Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың баяндамасы

Құрметті Жетісу ауданының тұрғындары!

Сіздерді биылғы бірінші кездесуімізде көргеніме қуаныштымын. Өткен жылдың қыркүйек айындағы соңғы кездесуімізден (07.09.23) бері атқарылған жұмыс туралы және осы жылға белгіленген алдағы жоспарларымыз туралы сіздерге хабарлауға рұқсат етіңіздер.

Бүгінде Жетісу ауданы өнеркәсіп және сауда көлемі бойынша Алматы қаласындағы көшбасшылардың бірі болып табылады (көтерме сауда бойынша Медеу ауданынан кейін 2-ші орын, өнеркәсіп көлемі бойынша Алатау және Түрксіб аудандарынан кейін 3-ші орын).

2023 жылы өнеркәсіп көлемі 25,2%-ке (369,4 млрд. теңгеге дейін) және көтерме сауда 77%-ке (3 694 млрд. теңгеге дейін) өсті. Аудан экономикасына 100 млрд. теңгеге жуық инвестиция салынып, 30,4%-ке өсті.

Бұл Алматы қаласының бюджетіне салық түсімін 33,6%-ке (117,3 млрд. теңгеге дейін) ұлғайтуға және 4 810 жаңа тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

Соңғы 2 жылда Жетісу ауданының бюджеті
7,5 млрд. теңгеден 2024 жылы 20,5 млрд. теңгеге дейін 2,7 есе ұлғайды және негізінен инженерлік, әлеуметтік және жол инфрақұрылымын дамытуға бағытталды.

БІРІНШІ. Біздің Жетісу ауданындағы жұмысымыздың басты бағыттарының бірі оның тұрғындарына сапалы коммуналдық қызметтер көрсету болып табылады.

  1. Сіздердің аудандарыңызда 80 км сумен қамту және 71 км канализация желілерін салу бойынша
    2 жаңа ірі инженерлік жобаны іске асыру жалғасуда (құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы - 2023 жылғы шілде). Бұл жобада Кемел, Айнабұлақ сайы, Серіков, Қазыбаев, Февральская, Омаров және басқа көшелер сияқты
    100-ден астам көше қамтылатын болады.

1.1. Бірінші жобаны «Алматыинжстрой» ЖШС іске асыруда (сумен қамту – 60 км, су бұру – 9 км; сомасы –
1,5 млрд теңге)
және Кемел шағын ауданын толық қамтитын болады. Өткен жылы 5,7 км болатын
3 көшеге (Қазанат, Әлқисса, Ақсуат) магистральдық су құбырлары төселді. 2024 жылы жұмыстар жалғасады және осы жылдың соңына дейін аяқталады.

1.2. Екінші жобаны «НКО» ЖШС іске асыруда (сумен қамту – 19,4 км, су бұру – 62,1 км; сомасы – 7,5 млрд теңге) және
81 көшені қамтиды (Кемел шағын ауданы, Айнабұлақ сайы, Зубарев, Луганский, Самырсын, Гастелло, Железняк, Станиславский және басқа көшелер). Өткен жылы құрылыс-монтаждау жұмыстары 15 көшеде жүргізілді, оның 4-уі толығымен аяқталды. 2024 жылы тағы 35 көшеде (Айнабұлақ сайы, Ермолов, Боралдай және т.б.) жұмыстарды жүргізу жоспарлануда. Аяқталу мерзімі – 2025 жылдың соңы (31 көше – 2025 ж.).

  1. 2023 жылы жалпы ұзындығы 5,1 км магистральдық жылу желілерін реконструкциялау жүргізілді, оның ішінде Құлагер және Айнабұлақ-2 шағын аудандарында («Сапа Құрылыс» ЖШС, жоба сомасы – 5,1 млрд. тг) – 3,8 км (2022ж. – 1,7 км, 2023ж. – 2,1 км, 2024ж. – 2,2 км), Казаков және Бродский көшелерінде («АстанаИнжкомСтрой» ЖШС, жоба сомасы – 1,1 млрд. тг) – 1,1 км (2023ж. – 1,1 км, 2024ж. – 1,2 км), сондай-ақ Колпаковский-Есенов көшелерінде («Жаңарту» ЖШС, жұмыс сомасы – 57,2 млн. тг).

Осы жылы Айнабұлақ-2, 3 шағын ауданында және Бродский көшесінде ұзындығы 3,3 км жылу магистральдарын реконструкциялау жұмыстарын жалғастырамыз. Бұл жоба 2024 жылғы қыркүйек айының соңына дейін толығымен аяқталады.

  1. Өткен жылы Палладин – Павлодар – Боралдай көшелерінің бөлігінде электрмен қамтамасыз ету желілері жаңғыртылды, 21,5 км электр желілері салынды, 6 трансформаторлық подстанция орнатылды (жобаның сомасы – 553 млн.тг., «ABM Building» ЖШС). Нәтижесінде 1000-ға жуық абонент осы жылдың сәуір айының соңына дейін тұрақты электрмен қамтамасыз етіледі.

Кемел шағын ауданында «EC Energy Kazakhstan» мердігер ұйымы электрмен қамтамасыз ету желілерін жаңарту жұмыстарын аяқтап келеді және 2024 жылғы сәуір айының соңына қарай тұрғындар қалалық электр желілеріне қосылады. 43,5 км желі салынды, 12 трансформаторлық подстанция орнатылды, қалған 2 трансформаторлық подстанцияны орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Кемел шағын ауданының тұрғындарын толық қамту үшін қосымша 110 тірек орнатылды, Әлқиса, Октябрьская және Перекрестная көшелерінде 2,3 км кабель желілері салынды (жобаның сомасы – 3,2 млрд. теңге).

«АЖК» АҚ 2023 жылы 2 км электрмен жабдықтаудың әуе желілерін, 17,7 км кабельдік электр желілерін, 10 РП/ТП күрделі жөндеуді аяқтады. Сондай-ақ 50,8 км энергиямен қамтамасыз етудің әуе желілері және 88 РП/ТП ағымдағы жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Өз кезегінде 2024 жылы «АЖК» АҚ инвестициялық бағдарламасы шеңберінде 4,8 км кабельдік электр желілерін реконструкциялау, 14,8 км электрмен қамтамасыз етудің кабельдік желілерін, 8,4 км энергиямен қамтамасыз етудің әуе желілерін, 14 РП/ТП күрделі жөндеу, 60 км әуе электр желілерін және 47 трансформаторлық подстанцияны ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланған.

  1. Сіздердің аудандарыңыздағы өзекті мәселелердің бірі сапалы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету болып қала береді. 2023 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін ауданда
    4 бригада жұмыс істейді, олар 948 шамдар мен 7,7 км кабельдік желілерді ауыстырды. Биыл бұл жұмыстар жалғасуда және 40 жартылай жарықтандырылмаған көшеге жарық орнату жұмыстары жүргізіледі.

ЕКІНШІ. Тұрғындарды толғандыратын мәселелердің бірі – жолдар мен қоғамдық көліктердің жай-күйі жөніндегі мәселелер болып табылады, оған әкімдік ерекше назар аударады.

  1. 2023 жылы Жетісу ауданында ұзындығы
    21,8 км 17 көше жолдарына орташа жөндеу жүргізіліп, 10 көшеге ұзындығы 2,7 км тротуарлар салынды
    (1,5 млрд. теңге сомасына). 2024 жылы ұзындығы 20,6 км болатын 27 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу және 7 көшенің ұзындығы 4,2 км болатын тротуарларын жасау жоспарлануда (3,5 млрд. теңге сомасына).
  2. Сонымен қатар өткен жылы 5000 ш.м. техникалық тротуарлар салумен жалпы ауданы
    30,5 мың ш.м. жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізілді. 2024 жылы ауданы 35 мың ш.м. жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз (сомасы – 500 млн. теңге).
  3. Қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту әкімдіктің күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі болып қала береді.

12 маршрут 51 қосымша автобус бөлумен күшейтілді (164 бірліктен 215 бірлікке дейін) (№ 27, 29, 30, 35, 42, 85, 106, 117, 132, 221, 222, 227, 231).

Сонымен қатар, Жетісу ауданы тұрғындарының жүріп-тұруына ыңғайлы болу үшін 131 автобус тартылған 11 бағыт жаңартылды (№ 9, 58, 75, 89, 97, 136, 213, 232, 233, 235, 240), сондай-ақ маршруттар ұзартылды және өзгертілді.

Сіздердің өтініштеріңіз бойынша өткен жылдың қараша айында «Райымбек батыр» метро станциясынан Алматы облысының Іле ауданында орналасқан «Gate City» тұрғын үй кешеніне дейін жүретін № 89 жаңа қалалық маршрут іске қосылды. Ағымдағы жылдың наурыз айының соңына дейін 3 маршрутта (№ 79, 120, 123) жайлылықты арттыру үшін жылжымалы құрамды 65 жаңа автобус есебінен толық жаңарту жоспарлануда.

ҮШІНШІ. Біздің жұмысымыздың тұрақты назарында әлеуметтік саланың инфрақұрылымын дамыту болып табылады.

  1. Оқушы орындарының тапшылығын (тапшылық
    3 171) одан әрі азайту үшін 2023 жылы Құлагер шағын ауданындағы №148 мектеп-гимназияға 300 орындық қосымша ғимарат салынып, пайдалануға берілді. Бұдан басқа, №80 мектепте сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жүргізілді.

2024 жылы №103 мектепке 200 орындық (аяқталу мерзімі – 2024 жылғы шілде), №112 мектепке 300 орындық (аяқталу мерзімі - 2024 жылғы қараша) қосымша құрылыстарды аяқтау бойынша жұмыстар жалғасуда.

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында
1200 орындық жаңа мектептің құрылысы басталады (Боралдай көшесі, 91) («Qazaq Stroy» ЖШС, учаске алаңы -
2 га) (құрылыстың басталуы – 2024 жылғы сәуір, аяқталуы – 2024 жылғы желтоқсан)
.

  1. Өткен жылдан бастап оқушыларымыздың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалада «Мектеп автобусы» жобасы іске асырылуда. Жетісу ауданы үшін 6 мектептен 1796 оқушыны тасымалдауға 23 мектеп автобусы бөлінді (№80, 87, 103, 112, 177, 193).
    2024 жылдың қыркүйегінде 60 баланы (109 мектеп) тасымалдау үшін тағы 2 мектеп автобусын іске қосу жоспарлануда.
  2. Ауданның мектепке дейінгі ұйымдарында орын тапшылығын азайту үшін Айнабұлақ шағын ауданында 160 орындық балабақша салынды. Ашылуы биылғы жылдың мамыр айына жоспарланған.
  3. Медициналық қызметтердің қадамдық қолжетімділікте алу үшін 2024 жылғы қаңтарда Кемел шағын ауданында күніне 200 келушіге арналған отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылды. Сонымен қатар осы жылдың мамыр айында Жұмысшы кентінде 240 келушіге арналған емхана ашуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда барлық жөндеу жұмыстары аяқталды, емхананың толыққанды жұмыс жасауы үшін барлық қажетті құжаттар ресімделуде.

Сонымен қатар осы жылдың қазан айында Жетісу ауданында «Саяхат» автовокзалының ауданында 200 келушіге және Құлагер шағын ауданында 300 келушіге арналған (ҚМЖ аяқталу мерзімі – осы жылдың мамыр айы, жабдықтарды сатып алу және жеткізу – осы жылдың  қазан айы) 2 емхана ашу жоспарлануда.

  1. Жас ұрпақты қолдау мақсатында биылғы жылдың қаңтар айында ауданда жастарға жұмысқа орналасуға, оқытуға және кәсіптік бағдар беруге көмек көрсетуге бағытталған алғашқы Комьюнити орталық ашылды (Боткин көшесі, 16).

ТӨРТІНШІ. Жайлы қалалық ортаны құру бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.

Жетісу ауданында 2024 жылы қойылған міндеттерді орындауға ықпал ететін бірқатар жобалар іске асырылады.

  1. 2023 жылы күрделі жөндеу аясында Есентай өзенінің бойында екі саябақ және жағалау аймақтарын салу жұмыстары басталды – бұлар Көкжиек шағын ауданында (ауданы - 8 га, «Еңбек» ЖШС, сомасы - 814,5 млн. теңге) және Черновицкая көшесінің бойында орналасады (ауданы - 2 га, «АгроЭнергоСнаб» ЖШС, сомасы – 625,2 млн. теңге).

Осы жобалар шеңберінде скейт алаңдар, футбол және баскетбол алаңдарын, балалар ойын және спорт кешендерін, серуендеу аймақтарын орната отырып, автоматты суару жүйесімен көгалдандыру арқылы жағалаулар мен саябақ аймақтарын жайластыру көзделген.

Екі жобаны осы жылдың маусым айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

  1. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын іске асыру бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.

2023 жылы 40 жоба іске асырылды (сомасы – 1,72 млрд. теңге), атап айтқанда, Серіков, Крыжицкий, Станиславский, Сералин көшелеріндегі аулалар мен балалар алаңдарын абаттандыру, Солтүстік айналма жолы, Жайсан, Бөкейханов көшелеріндегі скверлер мен жаяу жүргіншілер аймақтарын салу, Құлагер, Көкжиек, Көкмайса, Айнабұлақ шағын аудандарында, Жұмысшы кентінде тереңдетілген қоқыс контейнерлерін орнату, Құлагер шағын ауданында скейт және паркур алаңын салу, Кеңсуат, Қартқожа, Әлқиса көшелеріндегі, Райымбек даңғылындағы жаяу жүргіншілер көпірлерін абаттандыру.

Осы бағдарлама аясында жаяу жүргіншілер-серуендеу және саябақ аймақтарын жайластыру, балалар алаңдарын жөндеу, тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу, дыбыс өткізбейтін экрандар орнату және т.б. (шамамен 34 жоба) бойынша жаңа жобаларды жүзеге асыруға 2024 жылы 2 млрд. теңге бөлінді.

Өткен жылы су тасқынын жою үшін 16 көшеде
11,7 км арық желілері салынды. Биылғы жылы ұзындығы 14,8 км болатын 11 көшедегі арық желілері бойынша қалған жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Құрметті Жетісу ауданының тұрғындары!

Назарларыңызға рақмет!

Енді сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.

Дата публикации
28 марта 2024
Дата обновления
28 марта 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы