
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы
26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларына сәйкес, жыл сайын сатып алынатын ауылшаруашылығы өнімін субсидиялау нормативі белгіленеді.
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының
27-бабына сәйкес, Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қазандағы № 4/515 «Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің субсидиялар нормативін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылуға жатады.
Жоғарыда мазмұндалғанға байланысты, «Алматы қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 18 қазандағы № 4/515 «Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің субсидиялар нормативін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Алматы қаласы әкімдігі қаулысының жобасы әзірленді.
Қаулының тиісті жобасы www.legalacts.egov.kz 2024 жылғы 14 наурыздан бастап 2024 жылғы 2 сәуірге дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған, сондай-ақ Алматы қаласының Қоғамдық кеңесіне ұсынымдар алу үшін жолданды.
Аталған жоба Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді және нормативтік құқықтық актілерге қойылатын талаптарға жауап береді.
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға келесі сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14982389 бойынша қатыса алады.