дерекқорын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қайырымдылық көмек көрсету және әлеуметтік жауапкершілік мәселелері бойынша меценаттармен, ҮЕҰ-мен, Халықпен, мемлекеттік органдармен және т.б. өзара іс-қимыл жүзеге асырылады.
1.10.2022 жылғы жағдай бойынша қайырымдылық көмекпен 21 188 адам қамтылды, оның ішінде:
- азық-түлік себеттері – 4 434 адам.;
- киім заттарымен және аяқ киіммен – 881 адам.;
– ыстық түскі ас – 10 026 адам.;
- басқа түрлері – 5 847 адам.
Статистика деректері бойынша 2022 жылдың 2 тоқсанында жұмыс күшінің саны 1 064,1 мың адамды құрады, бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,4 мың адамға артық, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық –1 010,9 мың адам (29,5 мың адамға өсті).
Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 113,2 мың адам (4,8 мың адамға өсті), олардың жұмыспен қамтылған халық санынан үлесі 11,2% - ды құрады.
Жұмыссыздар саны - 53,2 мың адам, жұмыссыздық деңгейі - 5,0%.
2022 жылдың басынан бастап Халықты жұмыспен қамту орталығына
37 708 адам жүгінді, оның ішінде 24 034 адам жұмыссыз ретінде тіркелді.
Ағымдағы жылдан бастап халықты жұмыспен қамту шаралары 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде көрсетіледі.
Ұлттық жобаның бірінші бағыты аясында:
1) уақытша жұмыс орындарына 11 457 адам жіберілді (жоспар бойынша
9 708 адам), оның ішінде:
- әлеуметтік жұмыс орындары - 956 адам (жоспар-980 адам, бюджет 597,1 млн. тг.);
- жастар тәжірибесі – 1 043 адам (жоспар-1098 адам, бюджет 1 176,5млн. теңге);
– қоғамдық жұмыстар – 9 458 адам (жоспар – 7 630 адам, бюджет 6 852,5 млн. теңге);
2) субсидияланатын жұмыс орындарына 421 адам жіберілді (жоспар бойынша 1 416 адам), оның ішінде:
- бірінші жұмыс орны - 310 адам (жоспар-724 адам, бюджет 618,8 млн. теңге);
- ұрпақтар келісімшарты – 53 адам (жоспар-59 адам, бюджет 32,8 млн. теңге);
- күміс жасы - 58 адам (жоспар – 633 адам, бюджет 718 млн. теңге);
3) Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 1003 адам жіберілді (жоспар 1 002 адам), 253,3 млн. теңге бөлінді, онда:
– білім беру ұйымдарында оқыту - 705 адам (жоспар 689 адам), 146,6 млн. теңге бөлінді;
– жұмыс берушінің жұмыс орнында оқыту - 298 адам (жоспар 313 адам), 106,7 млн. теңге бөлінді.
Сонымен қатар, enbek.kz платформасында дағдыларға оқыту жүргізіледі, 1 321 адам өтті.
Екінші бағыт шеңберінде 400 АЕК-ке дейін 950 адамға өтеусіз гранттар беру жоспарланған, 1 208,4 млн.теңге бөлінді. Барлығы 378,5 млн. теңгеге 309 адамға грант берілді.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары 61,4 мың адамды қамтитын ұлттық жобалар шеңберінде азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша қажетті шараларды іске асыруды қарастыратын 2022 жылға арналған жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспарын бекітті (келісуде тұр).
1.10.2022 ж. жұмыспен қамту шараларымен 30 397 адам қамтылды (49,5%) оның ішінде:
- тұрақты жұмысқа орналастырылғандар – 10 555 адам (жоспар-9753 адам);
- Ұлттық жобаларға орналастырылғандар – 2 788 адам (жоспар – 7 562 адам);
- әлеуметтік жұмыс орындары – 956 адам (жоспар – 980 адам);
- жастар тәжірибесі – 1 043 адам (жоспар-1098 адам);
- қоғамдық жұмыстар – 9 458 адам (жоспар-7 630 адам);
- бірінші жұмыс орны – 310 адам (жоспар-724 адам);
- «ұрпақтар келісімшарты» жобасы – 53 адам (жоспар-59 адам);
- «күміс жас» жобасы – 58 адам (жоспар – 633 адам);
- гранттар берілді – 309 адам (жоспар-950 адам);
- қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – 1 003 (жоспар-1002 адам);
- «Бастау Бизнес» оқуына – 3 864 адам (жоспар – 2000 адам).
Жеке жұмыспен қамту агенттігіне 1 944 адам жүгінді, оның ішінде жұмыссыздар 477 адам. Жұмысқа орналасқан азаматтар саны 5 адам.
Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментімен бірлесіп Алматы қаласы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, әлеуметтік көмек және өзге де бейімдеу шаралары бойынша 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. ЛА-155/6, ЛА-155/13, ЛА-155/18 мекемелерінде семинарлар өткізу жоспарланған.
2022 жылы 52 241 жұмыс орнын (оның ішінде 36 126 – тұрақты, 16 115 – уақытша) құру жоспарлануда, оның ішінде ұлттық жобалар шеңберінде – 16 019 жұмыс орны, жеке бастамалар шеңберінде – 2 618 жұмыс орны, ШОБ – 33 604 жұмыс орны.
1.10.2022 ж. жағдай бойынша 46 014 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақты – 31 176 бірлік, уақытша – 14 838 бірлік.
Қызметкерлердің толық емес жұмыспен қамтылуы мен босатылуына байланысты жағдайды бақылау мақсатында қызметкерлер саны 107,3 мың адамнан тұратын 499 кәсіпорынға сауалнама жүргізілді.
Сұралған кәсіпорындарда қабылданғандар саны 19,5 мың адамды құрады, жұмыстан босатылғандар саны 21 мың адам. Штат санының қысқаруы немесе кәсіпорынның таратылуы себебінен босатылғандар саны – 46 кәсіпорында 434 адам.
2017-2025 жылдарға арналған жұмыс күшінің басқарылатын ағыны бойынша жұмыскерлердің саны 250 адамнан асатын қаланың ірі кәсіпорындарымен 206 жол картасы (90%) жасалды, бұл жұмыс орындарын қысқартуға емес, сақтауға мүмкіндік береді.
Осы жылдың басынан бастап Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы 28 бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды және оған қатысты. Жәрмеңке қорытындысы бойынша тұрақты жұмыс орындарына 40 адам, уақытша жұмыс орындарына 32 адам жұмысқа орналастырылды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 8 адам жіберілді.
1.10.2022 ж. жағдай бойынша үшжақты комиссияның 9 отырысы өткізілді, онда қала кәсіпорындарындағы жалақы бойынша берешек мәселелері қаралды.
VII. Көші-қон процестері.
Оралмандар шығатын елдер: Өзбекстан-353 адам, ҚХР-343 адам, Ресей – 68 адам, Қырғызстан-35 адам, Моңғолия-17 адам, Түркіменстан-12 адам, Иран - 5 адам Ауғанстан-3 адам, Тәжікстан – 2 адам, Канада - 1 адам.
2) Шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тарту үшін 2 431 бірлік мөлшерінде квота бөлінді (I санат – 464, II санат – 1106, III санат – 785, IV санат – 76).
1.10.2022 ж. жағдай бойынша 882 рұқсат берілді (I санат-106, II санат-397, III санат – 340, IV санат – 39).
Шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер жергілікті бюджетке 455 млн. теңге салық төледі.
ШЖК шығатын негізгі елдер: Қытай – 31,3%, Түркия – 10,3%, Украина – 6,9%, Ұлыбритания – 2,2%.
3) «босқын» мәртебесі қолданылады - 265 адам.
4) пана іздеген адамның куәлігі берілді және ұзартылды – 230 адам.
VIII. Әлеуметтік қызметтер үйінде мемлекеттік қызметтер көрсету.
Әлеуметтік қызметтер үйінде әлеуметтік әл-ауқат және тұрғын үй саясаты басқармаларының, халықты жұмыспен қамту орталығының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, «Отбасы Банкінің», «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының, «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығының, «Атамекен» ӨКП және әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері орналасқан. «Бір терезе» қағидаты бойынша «Open Space» форматында мемлекеттік қызметтердің 776 түрін алу көзделген.
Жыл басынан бері барлығы 86 995 қызмет көрсетілді, оның ішінде: